Математика 1-сынып

 

1.Сабақтың тақырыбы: Заттарды санау.(3 бет)

Сабақтың мақсаты: Математика оқулығымен таныстыру.Заттар туралы түсінік беру. Заттарды санауға үйрету. Ұқыптылққа бейімдеу.Ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі заттар, ойыншықтар,суреттер.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, көрсету.

Сабақтың мазмұны.

І Ұйымдастыру: түгендеу, зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:  1.Математика оқулығымен таныстыру. 2.Заттар туралы мағлұмат беру.

Заттарды санау: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

Кері санау: 10, 9, 8 ,7 ,6 ,5 ,4 ,3, 2, 1. Сурет бойынша әңгіме құрау.

Сандарды тиісті ретпен орналастыру.  2, 4 5, 6, 8, 7, 1, 9, 10

Ү.Сабақты қорытындалау:  Біз бүгінгі сабақта не істеп үйрендікНені санадық?

ҮІ. Бекіту.  ҮІІ. Үйге тапсырма  ҮІІІ. Бағалау

 

  1. Сабақтың тақырыбы: Заттарды әр түрлі белгілері бойынша салыстыру.(4 бет)

Мақсаты: а)  Заттарды әртүрлі белгілеріне қарай салыстыру  арқылы, олардың түстерінің, пішіндерінің бірдей  немесе әртүрлі болатынын анықтай білуге  үйрету.  ә) заттарды салыстыру арқылы балалардың логикалық  ойлау қабілетін дамыту.

Б) Балаларды ұқыптылыққа, реттілікке тәрбилеу

Көрнекілігі: Суреттер.

Әдісі: көрсету, салыстыру, түсіндіру.

                                                           Сабақтың  мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушының назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Үйдегі кісілерді санау.

ІІІ. Өткенді қайталау, жаңғырту.

Заттарды санату.Көрнекіліктер бойынша.Қанша?Неше?Нешінші? деген сұрақтарға жауап беру, мысалдар келтіру.

ІҮ. Жаңа сабақ. — Бүгінгі өтетін сабақтың тақырыбы. Заттарды салыстыру.

Оқулықпен жұмыс: Заттарды әртүрлі белгілеріне салыстыру.суретте неше доп бар?

Суретте неше шаршы, неше шар бар?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Салыстыру

  1. Сурет бойынша әңгіме құрастыр.Сана. Жасыл жолақтағы тапсырманы орындау
  2. Сергіту сәті

Ү. Жаңа білімді бекіту.

Әртүрлі заттарды салыстыра отырып, ерешеліктерін анықтау.

Балапандарды санау,суреттер бойынша әртүрлі сұраққа жауап беру.

ҮІ. Сабақты қортындылау: Өтілген тақырып бойынша тапсырма беру..

ҮІІ.Үйге тапсырма. ҮІІІ. Бағалау.

 

3.Сабақтың тақырыбы:  Заттарды салыстыру (5 бет)

Мақсаты: Заттарды салыстыра отырып, ұзын-қысқа,  биік- аласа, қалың жұқа, сөздерінің мән-мағынасын түсіндіру. Адамгершілік тәрбие беру. Танымдылық қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: Суреттер.

Әдісі: көрсету, салыстыру, түсіндіру.                  

                                                           Сабақтың  мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушының назарын сабаққа аудару.

ІІ. Өткенді қайталау, жаңғырту. а) Заттарды әр түрлі белгілеріне қарай салыстыру.ә) Дөңгелек, үшбұрыш, шаршы терминдерін енгізу.  б) Түстері, пішінін салыстыру.

ІІІ. Жаңа сабақ

а )Сымның жіптің қиындыларын, қағаз жолақтарды салыстыру. ә)  Кітап пен дәптер қалыңдығын салыстыру. Екі оқушыны қатап тұрғызып, биік- аласа, сөзінің мән-мағынасын түсіндіру.  Қарама-қарсы сөз тіркесін ажыратып, тани білу. Ұзын-қысқа. Қалың- жұқа т.б  Биік-аласа

ІҮ Оқулықпен жұмыс: 1-сурет. Ұзын-қысқа, бірдей. 2-сурет. Биік-аласа

3- сурет. Қарама-қарсы мағыналы сөздерді пайдалануға үйрету.

Сергіту сәті.

Бір, екі ,үш төрт те бес,     Алты, жеті  сегіз, тоғыз, он

Қайта сана көп те емес,     Өлше , есепте санап жөн.

ІҮ. жаңа білімді бекіту.

Дидактикалық ойын арқылы сөз тіркестерін қолдану.

Қысқа-…                    аласа-…                      жұқа-…

Ұзын-…                      биік-…                                   қалың—…

   
 
 

Ү. Дәптермен жұмыс

5-6 тапсырма.            —         —

 

ІҮ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз заттарды салыстырдық

 

  1. (6 бет) Сабақ тақырыбы: Ұзындықты өлшеу

Сабақ мақсаты:    а) заттың ұзындығын өлшеудің әр түрлі тәсілдерімен   таныстыру.

ә) Оқушылардың өлшеу, байқау қабілеттерін арттыру.  б) Дұрыс тыңдауға, тапсырманы ұқыпты орындауға  баулу.

Көрнекіліктер: жолақшалар, сызғыш, қарындаштар

Сабақ әдісі: көрнекіліктер, түсіндіру, практикалық

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды жаңа математика сабағына даярлау. Қажетті құрал-жабдықтарды түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

-Үйге берілген тапсырманы тексеру; 10-ға дейін өсу және кему ретімен санап келу.

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық

А) Ұзындықты өлшеудің қажеттілігі заттың ұзындығын салыстырудан туындайтынын түсіндіру. ә) Нақты заттарды алып көз мөлшерімен өлшеу.

Сергіту сәті

ІҮ. Мақсат қою

Ү. Жаңа сабақ Оқулықпен жұмыс А) жоғарғы суреттегі заттардың ұзындықтары беттесу арқылы салыстырылады. Нәтижесін оқушыға айтқызу. Б) сызғыштың ұзындығы көзмөлшермен салыстырылады. В) жасыл қоршаудағы ағаштардың суреті бойынша уақыт өлшенеді.(түске дейін, шаңқай түс, түстен кейін)

ҮІ. Қорытынды Сұрақтар қойып жауап алу. ҮІІ. Үйге тапсырма ҮІІІ. Бағалау

 

5.Сабақтың тақырыбыЗаттар топтарын салыстыру   (7 бет)

Сабақтың мақсаты:          1. Заттар топтарын әр түрлі тәсілмен салыстыру.

  1. Ұқыптылыққа баулу. 3. Сәйкес нәтижені білдіретін сөздерді енгізу мән- мағынасын түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер

Оқыту әдісі: Түсіндіру. Сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Оқушыларды түгендеу. Зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Білімді бекіту. 1. Салыстыру (беттестіріп.) 2. Бөліктермен(неше бөліктен тұратынын анықтау) 3. Сызғыштың көмегімен анықтау.

ІІІ. Мақсат қою: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ:  а) Артық, кем, сонша ұғымын түсіндіру.

Ү. Жаңа білімді бекіту. а) Шахмат тастары.  Ағы қанша болса, қарасы сонша.(5)

ә) Волейбол ойнап жүрген балалардың ұлы қанша болса, қызы сонша. б) 0-4—5 1-уі кем,немесе 1-уі артық  Ұшақ-(5 )  қанша болса,асық сонша.(5)

Тікұшақ қанша болса, машина сонша.(4)  Дәптермен жұмыс:

Сабақты қортындылау:

Бүгін біз қандай математикалық ұғыммен таныстық?

 

  1. Сабақтың тақырыбыЗаттардың орнын анықтау.8 бет

Сабақтың мақсаты: 1. Заттардың кеңістікте орналасу қалпын анықтау туралы түсінік беру. 2. Оқушыларды ұқыптылыққа баулу. 3. Танымдылық қабілетін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі суреттер

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту: а) Сыныптағы орналасқан заттарды кеңістікте орналасуына қарай анықтау. ә) Оқушыны алды –артында және онымен қатар отырған оқушылардың есімін атату.

б) Оқулықпен жұмыс: 1. Сурет бойынша жұмыс (жоғарыда- төменде, оң жақта-сол жақта орналасқан заттарды анықтау.) 2. Көшеде, мектеп ішінде жүру тәртібін білу. 3. Үстел үстінде, астында орналасқан заттарды анықтау. б) Оқушыларды бір-бірінің алдына, артына, оң жағына , сол жағына тұрғызу.

в) Дәптермен жұмыс.

Ү. Білімді бекіту:  г) Орналасу кеңістігін анықтау. Оқушы туралы өлең жаттау

Күннің нұры шуақты,       Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,       Оқушымын мен енді

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Біз сендермен заттың кеңістікте орналасуын анықтадық, қолдану тәртібін білдік.

 

  1. Сабақтың тақырыбыУақыт туралы түсінік беру. 9 бет

Сабақтың мақсаты: 1. Уақыт аралығы жайында түсіндіру .2. Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа             баулу. Адамгершілік тәрбие беру. 3. Сана сезімін оята отырып, ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі суреттер

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру.

  1. Жоғарыда- төменде, оң жақта-сол жақта орналасқан заттарды анықтау. 2. Көшеде, мектеп ішінде жүру тәртібін білу. 3. Үстел үстінде, астында орналасқан заттарды анықтау.

ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа білімді меңгерту: а) Сурет бойынша әңгіме құрату.

Мен таңертең төсектен тұрамын. Төсегімді жинаймын.Содан кейін беті-қолымды жуамын.Ертеңгі асымды ішемін.Содан соң мектепке барамын. Сабақтан келген соң түскі тамағымды ішемін. Түстен кейін алдымен мамама үй жинауға көмектесемін.Біраздан соң сабағыма дайындаламын.Кешке қарай біраз ойнаймын. Кешкі тамағымды ішіп, жуынып, ұйықтаймын.

ә) Адамдардың күндізгі, түнгі  жұмыс істеу уақыты туралы түсінік беру.

Ү. Білімді бекіту

а)-Көктемде тұқым себуге дайыдайтынын бәріміз білеміз. Күн жылына бастаған кезде қарбыз тұқымын септік.(әрі қарай оқушылар жалғастырады). 1.Себілген тұқым өнеді. 2. Содан кейін көгере бастайды. 3. Содан кейін гүлдеп түйін тастайды. 4. Одан кейін біртіндеп үлкейеді, жазда толысады. 5. Күзде піседі, жетіліп піскен қарбыз жиналады.

ә) 3 сурет.                             Құлпынай көктеп жапырағы қаулаған сәт.

Құлпынай гүл шашты. Құлпынай түйін салды.

б) Дәптермен жұмыс.

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз сендермен уақыт аралығы жайлы мағлұмат алдық.

 

 

Математика 1 сынып

              Барлығы – 132 сағат, аптасына – 4 сағат

                        \ 1 апта қосымша демалыс\

Р\с Сабақ тақырыбы Сағат саны Өтілетін мерзімі
1 — тоқсан
1 Заттарды санау 1
2 Заттарды әр түрлі белгілері бойынша салыстыру 1
3 Заттарды салыстыру 1
4 Ұзындықты өлшеу 1
5 Заттар топтарын салыстыру 1
6 Заттардың кеңістікте орналасуы 1
7 Уақыт туралы түсінік 1
8 Реттік санау. Нешінші? 1
9 Біріктіру және бөліп алу 1
10 Сызықтар 1
11 Нүкте. Сәуле. Бұрыш. 1
12 Кесінді және оны сызу 1
13 Кесіндінің ұзындығын өлшеу 1
14 Бөліктерге бөлу және құрастыру 1
15 Қайталау 1
16 Оқушының білім деңгейін анықтау 1
17 1 саны және цифры 1
18 2 саны және цифры 1
19 Қосу. Азайту 1
20 2 санының құрамы. = > < 1
21 0 cаны және цифры 1
22 3 саны және цифры 1
23 3 санының құрамы 1
24 Өрнек. Қосынды. Айырма 1
25 Қосылғыштар. Азайғыш, азайтқыш 1
26 Қосудың ауыстырымдылық қасиеті 1
27 Қосу мен азайту — өзара кері амалдар 1
28 Қанша артық? Қанша кем? 1
29 4 саны  және цифры 1
30 4 санының құрамы 1
31 5 саны және цифры 1
32 5 санының құрамы 1

 

 

 

33 Оқушының білім деңгейін анықтау 2
34 Қайталау 1
2 — тоқсан
1 6 саны және цифры 1
2 6 санының құрамы 1
3 7 саны және цифры 1
4 7 санының құрамы 1
5 Салыстыру 1
6 Өрнектерді салыстыру 1
7 8 саны және цифры 1
8 8 санының құрамы 1
9 9 саны және цифры 1
10 9 санының құрамы 1
11 10 саны. Дециметр 1
12 10 санының құрамы 1
13 Бір таңбалы және екі таңбалы сандар 1
14 Кесінділер ұзындықтарының қосындысы және айырмасы 1
15 Қайталау 1
16 Оқушының білім деңгейін анықтау 1
17 1 санын қосу және азайту 1
18 2 санын қосу және азайту 1
19 2 санын қосу кестесі 1
20 Есеп (қосындыны табу) 1
21 Есеп (қалдықты табу, тура, тура емес теңсіздік) 1
22 Есеп (талдау, шығару) 1
23 Есеп (талдау, шығару) 1
24 Есеп (салыстыру) 1
25 Қайталау 1
26 Қайталау 1
27 Қайталау 1
28 Оқушының білім деңгейін анықтау 1
29 Қайталау 1
30 Қайталау 1

 

 

 

 

3 — тоқсан
1 3 санын қосу және азайту 1
2 3 санын қосу кестесі 1
3 Есеп (сонша  ұғымы) 1
4 Есеп ( сонша ұғымы) 1
5 Қанша артық? 1
6 Қанша кем? 1
7 Қайталау 1
8 Есеп 1
9 4 санын қосу және азайту 1
10 4 санын қосу кестесі 1
11 Кері есептер 2
12 Қайталау 2
13 Қанша артық? 1
14 Қанша кем? 1
15 Қанша қымбат? 1
16 Қанша арзан? 1
17 5 санын қосу және азайту 1
18 6 санын қосу және азайту 1
19 Есеп 2
20 Есеп 2
21 7 санын қосу және азайту 1
22 8 санын қосу және азайту 1
23 Қайталау 2
24 Өзара кері есептер 1
25 Өзара кері есептер 1
26 9 санын қосу және азайту 1
27 10 санын  азайту 1
28 Санды өрнек және әріпті өрнек 1
29 Әріпті қосынды және оның мәнін табу 1
30 Әріпті айырма және оның мәнін табу 2
31 Оқушының білім деңгейін анықтау 1
32 Қайталау 1

 

4 — тоқсан
1 Өрнектер.  а+2, а-2 1
2 Өрнектер.  а+3, а-3 1
3 Өрнектер.  а+4, а-4 1
4 Өрнектер.  а+5, а-5 1
5 Өрнектер.  а+6, а-6 1
6 Өрнектер.  а+7, а-7 1
7 Өрнектер.  а+8, а-8, а+1, а-1 1
8 Өрнектер.  а+9, а-9, а+0, а-0 1
9 Теңдеу 1
10 Қарапайым теңдеу құру және оны шешу 1
11 Ондық. Натурал сандар 1
12 Ондықтармен санау 1
13 Ондықтарды салыстыру 1
14 Ұзындықты өлшеу 1
15 Ондықтарды қосу және азайту 1
16 Фигура құрастыру және бөліктерге бөлу 1
17 Геометриялық фигураларды кескіндеу 1
18 Геометриялық фигуралардың қиылысуы 1
19 Математикалық тапсырмалар 1
20 Қайталау 1
21 Оқушының білім деңгейін анықтау 1
Біз нені үйрендік?
22 Санау, сандарды салыстыру 1
23 Ұзындықты өлшеу және салыстыру 1
24 Фигураларды бір-бірінен ажырату, кесінділерді сызу 1
25 Кестелік қосу мен азайту 1
26 Оқушының білім деңгейін анықтау 1
27 Ондықтарды қосу және азайту 1
28 Өрнектер, теңдіктер, теңсіздіктер 1
29 Теңдеу шешу 1
30 Есеп шығару 1
31 Қайталау 1

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here