Физика 9 сынып сабақ жоспарлары

9-сынып. 1-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті.

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға «Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті» тақырыбын түсіндіру, саналарына бекіту.
2. Оқушыларды үнемі өз білімдерін толықтырыруға, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
3. Оқушылардың ғылыми ойлауын, дүниетанымын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сабақты түсіндіру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

Сабақтың типі: дәстүрлі тип;

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен, жекелей жұмыс жасау;

Сабақтың түрі: кіріспе сабақ;

Дидактикалық материал: 7-сынып Физика оқулығы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;
Амандасу. Келмеген оқушылар тізімін журналға белгілеу.

Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру; Жоспар бойынша сабақты түсіндіру;
а) Кіріспе.
Физика – табиғаттағы денелер мен құбылыстардың неғұрлым жалпылама қасиеттері жайлы ғылым. Оның міндеті – құбылыстардың мәнісі мен ішкі заңдылықтарын ашу. Денелердің кеңістікте орын ауыстыруы, яғни қозғалысы олардың негізгі қасиеттерінің бірі болып табылады. Денелердің қозғалысын физиканың негізгі бөлімі – механика зерттейді. Шешілетін мәселердің сипатына қарай механиканы кениматика және динамика деп бөледі.
ә) Дене кейбір денеге қатысты тыныштықта болғанымен, басқа бір денеге қатысты тыныштықта болғанымен, басқа бір денеге қатысты тыныштықта болғанымен, басқа бір денеге қатысты қозғалыста болады, сонықтан денелердің тыныштығы да салыстырмалы болып табылады. Табиғатта абсолют қозғалмайтын дененің болуы мүмкін емес, болмайды да.
б) Теория.
Бізді қоршаған ортадағы үйлер, машиналар, жан-жануарлар, өсімдіктер, су, ауа, дыбыс, жарық, атомдар мен молекулалар, радиотолқындар т.б. ғылыми тілінде материя деп аталады. Материяның негізгі қасиеттерінің бірі – қозғалыс. Материясыз қозғалыс, қозғалыссыз материя болмайды. Қозғалыс – материяның дүниенің айғағы. Табиғат немесе әлем деп отырғанымыз қозғалыстағы материя болып табылады.
Материяның қасиеттерін, оның өзгерістерін зерттеу барысында көптеген физикалық шамалар енгізіледі. Бұл шамалардың арасындағы ең маңызды байланыстар ашылады да, олар математикалық қатынастар арқылы өрнектейді. Материя қасиеттерін сипаттайтын заңдар тағайындалады.

Қорытынды: 1. Табиғатта абсолют тыныштықта тұратын дене бола ма?
2. Тыныштықтың салыстырмалы болатынын қандай
мысалмен түсіндіруге болады?
3. Ғылымда материя деп нені айтады,және оның негізгі
қасиеті қандай?
4. Материяның қасиеттерін сипаттайтын заңдар қалай
тағайындалады?

Үйге тапсырма: §1- оқып түсініктерін айтып беру.
9-сынып. 2-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Векторлар және оларға амаладар қолдану.
Вектордың координаталар проекциялары

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға «Векторлар және оларға амаладар қолдану.
Вектордың координаталар проекциялар» тақырыбын
түсіндіру, саналарына бекіту.
2. Оқушыларды жауапкершілікке, үнемі өз білімдерін толықтырыруға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
3. Оқушылардың практикалық сауаттылықтарын арттыру. ғылыми ойлауын, дүниетанымын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сабақты түсіндіру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

Сабақтың типі: дәстүрлі тип;

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен, жекелей жұмыс жасау,
көрнекіқұралмен жұмыс жасау;

Сабақтың түрі: теория-практика сабақ;

Дидактикалық материал: 7-сынып Геометрия оқулығы;

Пән аралық байланыс: геометрия, алгебра;

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;
Амандасу. Келмеген оқушылар тізімін журналға белгілеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті»
тақырыбын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру; Жоспар бойынша сабақты түсіндіру;
а) Вектор туралы түсінік.
Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын латын шамалар векторлық шамалар немесе векторлар деп аталады. Кеңістікте белгілі бір бағыты болмайтын, тек сандық мәнімен ғана сипатталатын шамалар скаляр шамалар немесе скалярлар деп аталады. Кез келген вектордың сандақ мәні оның модулі деп аталады. Модуль – скаляр шама.
а
ә) Векторларды қосу.
Векторды өзіне-өзін параллель көшіргенде вектор
өзгермейді
а с
в с=а+в
Екі векторды бастарын түйістіре параллеллограмм саламыз. Сонда екі вектордың шыққан нүктесінен жүргізілген бағыты көрсетілген диагональ қорытқы вектор болып табылады. Векторларды осылай қосу параллелограмм ережесі бойынша қосу деп аталады. Бірінші вектордың басынан екінші вектордың ұшына қарай жүргізілген вектор сол екі вектордың қосындысын береді. R=F1+F2+F3+…

б) Векторларды азайту.
Векторларды қосу ережесінен векторларды азайту ережесін шығарып алуға болады.

в -в с=а+(-в) в с=а-в
а
а а
Осы с векторы қорытқы вектор болады
в) Векторларды скалярға көбейту (бөлу).
Берілген а векторын кез келген k скалярға көбейту үшін вектордың модулін берілген санға көбейтеміз: b=k*a (b=a:k)
Қорытынды: 1. Векторлық шамаларға мысалдар келтіріңдер. Векторлық
шамаларды қалай белгілейді?
Векторлық шаманың скалярлық шамадан айырмашылығы неде?
Екі векторды қалай қосады? Бірнеше векторды ше?
Векторлық шамалар қалай азайтылады?
Векторды скалярға қалай көбейтеді (бөледі)?

Үйге тапсырма: §2-3 оқып түсініктерін айтып беру.

Бағалау: Үй тапсырмасын айтқан оқушыларды және белсене қатысқан
оқушыларды бағалау.

9-сынып. 3-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу.

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға «Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу» тақырыбын түсіндіру, саналарына бекіту.
Оқушыларды жауапкершілікке, үнемі өз білімдерін
толықтырыруға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың теориялық практикалық сауаттылық-тарын арттыру, ғылыми ойлауын, дүниетанымын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сабақты түсіндіру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

Сабақтың типі: дәстүрлі тип;

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен, жекелей жұмыс жасау,
көрнекі құралмен жұмыс жасау;

Сабақтың түрі: теория-практика сабақ;

Дидактикалық материал: А.П.Рымкеевич «Физика есептер жинағы»

Қосымша материал: Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі
жылдамдық және орын ауыстыру

Пән аралық байланыс: алгебра;

Көрнекі құрал: сызығыш, карандаш,плакатта сызылған сызбалар, графиктер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;
Амандасу. Келмеген оқушылар тізімін журналға белгілеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Векторлар және оларға амаладар қолдану.
Вектордың координаталар проекциялары»
тақырыбын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру; Жоспар бойынша сабақты түсіндіру;
а) Теңайнымалы қозғалыс.
Дененің жылдамдығы тұрақты болса, ондай қозғалысты бірқалыпты қозғалыс деп атайды. Ал дененің жылдамдығы өзгеріп отырса, ондай қозғалысты айнымалы қозғалыс деп атайды.
Теңайнымалы қозғалыс деп денің жылдамдығы кез келегн бірдей уақыт аралықтарында бірдей шамаға өзгеріп отыратын қозғалысты айтады.
Теңайнымалы қозғалыстардың қарапайым түрлеріне теңүдемелі және теңбаяулатқыш қозғалыстар жатады. Теңүдемелі қозғалыс кезінде жылдамдық бірқалыпты арттады. Теңбаяулатқыш қозғалыстың жылдамдығы әрбір уақыт бірлігінде бірдей шамаға кеміп отырады.

ә) Үдеу.
Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттау үшін үдеу деп аталатын шама еңгізіледі.
Үдеу дегеніміз – жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама; ол жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс болған уақыт аралығына қатынасына тең шаманы айтады. Үдеу а ⃗ әріпімен белгілейді.
а ⃗=(v ⃗-v ⃗_0)/(t-t_0 ) немесе а ⃖=(Δv ⃗)/Δt
Халықаралық бірліктер жүйесінде үдеу 1 м/с2-пен өлшенеді.

б) Теңайнымалы кезіндегі жылдамдық.
Үдеудің формуласынан жылдамдықты табуға болады.
а ⃖=(v ⃗-v ⃗_0)/Δt ↔ v ⃗ = v ⃗_0+a ⃗t
v0 – бастапқы жылдамдығы бар, үдеу оң таңбалы, яғни қозғалысы артып отыратын қозғалыс теңдеуі.
в) Түзусызықты қозғалыстағы орын ауыстыру.
С
В OВ=v0, AC=v ⃗_0+a ⃗t, OA=t
Д v ⃗_0+a ⃗t s=v_0 t+(at^2)/2 теңүдемелі қозғалыс үшін;
v ⃗_0 s=v_0 t+(at^2)/2 теңбаяулатқыш қозғалыс үшін;
s=(at^2)/2 нөлге тең болған кезде ;
О t А
ІҮ.Қорытынды: 1.Тең айнымалы қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
2. Үдеу дегніміз не? Үдеу қандай формуламен өрнектеледі?
3.Теңүдемелі қозғалыс жолының формуласын қорытып шығарыңдар?
4. Үдемелі қозғалыстың баяулайтын қозғалыстан айырмашылығы неде?
5. Теңайнымалы қозғалыс кезінде жылдамдық қалай өзгереді?

Ү. Үйге тапсырма: §4-5 оқып түсініктерін айтып беру.4-жаттығудың №4,5,6
есептерін шығарып келу.

ҮІ. Бағалау: Үй тапсырмасын айтқан оқушыларды және белсене қатысқан
оқушыларды бағалау.

9-сынып. 4-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дененің еркін түсуі Еркін түсу үдеуі.

Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға «Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.» тақырыбын түсіндіру, саналарына бекіту.
Оқушыларды белсенділігін арттыру өзіне-өзі баға беруге, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға үйрету, дәлдікке, ұқыптылыққа ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Оқушылардың теориялық практикалық сауаттылықтарын арттыру, ғылыми ойлауын, дүниетанымын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын жүйелеуге, ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдылан-дыру. Сабақты түсіндіру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын ояту.

Сабақтың типі: дәстүрлі тип;

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен, жекелей жұмыс жасау,
көрнекі құралмен жұмыс жасау;

Сабақтың түрі: теория-практика сабақ;

Дидактикалық материал: А.П.Рымкеевич «Физика есептер жинағы»

Пән аралық байланыс: география;

Көрнекі құрал: сызығыш, карандаш,плакатта сызылған сызбалар,
графиктер, ауыр тастар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі;
Амандасу. Келмеген оқушылар тізімін журналға белгілеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу»
тақырыбын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру; Жоспар бойынша сабақты түсіндіру;
а) Ауыр шар тез құлап түседі, ал жұқа қағаз парағы
біртіндеп, күрделі траектория бойымен қалықтап
түседі. Құлайтын денелердің жылдамдығы мен
үдеуі, қалыпты жағдайда, денелердің ауырлығы-
на, олардың өлшемдері мен пішіндеріне тәуелді
болады. Ауасыз кеңістікте барлық денелер бірдей
уақытта түседі.

ә) Еркін түсу үдеуі.
Ортаның кедергісі болмаған кездегң денелердің түсуі – еркін түсу деп аталады. Еркін түсу үдеуі g әріп әріпмен белгіленеді. Біз есеп шығарған кезде есептеуге оңай болу үшін шартты түрде g=9,8м/с2деп аламыз

б) Дене түсіп келе жатқанда төмен қарай бағытталған а = g үдеумен s=v_0 t+(at^2)/2 заңы бойынша вертикаль бойымен түзусызықты теңүдемелі қозғалады.
t=0 s0=0; v_0=0; s=(at^2)/2; v=gt; s=h
осы үш теңдеуді пайдалана отырып, t=√(2h/g) түсу уақытын және түскен мезеттегі v=√2gh жылдамдықты табуға болады.

ІҮ.Қорытынды: 1.Дененің еркін түсуі деп нені айтады?
2.Дененің еркін түсуі қозғалыстың қандай түріне жатады?
3. Еркін түсу үдеуі қандай шама және оның сандық мәні неге тең?
4. Ендікке байланысты еркін түсу үдеуінің сандық мәні қалай өзгереді?
5.Еркін түсу үдеуі денеің массасына байланысты бола ма?
6. Еркін түсу үдеуі денеің жылдамдығына тәуелді бола ма?

Ү. Үйге тапсырма: §6 оқып түсініктерін айтып беру.5-жаттығудың №3
есептерін шығарып келу.

ҮІ. Бағалау: Үй тапсырмасын айтқан оқушыларды және белсене қатысқан
оқушыларды бағалау.

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Сабақ жоспарлар сайты ЖОСПАР.КЗ
Добавить комментарий