Информатика 10 сынып. Күнделік сабақ жоспары

Топ :
Күні:

Тақырыбы:                          ЕТ кабинетіндегі жұмыс  тәртібі мен қауіпсіздік техникасынң ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайдағы алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар. Еңбек қауіпсіздігін сақтау бойынша  нұсқау беру журналы.

Сабақ мақсаты:            а) ЕТ кабинетіндегі жұмыс кезіндегі  техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

 

Б) Төтенше жағдайларда әрекет ету  ережелерін үйрету. Көзді ьалдырмау жаттығуларын үйрету.

 

В) ЕТ кабинетінде тәртіп сақтауға, жұмыс кезінде қоғам мүлкіне асқан жауапкершілкпен қарауға тәрбиелеу.

 

Сабақ көрнекілігі:             Қауіпсіздік ережесі жазылған плакаттар. Слайд шоу.

Сабақ түрі:                         Дәстүрлі

Сабақ әдісі:                        Түсіндірмелі баяндау, әңгіме түрінде.

Сабақ типі:                         Кіріспе сабақ

Сабақ барысы:                  Ұйымдастыру кезеңі

ЕТ кабинетіндегі жұмыс кезіндегі  техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру.

Көзді талдырмау жаттығуларын жасауды үйрету.

Өртсөндіргіш құралдарын пайдалануді меңгерту.

ТҚ журналын толтыру.

Сабақты қорытындылау

Техникалық құралдармен жабдықталғандықтан және токпен жұмыс жасайтын құралдарды пайдаланатындықттан кабинет – арнаулы кабинет болып саналады. Сондықтан, оқушылардың  өмірін, денсаулықтарын сақтау мақсатында, мектептің дүние-мүліктерін бүлдірмей қолдану мақсатында арнайы ережелер қарастырылған. Бұл ережелермен оқушы жыл басында  міндетті түрде тансуы керек. Оқушылармен осы ережелермен танысып, бұлжытпай орындауға міндетті. Мұғалім ережелерді таныстыру керек және олардың орындалуын  қадағалау қажет. Компьютердің  адамға тигізетін әсерлерін  түсіндіру керек. Егер оқушылар зақымданған жағдайда алғашқы көмек көрсетілуі керек.

 

Қауіпсіздік техникасы ережелері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:

  1. Жалпы;
  2. ДК — де жұмыс істеу алдындағы;
  3. Жұмыс кезіндегі;
  4. Апатты жағдайдағы;
  5. Жұмыс аяқталғандағы:

Қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптарға мыналар жатады:

  1. Сымдарды, жалғаушы ашаларды, розеткаларды, штекерлерді қозғауға; жабдықты мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды.
  3. Мұғалімнің рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды.
  4. ДК-де ылғалды қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды.
  5. Қорабы немесе сымдары зақымданған ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады.
  6. ДК-мен қатар үстел үстіне портфель, сөмке, кітап қоюға тыйым салынады. Үстел үстінде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс.
  7. Пернетақта үстіне ештеңе қоюға болмайды.
  8. Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жұмыс істеп отырған оқушылардың көңілін алаңдатуға, басқа жұмыспен айналысуға болмайды.

ДК-де жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары:

  1. Қоректендіру көзіне қосылған ДК-ді мұқият қарап, оңашалануының және компьютер корпусы мен сымдарының ақауы жоқ екеніне көз жеткізу керек.
  2. Сымдары жұмыс кезінде байқаусыззда ілініп кететіндей болып салбырап тұрмағанына көңіл аудару керек.
  3. Жұмыс орнын тексеру және пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керектігін ескеру керек.

ДК жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

  1. ЭЕМ жұмысы кезінде көздің экраннан оңтайлы арақашықтығын (60-70 см) сақтау қажет. Жұмыс істеуге ыңғайлы, тиімді қашықтық – 50 см.
  2. Сыныпқа сырттан кірген мұғалімдер мен үлкен кісілерге оқушылардың тұруының қажеті жоқ.
  3. Көздің талуы немесе шаршауы жағдайында  оқушылар орнынан тұрмай-ақ көздің талуын немесе шаршауын басатын бірнеше  жаттығу орындауына болады.
  4. Оқушылар электр тогымен зақымдану кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету  тәсілдерін, өртсөндіргішпен  жұмыс істеу тәсілдерін  және өрт сөндіру  тәсілдерін білуі тиіс.
  5. Оқушылар көздің талуы және шаршауын болдырмайтын жаттығуларды білулері керек.

Апат (төтенше) жағдайындағы қауіпсіздік талаптары:

 

  1. ДК жұмысы кезінде ақау байқалса, күйген иіс немесе бөгде дыбыс  пайда болса, компьютер жұмысын бірден тоқтатып, аппаратураны  ток көзінен ажыратып, мұғалімге немесе кабинет меңгерушісіне хабарлау керек.
  2. Қажет болғанда өрт сөндіруге көмектесу керек.
  3. Қажет болғанда, электр тогынан зақымданғандарға дәрігерлік алғашқы көмек көрсету керек.
  4. Компьютерлік сыныпта өрт болған жағдайда, оны су шашып сөндіруге болмайтынын білуі тиіс. Құмды немесе көбікті өртсөндіргішті пайдалануға болады.
  5. Егер зақымданған кісі электр тогының әсерінде болса, онда оны жалаңаш қолмен қозғауға болмайтынын білуі тиіс. Электр тогын өткізбейтін материал пайдаланып, зақымданған адамды босатып алу керек.

ДК жұмысын аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары:

 

  1. Мұғалімнің айтуы бойынша аппаратураны ток көзінен ажырату керек.
  2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.
  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі жасау керек.

 

Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:

 

Адамның электр тогымен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері:

  1. Токтан ажырату (таратушы тақтадағы тумблерді ажырату) керек.
  2. Электр тогын өткізбейтін қолда бар құралдарды пайдаланып,  зақымданған адамды ток әсерінен босату керек.
  3. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
  4. Зақымданған адамды мұқият қарап шығып, зақымдану дәрежесіне  қарай оған көмек көрсету керек.

Күйген кездегі көмек көрсету:

Адам күйікке шалынған жағдайда:

  1. Ауырғанды басатын, тыныштандыратын дәрі беру керек.
  2. Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек.
  3. Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен  целлофанмен  орап алып, суық суда ұстау керек.
  4. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

Талып қалғандағы көмек көрсету:

Адам талып қалған жағдайда:

  1. Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға ұрып жатқызу керек.
  2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша  немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.

Тынысы тоқтап қалғандағы  көмек көрсету:

Адамның тынысы тоқтап қалған жағдайда:

  1. Адамның аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе – қолмен  тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек.
  2. Дәрігерді (мектептегі медпункттен, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша  немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) шақырту керек.
  3. Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер  келгенге дейін  жасанды  түрде тыныс алдырту  (ауызды ауызға тақап) жасау керек.

 

Көзді талдыртпау және шаршатпау жаттығулары:

 

Бірнеше ондаған минут қозғалмай  отырып компьютермен ұзақ уақыт бірсарынды  жұмыс істеген кезде жағымсыз сезім, дене ұйығандай болып, шаршау пайда болады, көз талады. Осыларды болдырмау үшін  сабақ барысында  1-2 рет (оқушы жасына байланысты) келесі жаттығуларды орындау керек.

Көздің талуын болдырмау жаттығулары:

  1. Қарау бағытын өзгерту: алысқа-мұрын ұшына, солға –оңға, төмен-жоғары.
  2. сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта көзді айналдыра  бұрып қарау.
  3. Көзді жұмып, қолмен жауып, 1-1,5 минут отыру.

Шаршауды болдырмау жаттығулары:

  1. Сағат тілі бағытымен және қарсы бағытта басты айналдыра бұру.
  2. Басты кезекпен екі жаққа бұру.
  3. Саусақтарды жұмырыққа жұму, қолдың ұшын босаңсыту.
  4. Оңға-солға бұрылып, қолды сермеп, керіліп-созылу.

 

 

Алғашқы көмек көрсетуге қажетті дәрі-дәрмек қобдишасының құрамы.

 

Медициналық жабдықтар мен дәрі атаулары: Қажеттігі:
Дербес пайдаланылатын антисептикалық таңу жабдықтары Жарақатты таңу үшін
Қан тоқтатуға қажет буу таспасы Қан тоқтату үшін
Жабысқақ пластырь Жарақат таңу, бекіту үшін
Дәе (3 дана) Жарақатты таңып байлау үшін
Пакеттегі мақта (3 дана) Көзді жуып-сүрту, жарақатты өңдеу үшін
Йод Жарақатқа, терідегі ісіктерге, сызаттарға және т.с.с. айналдыра жағу
Марганец-қышқыл калий тұзы (марганцовка) Терінің жарақаттанған жеріне жағу үшін
Бриллиант көгінің 1%-тік спирттік ерітіндісі Жарақатқа, терідегі ісіктерге, сызаттарға және т.с.с. айналдыра жағу
Мүсәтір спирті Мақтаға 2-3 тамшы  тамызып, талып ақлған адамның  мұрнына иіскету үшін
Кордиамин Орталық нерв жүйесін, жүрек және тыныс алу  әрекеттерін  жандандыру  үшін: 25 тамшы  (бір ішкізгенде 1 шай қасық)
Резеңке қолғап (1 жұп) Электр тогымен зақымданған кісіні босатып алу үшін.

 

Сынып журналында және еңбек қауіпсіздігі бойынша  оқушылар нұсқамадан өткізу (инструктаж) журналында тиісті тіркеулер жасау қажет.

 

Техникалық қауіпсіздік және тәртіп сақтау ережелерімен оқушылар толық танысқаннан кейін, арнайы журналға қол қояды. Бұл оқушының ережелермен танысып, оларды бұлжытпай орындайтындарына кепіл болады. Егер тәртіп бұзылған жағдайда оқушы жауапқа тартылады. Журналда әр оқушының олрындары (компьютер нөмірлері) де көрсетіледі.

 

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10  сынып

Тақырыбы:                         Windows операциялық жүйелері және оларды дамыту. Ож түрлері

Сабақ мақсаты:                 а) Windows операциялық жүйесі мен оның даму тарихымен оқушыларды кеңінен таныстыру. Операциялық жүйе ұғымын, оның қажеттілігін, маңызын, ролін түсіндіру.

 

Б) Әрбір операциялық жүйенің версияларының айырмашылығын, ОЖ-нің даму тарихындағы алатын орынын, мүмкіндіктерін түсіндіру.

 

В) Оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту, дүниетанымдарын кеңейту.

 

Сабақ көрнекілігі:              Слайд шоу

Сабақ түрі:                         Лекция сабақ

Сабақ әдісі:                        Түсіндірмелі баяндау, лекция оқу.

Сабақ типі:                         Жаңа білім меңгерту сабағы.

Сабақ барысы:                  Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа сабақты лекция түрінде оқу

Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Бүгінгі сабағымыз Windows операциялық жүйесімен танысу. Сабақ екі сағатқа арналған. Бүгін алғашқы сабағын өттеміз, келесіде жалғатырамыз. Алдымен операциялық жүйе туралы қысқаша айтып өтелік.

Операциялық жүйе дегеніміз — компьютерді басқару мен информация сақтайтын, барлық компьютерге  қосылған  құрылғылардың жұмысын басқаратын  компьютерге қажетті компоненттер болып табылады. Қазіргі таңдағы Windows дербес компьютерге  арналған ең кең тараған перациялық жүйе. Windows-ты танымал қыллған  оның  артықшылықтары ретінде мыналарды айтуға болады:

  • Ыңғайлы және қарапайым графикалық интерфейс (интерфейс – адам мен компьютер арассындағы қарым-қатынас);
  • Көптеген программалардың параллелль жұмыс жасауы;
  • Жаңа құрылғылардың автоматты түрде бапталуы:

 

Windows-тың тарихы мен дамуы.

Windows-тың тарихы  1985 жылы оның алғашқы версиясы Windows 1.0  шыққаннан басталады. Оның құрамында  операциялық жүйенің жұмысын көп ыңғайлы жасаған программалар болды.  Сол кезде  қолданылып жүрген MS-DOS операциялық жүйесіне  қарағанда Windows-та  графикалық интерфейс  қолданылды. (MS-DOS-та командалық интерфейс болды) Сонымен бірге Windows-та информация түгелдей экранға  емес, терезе деп аталатын экранның ішкі  аймағына  шығарылды. Сол кездегі 8086 процессоры бар компьютерлерде операциялық жүйе жөнді жұмыс жасаған жоқ.

Екі жылдан соң 1987 жылы қараша айында Windows 2.0 версиясы пайда болды. Ал шамамен бір жарым жылдан соң  Windows 2.10 версиясы  шықты. Бірақ бұл версиялар ондай аса танымал бола қойған жоқ.

1990 жылы Windows 3.0 жаңа версиясы шығып, ол көптеген дербес компьютерлерде қолданыла бастады.

Windows-қа арналған программа жазудың қарапайымдылығы мен  ыңғайлылығы, Windows-тың басқаруымен  жасайтын программалардың  көптеп жазылуына  әкелді. Ақырында, жүйені танымал қылған  оның  әртүрлі компьютерлік құрылғылармен жұмысының  жақсы ұйымдастырылуы болды.

Келесі  Windows 3.1 және Windows 3.11 версиялары  жұмыстың сенімділігін арттыруға бағытталды. Мұнда  жадымен жұмыс жақсартылды, жоғары дәрежеде масштабталатын  True Type шрифтілерін қолданды, белгілерді экран бетінде  маус көмегімен жылжыту мүкіндіктері пайда болды, сонымен бірге параллель жасайтын программалардың арасында информация алмасудың  жаңа механизмі  қолданылды. Windows 3.11-дің тағы бір артықшылығы компьютерлік желіде жақсы жұмыс жасады.

1988 жылы Microsoft компаниясы  Windows жүйесімен бірге параллель түрде Windows NT операциялық жүйесін жасауды қолға алды. Жаңа операциялық жүйе желілік жұмыстармен қуатты әрі сенімді жұмыс жасауға арналған операциялық жүйе жазу мақсатында жазылды. Сонымен бірге  жүйенің  интерфейсі  Windows 3.0 жүйесімен бірдей болуы тиіс болды. Бір айта кететін нәрсе Windows NT жүйесінің де  ең танымал болған версиясы  үшінші, яғни Windows NT 3.0 версиясы болды. Ол 1992 жылы жылы пайда болды,  ал 1994 жылы Windows NT 3.5 жазылды.

Операциялық жүйелерді дамыту ісі бір орында тұрмады.  1995 жылы  Windows тарихында жаңа кезең болып табылған операциялық жүйе пайда болды. Жаңа жүйені жасау кезінде  оның аты туралы көп әңгіме болды. Басында Windows 4.0 деп, кейіннен Windows Chicago деп,  ал ақыр соңында Windows 95 деп аталды. Windows 3.1 –ге қарағанда интерфейс көп өзгеріске ұшырады,  әрі программаның жұмыс жасау жылдамдығы да артты.

Windows 95-тің жаңалығының бірі компьютердің қосымша  құрылғыларының бір-бірімен  конфликтісіз жұмыс жасауы үшін оларды автоматты  түрде баптау мүмкіндігі пайда болды. Бұл технология Plug end Play деп аталды. Жүйенің тағы бір ерекшелігі Интернетпен ешқандай қосымша программаларсыз жұмыс жасау мүмкіндігі болды. Windows 95 – тің интерфейсі  Windows типті жүйлердің бәрінің негізі боды. 1996 жылы  өзгертілген Windows NT 4.0 версиясы шықты. Мұның интерфейсі Windows 95 жүйесінің интерфейсіне ұқсас болды.

Windows 95 – тің дамуының жалғасы болып, 1998 жылы Windows 98 шықты. Мұнда Интернетпен жұмысқа көп көңіл бөлінді.

Windows дамуының  келесі кезеңі  Windows 2000 және  Windows Me (Millennium Edition – редактор тысячелетия) шығуы болды. Windows 2000 жүйесі  Windows NT жүйесінің негізінде жазылды. Ал Windows Me Windows 98 жүйесінің жалғасы  болды,  бірақ көптеген жаңа  мүмкіндіктерді қамтыды.  Соның ішінде  мультимедиалық құралдармен жұмыс істеу жақсы дамытылды.  Windows Me көмегімен кез-келген қолданушы  үш-төрт  компьютер негізінде  файлдарды, папкаларды принтерді ортақ пайдалану үшін жергілікті желі жасай алады. Ең жаңа компонент  жүйенің  видеофильмдер редакторы болды.  Бұл программа көмегімен фильмдерді монтаж жасауға болады. Цифрлық фотокамералар мен сканерлермен жұмыс жасау жеңілдеді. Мұнда фотоларды компьютер жадына енгізу үшін  қосымша программалар қажет емес. Кең танымал МР 3 форматты дыбыстық файлдарды қолданушы өзі құра алатын болды. Жүйенің қауіпсіздігі мен қорғанысы да  жақсартылды. Plug end Play технологиясының жақсартылуы  компьютерге әртүрлі тұрмыстық приборларды  жеңіл қосуға  мүмкіндік берді.

Біртіндеп Windows жүйелерінің  арасындағы айырмашылық  жойылып, 2001 жылы Windows XP пайда болды.  Ол Windows NT мен Windows 2000-ның қауіпсіздік жүйесі мен сенімділігін Windows Me-нің  қолайлылығын біріктірді. Сондықтан да бұл жүйе қауіпсіз, сенімді және жылдам жұмысты қамтамасыз етті, сонымен бірге  ол үйренуге  қарапайым болды, әрі жеке үйдегі қолданушыларға арналған көптеген құралдар пайда болды.

Әртүрлі салада, бағытта қолдануға арналып, Windows XP жүйесінің көптеген варианттары шықты.

Microsoft Windows XP Home Edition үйдегі жұмыс жасайтын жеке қолданушыларға арналған.

Microsoft Windows XP Professional, аты айтып тұрғандай профессионалдарға арналған жүйе. Бұл версия  мекемелерде көп қолданылады.

Компьютерлік жүйедегі көп қолданушылардың жұмысын ұйымдастыру үшін, қуатты компьютерлерге арналып Microsoft фирмасы   Windows Server  2003 операциялық жүйесін жазды.

Қазіргі таңдағы Windows XP-дің мүмкіндіктері жоғары. Басқа  версиялардың бәрі де  уақыт өте келе ескірді. Сондықтан жұмыс жасауға тиімдісі әрі ыңғайлысы Windows XP жүйесі болып табылады.

Ал Windows XP жүйесімен жұмыс жасау үшін компьютерге қойылатын талаптар мынадай:

  • Компьютердің оперативті жады 128 Mb-тан кем болмауы керек. Жүйе жылдам жұмыс жасауы үшін 256 болғаны дұрыс.
  • Кез-келген процессор жарайды, бірақ тым ескі болмағаны дұрыс.  Егер тактілік жиілігі 300 Мгц тен жоғары болса жарайды, бірақ  1 Ггц-тен жоғары болғаны дұрыс.
  • Қатқыл дискте операциялық жүйенің файлдары мен уақытша файлдар  орналасуы керек әрі бос орын қалуы керек. Қазіргі уақытта кішкентай көлемді дисктер сатуда жоқ болғандықтан  ол жөнінде қиындық болмайды.

 

Сабақты бекітуге сұрақтар:

 

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
  2. Windows-тың даму тарихы қашаннан басталды?
  3. Windows 2.0 версиясы қашан пайда болды?
  4. Windows 3.0 версиясы қашан пайда болды?
  5. Windows NT версиясы қашан пайда болды және ол қандай мақсатқа арналды?
  6. Windows 95 жүйесі туралы не айта аласың?
  7. Windows Ме қандай артықшылықтары болды?
  8. Windows ХР қай жылы жазылды?
  9. Windows ХР-дің қандай варианттары бар?
  10. Windows ХР-мен жұмыс жасау үшін компьютерге қойылатын талаптар қандай?

 

Үйге тапсырма лекцияны оқып, түсінгендеріңді айтуға дайындалу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топ :
Күні:

Тақырыбы:                         Файлдық жүйе.

Сабақ мақсаты:                                а) Оқушыларды файл, файлдық жүйе, файлдың толық аты ұғымдарымен таныстыру.

 

Б) Файлдық жүйемен жұмыс жасау, файлдың кеңетілуіне қарап ондағы информация түрін ажырат білу дағдыларын қалыптастыру.

 

В) Компьютерде информациямен жұмыс жасап, сақтағанда белгілі бір реттілікпен жасайтындай тәртіпке, жинақылылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақ көрнекілігі:             Компьютер

Сабақ түрі:                         Дәстүрлі

Сабақ әдісі:                        Түсіндірмелі баяндау, әңгіме түрінде.

Сабақ типі:                         Жаңа білім беру сабағы.

Сабақ барысы:                  Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын сұрау

Жаңа сабақ түсіндіру

Жаңа сабақты бекітуге сұрақтар қою

Үйге тапсырма

Сабақты қорытындылау

Сәләматсыңдар ма?

Үйге берілген тапсырма Windows операциялық жүйесімен танысу. Тарихы және дамуы.

Алдымен үй тапсырмасын сұрап жіберелік. Үй тапсырмасы бойынша мынадай сұрақтар.

  1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
  2. Windows-тың даму тарихы қашаннан басталды?
  3. Windows 2.0 версиясы қашан пайда болды?
  4. Windows 3.0 версиясы қашан пайда болды?
  5. Windows NT версиясы қашан пайда болды және ол қандай мақсатқа арналды?
  6. Windows 95 жүйесі туралы не айта аласың?
  7. Windows Ме қандай артықшылықтары болды?
  8. Windows ХР қай жылы жазылды?
  9. Windows ХР-дің қандай варианттары бар?
  10. Windows ХР-мен жұмыс жасау үшін компьютерге қойылатын талаптар қандай?

Жаңа сабақ бізде Файлдық жүйе. Windows жүйесінің файлдық жүйесімен танысамыз.

Информация компьютердің жедел жадында немесе әртүрлі информация тасуыштарда: иілгіш дискета, қатқыл диск, компакт дискілерде сақталады. Компьютерді өшірген кезде оның жедел жады тазарады да, ал дискідегі информация  жойылмайды. Ұзақ уақыт  қолдануға арналған  информация  файлда сақталады.  Файл дегеніміз – аты бар және белгілі бір  белгілері бойынша  біріктірілген байттар тізбегі. Компьютердің файлдармен жұмыс жасау және сақтау жүйесі – файлдық жүйе жеп аталады.

Windows операциялық жүйесі әртүрлі файлдық жүйелерді қолдана алады.

Windows 95, 98 және Ме FAT және FAT32 файлдық жүйесімен жасайды, ал Windows 2000 және ХР қосымша жоғары сенімді NTFS файлдық жүйесін қолдана алады.

Кез келген файлдық жүйеде файлдар дискіде орналасқан әртүрлі  папкаларда сақталады. Компьютерде бірнеше диск қоюға болады. Кез келген қатқыл дискті, иілгіш дискті, компакт дискті және желілік дискті біз алдағы уақытта диск деп атайтын боламыз. Себебі олардың бәрінде файлдардың сақтауды ұйымдастырудың принципі бірдей. Әрбір дискке латын алфавитінің  A-дан Z-ке дейінгі бір әрпі ереже бойынша меншіктеледі. А әрпімен иілгіш диск белгіленеді. С – мен  компьютердің  Windows папкасы орналасқан негізгі дискісін белгілейді.  D және келесі әріптермен қалған дискілер белгіленеді.

Диск атын көрсеткенде әріптен соң «:» символы қойылады. Ол берілген әріптің диск атауы екенін білдіреді. Мысалы: А: немесе С:.

Әрбір дискіде әртүрлі файлдар жиыны орналасады. Кез келген  файл дискінің өзінде, яғни түпкі каталогта немесе бір папканың ішінде орналасқан келесі  папканың ішінде  орналасуы мүмкін.

Файлдар әртүрлі папкаларда орналасатындықтан дискіде бір атпен бірнеше файл сақтауға болады. Бір папканың келесі бір папканың ішінде орналаса алатын дискіде  информация сақтау құрылымы иерархиялық немесе ағаш тәрізді  деп аталады. Мұндай құрылым шынында да  әрбір жапырағы файл, әрбір бұтағы  папка болатын  терекке ұқсас болады.

Бұндай жағдайда берілген файлды дәл анықтау үшін оның атын және орналасқан жерін  беру керек. Орналасқан жері деп файл  орналасқан  диск пен файл сақталған барлық папкалар айтылады.  Файлдың дәл орналасу жерін  файлдың толық аты немесе файлға апаратын  жол деп атайды.

Файлдың толық атын көрсеткенде папка атаулары бір-бірінен және диск атауынан кері көлбеу «\» сызық   арқылы ажыратылады.

Мысалы: С:\Мои документы\Мои рисунки\Я в молодости.jpg

Бұл Я в молодости файлы С дискісіндегі Мои докумены папкасының ішінде орналасқан Мои рисунки папкасында сақталғанын көрсетеді.

Файл атауы екі бөліктен тұрады. Нүктеге дейінгі бөлік және нүктеден кейінгі бөлік. Нүктеге дейінгі бөлік файлдың қолданушы қойған атауы, ал нүктеден кейінгі бөлік файлдың кеңейтілуі деп аталады. Файл кеңейтілуі үш әріптен тұрады және файлда сақталған информацияның түрін көрсетеді.

Мысалы: doc – Word құжаты екенін көрсетеді.  wav – дыбыстық файл екенін көрсетеді. jpg – бейне екенін көрсетеді.

Windows-тағы маңызды ұғымның бірі жарлық. (ярлык) Windows-та кез келген обьектіге басқа жерден сілтеме  қоюға болады. Осындай сілтемелерді жарлық деп атайды. Мысалы жиі қолданылатын файл көптеген файлдың ішінде орналасқан болса оған қатынасу уақыт алады. Мұндай жағдайда сол файлдың жарлығын құрып, жұмыс столына шығарып қойса оған қатынасу жеңілдейді.

Windows графикалық интерфейсті болғандықтан мұқндағы бар жұмыс таңбашалар мен белгілермен жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Windows-тің негізгі обьектілері таңбашалар мен белгішелер. Мысалы программаны ашу үшін, папкаларды ашу үшін оның белгісінде маусты шерту арқылы жүзеге асырылады. Жұмысты басттауға арналған негізгі кнопка есептер панеліндегі Пуск батырмасы. Жүйеде орнатылған барлық программаға осы батырма арқылы шығамыз.

 

Бекіту сұрақтары:

  1. Файл дегеніміз не?
  2. Файлдың атауы неше бөліктен тұрады?
  3. Файлдың кеңейтілуі нені білдіреді?
  4. Диск атауын қалай белгілейді?
  5. Windows папкасы қай дискіде орналасады?
  6. Информация сақтаудың иерархиялық құрылымы қандай болады?
  7. Файлдың толық атауы нені білдіреді?

 

Үйге тапсырма лекцияны оқып келу.

Сабақ аяқталды

Сау болыңыздар

 

 

 

 

 

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Сабақ жоспарлар сайты ЖОСПАР.КЗ
Добавить комментарий