ҚМЖ-ны бірнеше минутта жасаңыз

130 бұйрық талаптарына сай қысқа мерзімді жоспар және сабаққа дайын презентация. Пәнді, сыныпты және тақырыпты таңдасаңыз болды — қалғанын AI Ustaz толтырады.

Ерте қолжетімділік алу

Кез келген пән · 1–11 сынып · қазақша және орысша

Қалай жұмыс істейді

  1. 01

    Тақырыпты көрсетіңіз

    Пәнді, сыныпты, сабақ тақырыбын таңдаңыз. Оқу мақсатын ұзақ мерзімді жоспардан көшіріп қоюға болады.

  2. 02

    ЖИ жоспарды құрастырады

    Сабақ кезеңдері, педагог пен оқушының әрекеттері, дескрипторлар мен ресурстар 130 бұйрықтағы нысан бойынша толтырылады.

  3. 03

    Тексеріп, жүктеп алыңыз

    Жоспарды қарап шығып, қажет жерін түзетесіз де, Word форматында жүктеп аласыз. Сабаққа презентация да бірге жасалады.

130 бұйрықтағы нысан — толығымен.

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары, сабақтың мақсаты, кезеңдер, педагог пен оқушының әрекеттері, бағалау мен ресурстар — барлық бағандар толтырылады. Дескрипторлар әрекет арқылы жазылады, уақыт кезеңдерге бөлінеді.

Ерте қолжетімділік алу

Сабаққа презентация да дайын.

ҚМЖ-мен бірге сабақ кезеңдері бойынша слайдтар жасалады: оқу мақсаттары, тапсырмалар, тест, рефлексия. PowerPoint пен Google Slides-та ашылады, мұғалімге ескертпелер ішінде.

Презентация жасау

Ерте қолжетімділік

Сервис әзірленіп жатыр. Email қалдырыңыз — іске қосылғанда бірінші болып хабар береміз.

Батырманы басу арқылы сіз email-ге сервис туралы хабарлама алуға келісесіз.

Жиі қойылатын сұрақтар

ҚМЖ деген не?

Қысқа мерзімді жоспар (ҚМЖ) — мұғалімнің бір сабаққа арналған жоспары: сабақтың тақырыбы, оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары, сабақтың мақсаты, сабақ кезеңдері, педагог пен оқушының әрекеттері, бағалау және ресурстар.

130 бұйрық деген не?

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы орта білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізуге міндетті құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекітеді, оның ішінде қысқа мерзімді жоспардың нысанын. AI Ustaz жоспарды осы нысан бойынша құрастырады.

Қандай пәндер мен сыныптар болады?

1–11 сыныптардың негізгі пәндері: математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, информатика, биология, физика, тарих, әдебиет, дене шынықтыру, музыка, технология. Балабақша топтары мен колледжге арналған жоспарлар да қосылады.

Жоспар қай тілде жасалады?

Қазақ немесе орыс тілінде — өзіңіз таңдайсыз. Ағылшын тілі сабақтарына жоспарды ағылшынша да жасауға болады.

Ерте қолжетімділік деген не?

Сервис әлі әзірленіп жатыр. Тізімге жазылған мұғалімдер оны бірінші болып сынап көреді, ал біз олардың пікірі бойынша жоспар үлгілерін жетілдіреміз.