№ 1 сабақ

 

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ s

 

Тақырыбы:
• Кіріспе. Компьютердің негізі және ақпаратты қолдану.
Күтілетін нәтиже:
  Жаңа білім 7-сынып пәнінің бөлімдерін еске түсіреді. 8-сыныптағы «Информатика» пәнінің тақырыптарын таниды.
  Жаңа түсінік Пән бөлімдеріне қарап 8-сыныптағы пән тақырыптары 7-сынып тақырыптарының жалғасы екенін түсінеді.
  Қолданым әрекеті Пән бөлімдерінің арасындағы байланысты анықтайды.
  Талдау әрекеті 8-сынып тақырыптарын тарауларға бөліп салыстырады.
  Шығармашылық әрекет 8-сынып оқулығымен жұмыс жасай отырып, нені танып білетінін жоспарлайды.
  Бағамдау әрекеті 8-сыныптағы «Информатика» пәнінен үйренетін ақпараттың маңыздылығын ерекшелейді.
Сабақ құрылымы:
  І.   Ақпарат алмасу (12 мин.).ІІ.  Алғашқы бекіту (5 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V.  Бағамдау-бағалау (3 мин.).

Оқыту әдісі:
  • Репродуктивті, ішінара-зерттеушілік.
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
  • Қажетті бастапқы ақпарат береді, алдын ала әзерленген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады, көмек көрсетеді.
Сабақ типі:
  • Белсенді-ізденушілік, шағын топтарда жұмыс істеу.
Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру:
  • Күтілетін нәтижеге қол жеткізу мақсатында ұсынылған алгоритм бойынша жұмыс жасау.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
  • Логикалық ойлау, ой қорту, өздігінен және топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
  • Логика, ақпарат, информатика, алгоритм, программалау.
Ақпарат көздері:
  • Е. В. Шевчук, Н. С. Кольева. Информатика 8, Алматы: Мектеп, 2012.
Сабақты бағалау:
  • Оқушының бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады.
Үй тапсырмасы:
  8-сыныпты өтілітін тақырыптардан нені күтесіз? Өтілетін тақырыптардың күнделікті өмірдегі пайдасын жазыңыз.

 

САБАҚ БЛОКТАРЫ s

 

і. аҚПАРАТ алмасу

 

Тақырып жоспары:

  1. 7-сынып тақырыптарын жалпы шолу.
  2. «Информатика» пәнінен үйренетін ақпарат.
  3. «Информатика» пәнінің мақсат-міндеттері.

Слайдтар:

1-слайд                7-сынып тақырыптарын жалпы шолу1.    Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілі.

•      Сандық, мәтіндік және графикалық ақпаратты кодтау, кодтан шығару.

2.     Компьютер

•      Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі, жады, операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары.

3.     Алгоритмдеу және программалау

•      Программалау – алгоритмді формалді жазу тәсілі, алфавит, программалау тілінің синтаксисі

•      Айнымалылар типтері, арифметикалық өрнектерді жазу ережесі, сызықтық алгоритмдерді программалау, енгізу және шығару операторлары, меншіктеу операторы.

 

2-слайд           7-сынып тақырыптарын жалпы шолу1.    Ақпараттық модельдеу

•  модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу.

2.     Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

•  компьютерлік графика түрлері.

•  векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары, графикалық файлдардың пішімі

•  векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі; фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау, мәтін, мәтіндік блоктар құру

•  растрлық графика, растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі, растрлық бейнелердің параметрлері, растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері, түстер, салу құралдары, аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс, қабаттар, мәтінмен жұмыс

 

3-слайд     8-сынып «Информатика» пәнінің негізгі бөлімдері

«Информатика» пәнінің негізгі бөлімдері
Логиканың негіздері және компьютер құрылымы 
Ақпаратты қолдану тәсілдері. MS Excel бағдарламасы. 
Телекоммуникация 
Күрделі алгоритмдер және программалау 

 

 

 

 

 

 

 

4-слайд                  8-сынып «Информатика» пәнінің мақсаты1.    Логика негіздерін сипаттау.

2.    Екілік арифметиканы қолдана білу.

3.    Компьютер құрылымымен танысу.

4.    Күрделі алгоритмдерді үйрету және оларды қалай программалау керек екендігін көрсету.

5.    Компьютерде модельдерді зерттеу.

6.    MS Excel бағдарламасын толық меңгеру.

7.    Желі ұғымын анықтау және интернеттің жұмыс істеу принципін түсіну.

 

іі. алғашқы бекіту

 

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

7-сынып «Информатика» пәнінің жалпы мазмұны 8-сынып «Информатика» пәнінің өтілетін тақырыптары 8-сынып «Информатика» пәнінің мақсаты
 

 

 

 

Қорытынды:___________________________________________________________

 

ііі. құзырлылық қалыптастыру

 

 Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Информатика ғылымы нені зерттейді?
  2. Информатика пәнінің басқа қандай пәндермен тығыз байланысы бар?
  3. 7-сыныпта өткен «Информатика» пәнінің мақсатын жазыңыз?
  4. Ақпарат сөзін қалай түсінесіз?
  5. Ақпараттық процесс дегеніміз не?
  6. 7-сынып «Информатика» пәнін өту кезінде компьютердің қай бағдарламаларын қолдандыңыз?
  7. 7-сынып пен 8-сынып тақырыптарының арасындағы байланысты анықтаңыз.

 

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Логика және компьютер сөздерінің арасындағы байланысты түсіндір.
  2. Алгоритм дегеніміз не және оның программалауға қандай қатысы бар?

 

ІІІ деңгей тапсырмалары

7-сынып «Информатика» пәнінің қай бөлімі 8-сынып Информатикасына сәйкес келеді? Бұл бөлім 8-сыныпта қалай қарастырылады?

іV. шығармашылық әрекет

 Топтық жұмыс.

7-сыныпта өткен тақырыптарды әрі қарай қалай дамытар едіңіз?

1-топ – Жоғарыдағы сұраққа жауап ретінде шағын баяндама жазыңыз.

2-топ – Жоғарыдағы сұраққа жауап ретінде шағын баяндама жазыңыз.

 

V. бағамдау-бағалау

 

 Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

 

 

 

№2 сабақ

 

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ s

 

Тақырыбы:
Сандардың тарихы және санау жүйелері
Мақсат:
Жаңа білім Сандардың шығу тарихын еске түсіреді. Сан және цифр ұғымын сипаттайды. Санау жүйелерін және санау жүйелерінің түрлерін анықтайды.
Жаңа түсінік Позициялық және позициялық емес санау жүйелерін айырып таниды. Оларға жататын санау жүйелерін анықтайды.
Қолданым әрекеті Санау жүйелерінің жазылу ережелерін пайдаланады. Әр жүйедегі сандардың жазылу ерекшеліктерін көрсетеді.
Талдау әрекеті Позициялық санау жүйесіне жататын екілік, сегіздік, ондық, он алтылық санау жүйелерінің байланысын анықтайды.
Шығармашылық әрекет Жаңа санау жүйесін ойлап табады. Сол жүйенің ерекшеліктерін түсіндіреді.
Бағамдау әрекеті Әрбір санау жүйесінің ерекшеліктерін салыстыра отырып, олардың маңыздылығын түйіндейді.
Сабақ құрылымы:
  І.   Ақпарат алмасу (5 мин.).ІІ.  Алғашқы бекіту (10 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V.  Бағамдау-бағалау (5 мин.).

Сабақ типі:
  • фронтальді, топтық.
Оқыту әдісі:
  • репродуктивті, ішінара ізденушілік.
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
   • Оқушыларға бағыт-бағдар, қажет болған жағдайда көмек береді. Өз ойларын дамытуға көмектеседі.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
  • Санау жүйесі, позициялық, позициялық емес, негіз, цифрлар алфавиті, бірлік жүйе, иероглиф.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
  • Тақырып бойынша әртүрлі танымдық сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу
Ақпарат көздері:
          1. Е. В. Шевчук, Н. С. Кольева. Информатика 8, Алматы: Мектеп, 2012.2. О.Ефимова, В.Морозова, Н.Угринович «Курс компьютерной технологии»

учебное пособие для старших классов.-М.: ООО «Издательство АСТ», 2000.

3. Е. Арын, Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану, Павлодар:

ҒӨФ «ЭКО», 2006.

4. Қазақ Энциклопедиясы, 7 том.

Оқушы жетістігін бағалау:
  • Негізгі баға орындалған деңгейге байланысты барлық оқушыға қойылады. Ал қосымша баға (бонус) топтық тапсырма үшін беріледі.
Үй тапсырмасы:
  Ондық жүйеден басқа өзің қалаған кез-келген санау жүйесінің маңыздылығын дәлелде.

 

САБАҚ БЛОКТАРЫ s

 

і. аҚПАРАТ алмасу

 

Тақырып жоспары:

  1. Сандардың тарихы. Сан және цифр ұғымы
  2. Санау жүйелерінің түрлері
  3. Санау жүйелерінің жазылу ережелері және ерекшеліктері

Слайдтар:

1-слайд                Сандардың шығу тарихы•      Сандар шамамен 1500 жыл бұрын      Үндістанда пайда болған

•      Әуелі сандар сызықшамен белгіленген

•      Ноль санының пайда болуы сандарға революция жасаған

«Қарыз», «жеткіліксіздік» деген ұғымдар теріс сандардың шығуына алып келеді

 

2-слайд                 Сандар және Цифрлар ұғымы•      Сан – мөлшерді сипаттайтын санауда пайдаланатын абстракт нәрсе

•      Сандардың мынадай түрлері бар:

•      Натурал сандар (Белгісі N)

•      Бүтін сандар (Белгісі Z)

•      Тиімді сандар (Белгісі Q) (рационал)

•      Рабайсыз сандар (Белгісі I) (иррационал)

•      Нақты сандар (Белгісі R)

•      Терім сандар (Белгісі C) (комплекс)

     Реті бұлай болады:  N ⊂ Z ⊂ Q ⊂ R ⊂ C

 

3-слайд            Сандар және Цифрлар ұғымы•      Цифр – біріккенде санды құрайтын символдың түрі болып табылады

•      Цифрлар ең алғаш Үнді-Араб санау жүйелерінде пайда болған

Ертеректе қолданылған басқа да тарихи цифрлар:

 

4-слайд                           Санау жүйелеріСАНАУ ЖҮЙЕЛЕРІ – сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері

САНАУ ЖҮЙЕСІ
Позициялық  емес
Позициялық

 

 

5-слайд                       Позициялық емес санау жүйелері•      Позициялық емес санау жүйелерінде әр цифрдың мәні оның тұрған орнына тәуелді емес

3215 =

 

 

 

6-слайд                  Позициялық емес санау жүйелерің түрлері

Римдік цифрлар
Иероглифтер
Бірлік жүйе

 

7-слайд                                    Бірлік жүйеБірлік жүйеде заттың саны белгілі бір таңбаның санымен белгіленеді

 

 

8-слайд                              ИероглифтерЕжелгі мысырлықтар түйінді сандар үшін 1, 10, 100 және т.с.с. арнайы таңбаларды пайдаланған

 

 

9-слайд                          Римдік цифрлар•      Позициялық емес санау жүйелерінің ішінде ең көп тарағаны — римдік санау жүйесі

I V X L C D M
1 5 10 50 100 500 1000

•      Римдік сандарды жазу үшін қосу және азайту амалдары пайдаланылады

Улкен белгінің оң жағынақойылған әрбір кіші белгі

санның мәніне қосылады

IX = 10 + 1
Улкен белгінің сол жағынақойылған әрбір кіші белгі

санның мәнінен азайтылады

IX = 10 — 1

 

10-слайд           Позициялық емес санау жүйелерінің кемшіліктері1.    Үлкен сандарды жазу үшін әрдайым жаңа таңбаларды еңгізіп отыру қажет

2.    Бөлшек және теріс таңбалы сандарды өрнектеу мүмкін емес

3.    Орындау алгоритмі болмағандықтан, арифметикалық амалдарды орындау қиын

 

11-слайд                         Позициялық санау жүйелері• Позициялық жүйенің нақты анықталған цифрлар алфавиті мен негізі бар

• Позициялық санау жүйесінің негізі цифрлар санына тең және көрші позицияда тұрған бірдей цифрлардың мәндері неше есеге ерекшеленетінін анықтайды

• Позициялық санау жүйелері:

 Санау жүйесі  Негізі  Цифр алфавиті
Ондық 10 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
Екілік 2 0, 1
Сегіздік 8 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7
Он алтылық 16 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, A(10), B(11), C(12), D(13), E(14), F(15)

 

12-слайд                   Біз қай санау жүйесін қолданамыз?

•      Ондық•      Неліктен?

•      Адам қолындағы саусақтардың  санымен байланысты.

 

13-слайд                          Ондық санау жүйесі•      Санды жазғанда біз оны санау жүйесінің негізі болатын 10 санының дәрежелерінің қосындысы ретінде өрнектейміз

793 = 7 * 10+ 9 * 101 + 3 * 100

•      Ондық бөлшектерді жазу үшін санның негізі ретінде дәреженің теріс мәні қолданылады

712,39 = 7 * 10+ 1 * 101 + 2 * 10+ 3 * 10-1 + 9 * 10-2

 

14-слайд                  Екілік және сегіздік санау жүйелері•      Екілік санау жүйесі:

11,012 = 1 * 2+ 1 * 20 + 0 * 2-1 + 1 * 2-2 = 3,2510

•      Сегіздік санау жүйесі:

123,48 = 1 * 8+ 2 * 81 + 3 * 80 + 4 * 8-1 = 83,510

 

15-слайд                 Он алтылық санау жүйесіОн алтылық санау жүйесінің алфавиті ондық санау жүйесінің 10 цифрын және латын алфавитінің цифрлар рөлін атқаратын алғашқы алты әрпін қамтиды

A = 10 B = 11 C = 12 D = 13 E = 14 F = 15

5FC,816 = 5 * 162 + 15 * 16+ 12 * 16+ 8 * 16-1 = 1532,510

 

іі. алғашқы бекіту

 

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Сандар мен цифрлардың мағынасын бере отырып, олардың айырмашылығын түсіндіру Позициялық және позициялық емес санау жүйелерінің ерекшеліктерін анықтау Позициялық санау жүйесінің басты құраушыларын көрсету

Қорытынды:_________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

ііі. құзырлылық қалыптастыру

 Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Ең кіші натурал санды жазыңыз.
  2. Цифр ретінде әріп символы қолданыла ма?
  3. Егер ағылшын алфавитін цифрлар ретінде қолдансақ, 21 санын белгілейтін цифрді көрсетіңіз.
  4. Позициялық санау жүйелерінің позициялық емес санау жүйелерінен қалай ерекшеленеді?
  5. 0, 1, 2, 3 сандарынан тұратын санау жүйесінің негізі нешеге тең?
  6. Позициялық санау жүйелері бір-бірінен қалай ерекшеленеді?
  7. Позициялық жүйенің ең кіші негізі қандай?

 

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Мына римдік сан ондық санау жүйесінде қандай санға тең?

MLXIX = ?

  1. 219,78 санын компьютердегі калькулятордың көмегін қолдана отырып, екілік, сегіздік және он алтылық санау жүйесіне ауыстырып, саның әр жүйедегі жаймаланған түрін жазыңыз.

 

ІІІ деңгей тапсырмалары

  1. Төменде берілген сандарды өсу ретімен жазыңыз.

1533, 5FC, 10111111111, 3000

 

іV. шығармашылық әрекет

 

 Топтық жұмыс.

I – топқа:

Кез-келген санау жүйесін ойлап тауып, оның жазылу ережесін, ерекшеліктерін және басқа жүйелермен салыстырғандағы кемшіліктерін жазыңыз. 102 ондық санын өз санау жүйеңізде жазыңыз.

II – топқа:

Кез-келген санау жүйесін ойлап тауып, оның жазылу ережесін, ерекшеліктерін және басқа жүйелермен салыстырғандағы артықшылығын жазыңыз. 201 ондық санын өз санау жүйеңізде жазыңыз.

 

V. бағамдау-бағалау

 

 Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№3 сабақ

 

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ s

 

Тақырыбы:
Позициялық санау жүйелерінде бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру
Мақсат:
Жаңа білім Негізгі позициялық санау жүйелерін атап шығады. Олардың жазылу ережелерін еске түсіреді. Сандарды ондық санау жүйелеріне көшіруді сипаттайды.
Жаңа түсінік Екілік, сегіздік, он алтылық санау жүйелеріндегі сандарды ондық жүйеге аударуды сандарды жаймаланған түрде жазу арқылы түсінеді.
Қолданым әрекеті Бүтін және ондық бөлшек сандарды көшіру алгоритмін құрастырады.
Талдау әрекеті Кез-келген бір санау жүйедегі санды екінші санау жүйесіне ауыстыру алгоритмін талдайды.
Шығармашылық әрекет Сандарды бір жүйеден екінші жүйеге көшіру арқылы санау жүйелерінің арасындағы байлынысты анықтайды.
Бағамдау әрекеті Сандарды кез-келген санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ондық жүйені қолдана отырып аударуға болатындығын тұжырымдайды.
Сабақ құрылымы:
   І.   Ақпарат алмасу (7 мин.).ІІ.  Алғашқы бекіту (10 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (13 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (12 мин.).

V.  Бағамдау-бағалау (5 мин.).

Сабақ типі:
  • фронтальді, топтық.
Оқыту әдісі:
  • репродуктивті, ішінара ізденушілік.
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
  • Оқушыларға бағыт-бағдар, қажет болған жағдайда көмек береді. Өз ойларын дамытуға көмектеседі.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
  Көшіру алгоритмі, баған
Оқушыда дағды қалыптастыру:
  • Тақырып бойынша әртүрлі танымдық сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу
Ақпарат көздері:
  1. Е. В. Шевчук, Н. С. Кольева. Информатика 8, Алматы: Мектеп, 2012.2.  Угрюмов Е. П. Цифровая схемотехника. СПб, БХВ-Петербург, 2004.

3. Спирина М.С., Спирин П.А. «Дискретная математика», 2004, стр. 298 (техника перевода чисел из одной системы счисления в другую);

4. http://ru.wikipedia.org/wiki/Системы_счисления

Оқушы жетістігін бағалау:
  • Негізгі баға орындалған деңгейге байланысты барлық оқушыға қойылады. Ал қосымша баға (бонус) топтық тапсырма үшін беріледі.

 

Үй тапсырмасы:
Кестені толтырыныз:

Ондық жүйе Жетілік жүйе Он екілік жүйе
12
56
121
99

 

САБАҚ БЛОКТАРЫ s

 

і. аҚПАРАТ алмасу

Тақырып жоспары:

  1. Сандарды ондық санау жүйелеріне көшіру
  2. Бүтін және ондық бөлшек сандарды көшіру алгоритмі
  3. Сандарды кез-келген жүйеден басқа бір жүйеге аудару.

Слайдтар:

1-слайд                Негізгі позициялық санау жүйелері

Санау жүйесі: Екілік Сегіздік  Ондық Он алтылық
Негізі: 2 8 10 16
Цифр алфавиті: 0, 1  0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7  0, 1, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9  0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, A(10), B(11), C(12), D(13), E(14), F(15)
Жаймаланған түрі: 110 = 1*22+1*21+0*20 537 = 5*82+3*81+7*80 55 =5*101+5*100 FC =16*161+12*160

 

2-слайд                    Сандарды ондық санау жүйесіне көшіруКез-келген ондық бүтін санды басқа бір жүйеге көшіру алгоритмі

1.      Санды жаймаланған түрінде жазыңыз

2.      Жазылған амалды есептеңіз

 

3-слайд                Сандарды ондық санау жүйесіне көшіруЕкілік, сегіздік және он алтылық жүйедегі санды ондық жүйеге ауыстыру мысалы:

2 –> 10 11012  = 1*23  +0*22  +1*21 +1*20 = 8 + 2 + 1 = 1110
8 –> 10 1238  = 1*82  +2*81 +3*80 = 64 + 16 + 3 = 8310
16 –> 10 ABC2  = 10*162  +11*161  +12*160 = 2560 + 176 + 12 = 257210

 

4-слайд   Сандарды ондық жүйеден екілік, сегіздік, және он алтылық жүйелерге көшіруБүтін сандарды көшіру алгоритмі:

1.    Ондық санды санау жүйесінің негізіне бөлуіміз керек. Бұл процесс бөлінді бөлгіштен кіші болғанша жалғастырылады.

2.    Алынған қалдықтарды кері тізбекпен жазамыз.

 

5-слайд                  Бүтін сандарды көшіру мысалы

Ондық жүйеден екілік жүйеге ауыстыру: Ондық жүйеден сегіздік жүйеге ауыстыру: Ондық жүйеден он алтылық жүйеге ауыстыру:
 
7510 = 10010112 7510 = 1138 7510 = 4B8
6-слайд                Сандарды ондық жүйеден екілік, сегіздік, және он алтылық                                                       жүйелерге көшіру

Ондық бөлшекті көшіру алгоритмі:

•  Ондық бөлшек жүйе негізіне тізбектей көбейтіледі, ал алынған бөлшек бөлігі жүйе негізіне тағы да көбейтіледі. Бұл процесс нөлді бөлшек бөлік алынғанша жалғастырылады.

•  Алынған бүтін бөліктерді тік бағанаға жазамыз.

 

7-слайд                    Ондық бөлшекті көшіру алгоритмі

0,375 ондық бөлшек санын 2-лік жүйеге көшіру мысалы:
0,37510 = 0,0112

 

 

8-слайд     Санды кез-келген жүйеден басқа бір жүйеге көшіруСанды p жүйесінен q жүйесіне көшіру алгоритмі:

  1. Санды p жүйесінен 10 жүйеге көшіреміз

•      P жүйесіндегі санның жаймаланған түрін жазып, есептеулер жүргіземіз

  1. Санды 10 жүйеден q жүйесіне көшіреміз

•      Ондық санды санау жүйесінің негізіне бөлеміз

•      Алынған қалдықты кері тізбекпен жазамыз

 

9-слайд         Санды кез-келген жүйеден басқа бір жүйеге көшіру7 жүйедегі 39 санын 12 жүйеге көшіру алгоритмі:

•      7 жүйедегі 39 санын 10 жүйеге ауыстыру:

397 = 3*71  + 9*7= 3010

•      10 жүйедегі 30 санын 12 жүйеге көшіру:

397 = 3010 = 2612

30    12

-24      2   12

6     -0    0

2

 

іі. алғашқы бекіту

 

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Сандарды ондық санау жүйесіне көшіру ережесін сипаттаңыз. Бүтін және ондық бөлшекті көшіру алгоритміндеріндегі айырмашылықты көрсетіңіз. Сандарды кез-келген жүйеден басқа жүйеге бірден ауыстырудағы қиыншылықтарды жазыңыз.
 

 

Қорытынды:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

ііі. құзырлылық қалыптастыру

 

 Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Қай белгілі позициялық жүйеде латын алфавиті қолданады?
  2. Сегіздің санау жүйесіндегі 123,45 санының жаймаланған түрін жазыңыз.
  3. Екілік жүйедегі 111,001 санын ондық жүйеге көшіріңіз.
  4. Ондық жүйедегі 123 саны қай жүйеде 173-ке тең?
  5. AB және FF сандарының қосындысы ондық жүйеде нешеге тең?
  6. 2 цифрдан тұратын он алтылық жүйедегі ең үлкен санды ондық жүйеде жазыңыз.
  7. 12,58 + AB16 + 1012 өргенін жаймаланған түрде жазып, нәтижені ондық түрде көрсетіңіз.

 

ІІ деңгей тапсырмалары

  1. Төмендегі бүтін сандарды ондық санау жүйесінен сегіздік санау жүйесіне көшіріңіз: 751, 632, 909.
  2. 0,0625 бөлшек санын екілік, сегіздік және он алтылық жүйелерге көшіріңіз.

 

ІІІ деңгей тапсырмалары

9-дық жүйедегі 256 санының қай жүйелердеге баламалары төрт цифрдан тұрады?

 

іV. шығармашылық әрекет

 

 Топтық жұмыс.

1-топқа:

3, 9, және 27 санау жүйелерінің арасындағы байланысты табыңыз.

2-топқа:

2, 4, және 32 санау жүйелерінің арасындағы байланысты табыңыз

 

V. бағамдау-бағалау

 

 Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Күнтізбелік –тақырыптық жоспар

(Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

Сабақтың тақырыбы Сағат саны
1 Кіріспе. Компьютердің негізі және ақпаратты қолдану. 1
2 •       Сандардың тарихы және санау жүйелері 1
3 Позициялық санау жүйелерінде бір санау жүйесінен басқа санау жүйесіне ауыстыру 1
4 Екілік, сегіздік, және он алтылық жүйелердегі сандарды көшіру алгоритмі. Екілік жүйедегі арифметикалық амалдарды орындау. 1
5 Логиканың негізгі түсініктері және логикалық операциялар. 1
6 Ақиқат кестесі және логика заңдары. 1
7 Компьютердің логикалық негізі 1
8 Қазіргі заманғы дербес компьютердің архитектурасының даму үрдісі. 1
9 Бақылау жұмысы. 1 тоқсан. 1
10 Компьютердің қосымша құрылғылары, қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер 1
11 Тармақталу операторлары 1
12 Тармақталу операторлары 1
13 Тармақталу операторлары 1
14 Алгоритмдеу және программалау. Күрделі шарттар 1
15 Циклдік алгоритмдер,циклдік алгоритмдерді программалау . 1
16 Бақылау жұмысы. 2 тоқсан. 1
17 Тура және кері есепшоты бар циклдер 1
18 Циклдің алғы шарты және ілесу шарты 1
19 Графикалық операторлар 1
20 Процедуралар 1
21 Ақпараттық модельдеу 1
22 Компьютерде модельдерді зерттеу 1
23 Microsoft Excel электрондық кестесі 1
24 Microsoft Excel құрылымы және деректерді енгізу 1
25 Microsoft Excel-де деректерді пішімдеу 1
26 Бақылау жұмысы. 3 тоқсан. 1
27 Microsoft Excel-де толтыру маркері және  формулалармен жұмыс 1
28 Microsoft Excel-де сілетемелермен жұмыс 1
29 Microsoft Excel-де функциялар және стандартты функциялармен жұмыс істеу 1
30 Microsoft Excel-де диаграммаларды құру және кестені баспаға дайындау 1
31 Компьютерлік желілер 1
32 Интернет желісі 1
33 Бақылау жұмысы. 4 тоқсан. 1
34 Қорытында бақылау жұмысы. 1
Барлығы 34

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here