Информатика 10 сынып күнделік жоспар

Күні:

Сынып: 10

Сабақтың тақырыбы: Әлемнің ақпаратттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар.

Сабақтың мақсаты:

  • Жаңа тақырыпты түсіндіру, әлемнің ақпараттық бейнесіне, ақпараттық үдерістеріне, ақпарат жүйелері мен ресурстарына, білім беру ақпараттық ресурстарына түсінік беру.
  • Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тұсаукесер.

Сабақтың әдістері:түсіндіру, көрнекілік қолдану, сөйлеу, сұрақ – жауап, тәжірибелік әдіс.

Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды ұйымдастыру, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі.

Ақпарат – адамнан да ерте туған құбылыс. Табиғат өзінің даму барысында жұмбақталған ақпаратты өсімдіктер мен тірі ағзалар арқылы беріп отырған. Ақпарат ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада қолданылатын көп мағыналы ұғым. Латын тілінен information – түсіндіру, мазмұндау деген мағынаны білдіреді.  Жалпы алғанда, бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білім, мағына, бейнелеу, сезіну ұғымдарынамен тығыз байланысты. Қазіргі кезде бұл жайында Білім дәуірі немесе Ақпарат дәуірі деп аталып, «ақпаратты қоғам», «ақпараттық технологиялар» сияқты терминдер жиі айтылатын болды. Сонымен, ақпарат деп қоршаған орта мен онда болып жатқан әртүрлі құбылыстар туралы мәліметтер жиынтығын айтамыз. Ақпарат таңба және сигналдар түрінде берілсе, оны әртүрлі тәсілдермен аламыз. Кітап, газет, журнал оқығанда, радио тыңдап, теледидар көргенде, мұғаліммен, ата –анамен,  достармен әңгімелескенде ақпарат алынады. Ақпарат, ақпарат жеткізушіден оны үш сүзгісінен өткен нәрсе. Мұндай анықтама ақпаратты  үш  деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік, семантикалық, кибернетикалық.

  • Синтаксистік деңгейде, ақпаратты бір қабылдап алған кісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қатынас қарастырылып, бұл жерде оның мазмұны мен құндылығы ескерілмейді. Бұл ақпараттың сандық сипаты.
  • Семантикалық деңгей (тезаурус)  мәлімдеменің мазмұнын меңгеруге мүмкіндік береді. Мәлімдеменің мазмұны белгілі бір түрде реттелген білім болып табылады.
  • Кибернетикалық деңгейде ақпарат, нысанның жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде, сондай – ақ, басқару кезеңіндегі мәліметтер мен одарды қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге кез келген нысанның жағдайы туралы деректер, мағлұматтар жатады. Есептеу техникасы тұрғысынан ақпарат ұғымы – оның жадында сақталып, қажеттілігіне байланысты өнделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.

Негізгі кезең

Ақпараттандыру (Информатика) – ЭЕМ арқылы ақпаратты жинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттей жаңа ғылыми пән. Ақпаратты оқыудың маыздылығына бұл ғылымның тек ЭЕМ – дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында ақпараттты кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктерін береді. Ақпараттандырудың негізгі нысаны ақпарат болып саналады. Сондықтан, «ақпарат» ұғымы ақпараттандыру мен ЭЕМ –де жұмыс істеудің ең  түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі. XV ғасырда мәліметті қағазға басып шығару станогінің пайда  болуы кітап шығару ісін жолға қойып, адам ойын тікелей көпшілікке жеткізуге мүмкіндік жасады. ХІХ-ХХ ғасырлардағы телеграфтың, телефонның, радионың шығуы ақпаратты кез келген қашықтыққа жылдам жеткізуге мүмкіндік береді.

ХХ ғасырдың ортасында шыққан электрондық есептеуіш машина мәліметтерді іздеу мен өңдеудің бұрын болмаған жаңа мүмкіндіктерін берді. ЭЕМ-дер бастапқы кезде есеп – қисап жұмыстарын автоматтандыру үшін шығарылды. Кейіннен олардағы мәліметтерді магниттік тасталарға жазып, қағазға басып, ЭЕМ экранына шығару қасиеттері бар екені анықталды. Қазіргі кездегі  жаңа ЭЕМ – дер күнде пайда болып отырғндықтан, олардың даму үдерісі ғылыми – техникалық прогреске айналды. Керекті ақпаратты ғаламтор  арқылы серверлерге жүктесек болғаны, санаулы минуттарда сол ақпаратты бүкіл әлем қарайтын болады.

Ақпарат алу – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір – біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.

Ақпараттық жүйелер – ақпаратты арнайы ұйымдастырылған түрде сақтауға арналған және онымен түрлі мәліметтер жасауға және оны енгізуді қамтамассыз етуші, сонымен бірге түрлі белгілері бойынша іздеу салушы, есеп жасаушы жүйелер.

Ақпараттық жүйенің жобасы – нақты бір программалық техникалық ортада ақпараттық жүйені құру және пайдалану бойынша жобалық шешімдердің сипаттамасы бар жобалық – конструкторлық және технологиялық құжаттаманы айтамыз.

Ақпараттық жүйе – белгілі бір нысанды басқаруға қажетті қойылған қоғамдық мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персоналдардың өзара байланысқан жиыны. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық нысандардың бірігуін қамтитын белгілі бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді. Ақпарат жүйесін жіктеуде оны мынадай ішкі кластарға бөлуге болады:

  • Ақпараттық – анықтамалық жүйелер
  • Ақпараттық кеңес беретін жүйелер.
  • Ақпараттық қадағалаушы жүйелер.

Ақпараттық – анықтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы үшін дайындайды. Ақпараттық кеңес беретін жүйелер нысанның күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады. Ақпараттық қадағалаушы жүйелерде мәліметтер адамның қатысуынсыз ендіріліп, басқарылатын нысандағы үдеріс автоматты түрде реттеледі. Ақпараттық жүйелер термині автоматтандырылған жүйелер ақпаратты өңдеу үдерісінде адамның да, техникалық құралдардың да қатысуын қамтамассыз етеді. Мұнда компьютер маңызды болып саналады.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (ААЖ) – ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпараттардың экономикалық және математикалық әдіс модельдерінің техникалық, программалық, технологиялық құралдардың және мамандардың жиынтығы.

Ақпараттық жүйелер құрылымын бағыныңқы жүйелер деп аталатын, оның жекеленген бөліктерінің жиынтығын құрайды. Бағыныңқы жүйе – қандай да бір белгі бойынша ерекшеленген жүйенің бөлігі. Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымы ретінде қолдану саласынан басқа бағыныңқы жүйелерді  қарастыруға болады. Мұны қамтамасыз ететін бағыныңқы жүйелердің классификациясының құрамдық бөліктері туралы қарастырамыз. Оларды кез келген ақпараттық жүйенің құрылымын қамтамассыз ететін бағыныңқы жүйелердің жиынтығы түрінде ұсынамыз.

Ақпаратты қамтамассыз етудің бағыныңңқы жүйесі басқару шешімдерін қабылдау үшін уақытында қалыптастырудан және нақты ақпаратты беруден тұрады.

  1. Ақпараттық қамтамасыз ету дегеніміз – ақпараттық жүйе және ақпараттық технологияға шешімін сипаттайтын ақпаратты бейнелеу. Құжаттамалардың бірыңғайланған жүйесі мемлекеттік, ремпубликалық, салалық және аймақтық деңгейде құрылады. Ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі міндеті – қоғамдық өндірістің әртүрлі ортадағы басқарылатын нысанды сипаттайтын динамикалық ақпаратты тұрғызып, ұдайы жаңартып отыру. Осындай бірыңғайланған жүйелерге қойылатын талаптар стандарттар әзірленеді. Ақпараттық ағымдар сызбасы ақпараттың қорғаушы маршрутын және алғашқы ақпараттың пайда болуы мен нәтижелілік ақпаратта қолданылатынм орнын бейнелейді.
  2. Техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйенің жұмыс жасауына арналған техникалық жабдықтар кешені. Техникалық құралдар кешенін кез келген модельдегі компьютерлер, ақпаратты жинау, өңдеу, беру, шығару құрылғылары, мәліметтерді беру құрылғылары және байланыс желілері, ақпараттың автоматты түрде алыну құрылғылары, эксплуатациялық материалдар және т.б құрайды.
  3. Математикалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйенің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға арналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер, программалар жиынтығы, сонымен қатар ол техникалық құралдар кешенінің қалыпты қызметіне жағдай жасайды. Математикалық қамтамасз ету құралдарына:
  • Басқару үдерістерін модельдеу құралдары;
  • Басқарудың типтік есептері;
  • Математикалық программалау, математикалық статистика, массалық қызмет көрсету теориялары және т.б. жатады.
  1. Программалық қамтамасыз ету – есептеу техникасын қолдану арқылы ақпарат жүйесіндегі мақсаттар мен есептерді жүзеге асыруды қолдайтын программалар жиыны. Жалпы жүйелік программалық қамтамасыз етуге ақпаратты өңдеудің типтік есептерін шешуге арналған және қолданушыға бағытталған программалар кешені жатады. Олар ақпаратты өңдеудің үдерістерін басқару және бақылау, компьютердің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған.

Оқу, тәжірибе немесе тапсырмалар арқылы ақпарат алынатындықтан оның т.б түсініктемелері болуы керек. Қалай болғанда да  деректерді өңдеу, реттеу және оларды қабылдаушыға жаңа білім болатындай ұйымдастыру оның нәтижесі болып табылады. Ақпараттық технологиялар қазіргі қоғамда білімнің ақпараттық ресурсқа (АР) айналуы, тиімді қолданудың жаңа құралы, дамытушы факторы болып табылады. Ақпараттық ресурс адамзаттың негізгі ресурсына, қазіргі замандағы өркениеттің басты құндылығына айналды. Сонымен қатар АР рөлі, өмір сүру  механизмдері, қолданудың әлеуметтік салдарына күрделі мәселелер туды.

Жалпы ақпараттық ресурстарға берілетін анықтаманың бірнеше түрі бар:

  • Мекеме үшін құнды болып есептелетін және материалдық ресурс ретінде қабылданатын мәліметтер жиынтығы (оған сыртқы жадта сақталатын негізгі және қосалқы мәліметтер жиымы мен кіріс құжаттары жатады);
  • Кітапналарда, мағлұматтарда, қорларда, мәліметтер банктерінде және басқа да ақпараттық жүйелерде жеке құжаттар немесе олардың жиымдары түрінде шоғарланған мағлұматтар жиынтығы.
  1. Бекіту кезеңі.

Тапсырма: өз ойыңнана ақпарат ойластыр. Оны ғаламторда басқа қолданушыға жібер немесе мектеп сайтына орналастыр. Суретіңді сканерле.

  1. Қорытынды кезең.
  2. Бүгін сабақта не білдік?
  3. Не үйрендік?
  4. бағалау кезеңі.

Сабақта тапсырманы орындағанына, қаншалықты меңгергеніне байланысты бағалаймыз.

VII. үйге тапсырма.

  1. Тақырып оқу
  2. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.

 

 

Күні:

Сынып:  10

Сабақтың тақырыбы: |Білім берудің ақпараттық ресурстары.

Сабақтың мақсаты:

  • білім беру ақпараттық ресурстарына, білім беру электронды ресурстары туралы түсінік беру.
  • Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Білім порталдарын және каталогтарын пайдалануға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: тұсаукесер.

Сабақтың әдістері:түсіндіру, көрнекілік қолдану, сөйлеу, сұрақ – жауап, тәжірибелік әдіс.

Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды ұйымдастыру, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі.

Ақпараттық ресурс әлеуметтік басқару үдерісіндегі қызметтің ерекше түрі болып табылатын ақпараттық қамтамасыз етудің негізгін құрайды.

Білім беру ақпараттық ресурстары – ақпараттың кез келген түрі немеесе оқу үдерісінде қолдануға арнайы жасалған программалық өнімдер. Білім беру электрондық ресурстарына:

  1. Оқу материалдары (электронды оқулықтар, оқу құралдары, рефераттар, дирломдар);
  2. Оқу – әдістемелік материалдар (электрондық оқу бағдарламалары, әдістемеліктер)
  3. Ғылыми – әдістемелік материалдар (дәрістер, зертханалық жұмыстар)
  4. Тестілеу жүйесі (білімді электронды тексеру тестілері)
  5. Электрондық кітапханалар;
  6. Білім саласының электрондық мерзімді басылымдары;
  7. Білім саласының мерзімді басылымдарының электрондық мазмұны және мақалалар аңдатпалары;
  8. Білім беру рсурстарына белгілі бір сайт немесе сілтемелер жатады.
  9. Бекіту кезеңі

Тапсырма: оқулықта берілген білім порталдарының және каталогтарының кез келгенін пайдаланып, солар туралы ақпарат жинап, осы саттардың қызметері жөнінде айтыңдар.

  1. Қорытынды кезең.
  2. Бүгін сабақта не білдік?
  3. Не үйрендік?
  4. Қандай тәжирибелік жұмыс жасадық.
  5. бағалау кезеңі.

Сабақта тапсырманы орындағанына, қаншалықты меңгергеніне байланысты бағалаймыз.

VII. үйге тапсырма.

  1. Тақырып оқу
  2. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

Күні:

Сынып: 10

Сабақтың тақырыбы: Программалаудың даму тарихы. Программалық қамтамасыз етудің даму үдерісі.

Сабақтың мақсаты:

  • Программалау туралы мағлұмат беру, программалаудың даму тарихымен таныстыру.
  • Ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
  • Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: тұсаукесер.

Сабақтың әдістері:түсіндіру, көрнекілік қолдану, сөйлеу, сұрақ – жауап, тәжірибелік әдіс.

Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды ұйымдастыру, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі.

Программалау – хабарларды есептеу машиналарының көмегімен сұрыптайтын жасанды тілдер тобы. Кез келген компьютер программасының негізгі мақсаты – ақпаратты құралдармен басқару.

Алғашқы пайда болған программалау тілдері өте қарапайым болатын. Олардың бұйрықтары компьютерге түсінікті  1 және  0 символдарының тізбектерінен тұратын. Әр бұйрыққа сәйкес машиналық кодтарды жатқа білу программалаушыға қиын болғанымен, машиналық кодтар арқылы жазылған программалар есептеу машинасының жадына көп талап қоймайды. Сондықтан олар жүйелік программалырды, драйверлерді және трансляторларды құруға ыңғайлы. ЭЕМ  мен адам арасындағы қатынасты жеңілдету үшін Ассемблер типті программалар құрылды. Айнымалы шамалар символды аттармен  белгілеп, әр бұйрықтың машиналық коды мнемоникалық белгілеулерге ауыстырылды. Ассемблер тілдері аз да болса адам тіліне ұқсастырылды.

Функционалдық тілдер
Логикалық  тілдер
Нысанға бағытталған тілдер
Декларативтік тілдер
Жоғары деңгейлі программалар
Төмен деңгейлі программалар
Процедуралық емес тілдер
Процедуралық тілдер
Программалау тілдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Программалау тілдері

 

Программалық жасақтама – белгілі бір типтегі есептеуіш машиналар кластарына арналған, олардың аппараттық құралдарының жан – жақты қызметін, сонымен қатар қолданушының есептеу ресуртарына мұқтаж кез келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын программлар жиынтығы.

Компьютердегі программалық жасақтама құрамын программалық конфигурация деп атайды. Программалар арасында физикалық буындар мен блоктар арасындағы сияқты байланыс бар – көптеген программалар өзінен төмен деңгейдегі басқа программаларға сүйеніп жұмыс істейді, яғни біз аралық программалық интерфейс туралы айта аламыз. Мұндай интерфейстің болу мүмкіндігі де техникалық шарттар және өзара әрекеттесудің хаттамаларының болуына негізделген, ал ол іс жүзінде программалық жасақтаманың өзара әрекеттесетін бірнеше дейгейге бөлінуімен қамтамассыз етіледі. Программалық жасақтама аппараттық жасақтаманың әртүрлі режиміндегі қызметін қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар есептерді дайындап, жөндеуден өткізу, шығару үдерітеріне ыңғайлы, жетілдірілген пайдаланушы интерфейсін береді.

Программалық жасақтама келесі деңгейлерден тұрады: базалық немесе негізгі, жүйелік, қызметтік және қолданбалы.

Программалық жасақтаманың деңгейлері пирамидалық жүйе болып табылады. Әрбір келесі деңгей программалық жасақтаманың өзінен бұрыңғы деңгейлеріне сүйеніп, жұмыс істейді.

Базалық деңгей – программалық жасақтаманың ең төменгі деңгейі. Базалық деңгей, базалық ақпараттық құрылғылармен байланысуға жауап береді. Ереже бойынша, базалық программалар базалық саймандар құрамына кіреді және тұрақты жадыда сақталады. Программалар және мәліметтер жасау кезеңінде жедел жадыға жазылады және пайдалану үдерісінде өзгермейді. Базалық программалық құралдарды  пайдалану бағдарланатын, тұрақты есте сақтайтын құрылғылары пайдаланылады. Бұл жағдайда жедел жадының мазмұнын өзгерту есептеу жүйесінің құрамында тікелей  орындауға да болады, одан тыс та программалаушы деп аталатын арнайы құрылымдарда да болады.

Енгізу – шығарудың базалық жүйесі (BIOS) – компьютердің бастапқы жүктелуіне, жасақтамалары баптауға және енгізу – шығару функцияларын қамтамасыз етуге арналған бағдарлама. Ол компьютердің тұрақты жадында орналасқан, бұл негізгі MS DOS – тың бөлігі емес, бірақ бұнымен тор байланысты.

Жүйелі деңгей – өтпелі. Бұл деңгейде жұмыс істейтін программалар базалық деңгейдің программалары мен компьютерлік жүйенің өзге де программалары және тікелей аппараттық жасақтамамен өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді, яғни «делдалдық» қызмет атқпарады.

Қызметтік деңгей – программалық жасақтаманың бұл деңгейі базалық деңгейдегі программалармен де, жүйелік деңгейдегі программалармен де тығыз байланыста болады.

Қолданбалы дейгей – қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығаршамылық, оқыту және т.б. мақсатта нақты жұмыстар атқарылады.

ЭЕМ – ге арналған программалық жасақтамаларды функционалдық қызметтеріне байланысты төмендегідей түрлерге бөледі:

  • Жүйелік программалық жасақтама;
  • Аспаптық програмалық жасақтама;
  • Қолданбалы программалық жасақтама;

Жүйелік программалық жасақтама – компьютерді пайдалану мен техникалық қызмет етуге, есептеу жұмыстарын ұйымдастыру мен қолданбалы программалар әзірлеуді автоматтандыруға арналған программалық жасақтама.

Амалдық жүйе (АЖ) – құжаттар мен амалдар орындауға арналған, сыртқы құрлғыларды және программаларды басқаруды жүзеге асыратын программалар жиынтығы.

Қызметші (сервистік) программалар – әрбір адамның амалдық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін програмалар тобы.

Аспаптық програмалық жасақтама —  бұл ЭЕМ –ге қажетті программаларды құруға немесе өзгертуге арналған программа пакеттері. Оларға мысалы, Турбо Паскаль программалау тілін алуға болады.

Қолданбалы прогаммалық жасақтама (ҚПЖ) – әртүрлі мәселелік аумақтарыдағы қолданбалы есептерді шешуді жасайтын жеке қолданбалы программалар мен қолданбалы программалар дестелерінен тұратын програмалық жасақтама бөлігі. Оның құрамына ҚПЖ кіреді:

  • Жалпы мақсаттағы ҚПЖ;
  • Мәселелік бағытталған ҚПЖ;
  • Интерралданған ҚПЖ;
  1. IV. Бекіту кезеңі.

Материалдарды бекіту мақсатында тұсаукесер жасатуға болады.

  1. қорытынды кезең.

— бүгінгі сабақтан не білдік?

— программа дегеніміз не?

— программалық жаақтама деген не?

VІ. Үйге тапсырма беру.

VІІ.Бағалау кезеңі. Сабақтағы белсенділіктеріне, тақырыпты меңгерту, тапсырманы орындау деңгейлеріне баланысты бағалар қойылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:

Сынып: 10

Сабақтың тақырыбы: Құрылымдық, модульдік, нысанға бағытталған программалау. Бұлтты технология.

Сабақтың мақсаты:

  • Құрылымдық, модульдік, нысанға бағытталған программалау, бұлтты технологияға қатысты ұғымдарға мағлұмат беру.
  • Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
  • Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: тұсаукесер.

Сабақтың әдістері:түсіндіру, көрнекілік қолдану, сөйлеу, сұрақ – жауап, тәжірибелік әдіс.

Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды ұйымдастыру, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі.

Көлемі жағынан орташа программаларды құруда құрылымдық программалау қолданылады. Оның негізгі идеясы, оны шешу алгоритмі ағымдағы мәтінге анық көрінуі үшін шешілетін тапсырманың құрылымын программа құрылымы көрсетуі тиіс. Ол үшін жай үш оператордың көмегімен құрылатын программа құралдары ғана емес, сонымен қатар алгоритмнің құрылымын нақты бейнелейтін құралдар қажет. Осы мақатпен программалауда ішкі программа ұығымы енгізілген. Ішкі программа қажетті әрекетті орындаушы және ағымдағы кодтың басқа бөліктеріне тәуелді емес операторлар жиынтығы. Құрылымдық программалау идеясы 70 – жылдары IBM компаниясында пайда болды, оны әзірлеуге атақты ғалымдар программалық өнімнің модульдік құрылымына және әртүрлі программалық модульдердің мәліметтерін өңдеу алггоритмнің типтік басқару құрылымына негізделген. Құрылымды басқару типтері:

  • Реттілік;
  • Альтернатива (таңдау шарты);
  • Цикл;

Құрылымдық программалауға жататын программа әзірлеудің екі әдістемесі кең таралған:

  • Жоғарыдан төменге программалау;
  • Төменнен жоғарыға программалау;

Жоғарыдан төменге программалау, программаны әзірлеудің бұл әдістемесінде әзірлеу мәселесі шешу мақсатын анықтаудан басталып, одан кейін нақты программамен аяқталады.

Төменнен жоғарыға программалау, бұл жалпы сызбаның жұмысы аяқталмай жатып, ішкі программаларды (процедуралар, функциялар) дайындаудан бастайтын программа әзірлеудің әдістемесі.

Модульдік программалау – программаны логикалық бөліктерге бөлу үрдісі. Программа бірнеше модульдерге бөлінеді және мынадай мақсаттар орындалуы тиіс:

  • Модульдің дұрыс болуы және оның контекстерден тәуелсіз болуы қажет.
  • Модульдің ішкі жұмыстарын білмей тұрып, әртүрлі модульдерден программа құру мүмкіндігінің болуы қажет.

Бұлтты технология

Информатика пәніне ақпараттандырудың күрт дамуына орай, түрлі жаңа терминдер мен технологиялар қосыла бастады. Осындай соңғы кездегі кеңінен қолданылатын жаңа технологиялардың бірі – бұлтты технология. «Бұлт» термині деректерді ғаламтор арқылы өңдеу технологиясының жетістіктерінің негізінде пайда болған. Бұл термин ағылшынша «Cloud technology» немесе «Cloud computing» (Cloud- бұлт, technology – технология; computing – есептеулер) «бұлт/бұлттық есептеулер»немесе «бұлт/бұлттық технология, қызметтер» деп аударылады.

Бұлтты технология – қызмет көрсететін әртүрлі ұғмдардан тұратын үлкен бір тұжырымдама. Мысалы, программалық жасақтама, инфрақұрылым, платформа, деректер, жұмыс орны және т.б. Бұлтты технология – компьютер ресурсында интернет қолданушыға онлайн жағдайында деректерді өңдеу технологиясын айтамыз.

Бұлтты технологияны пайдаланудың тиімді жақтары:

  • Үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін тұтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, программаларды бұлттар тарапынан пайдалана алады;
  • Тұтынушы кез келген жерден, кез келген уақытта Интернетке қосылған кез келген компьютерлік құрылғымен өз дереккөздерімен жұмыс істей алады;
  • Тұтынушы компьютерлік құрылғының осалдығына немесе сынып бұзылуына немесе жұмыс істейтін программаның тоқтап, бұзылып қалуына тәуелді болмайды;
  • Жеке компьютердегі программалармен салыстырғанда бұлттық қызметтер көбінесе тегін немесе бағалары айлық жарна ретінде өте арзан келеді;
  1. Бекіту кезеңі.

V.Қорытынды кезең.

— құрылымдық программалау деген не?

— модульдік программалау деген не?

— бұлтты технология деген не?

  1. VI. Үйге тапсырма беру кезеңі.

Бұлтты технология бойынша Интернет желісінен іздеу

VII. Бағалау кезеңі.

Сабақтағы белсенділіктеріне, тақырыпты меңгеру, тапсырманы орындау деңгейлеріне байланысты бағалар қойылады.

 

 

 

 

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Сабақ жоспарлар сайты ЖОСПАР.КЗ
Добавить комментарий