Физика 9 сынып. ҚМЖ қысқа мерзімдік жоспар

Күні:

Сыныбы: 9

Пәні: физика

Сабақтың аты Қозғалыс материяның ажырамас бөлігі
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  қозғалыс материяның ажырамас бөлігі жайлы мағлұмат беруØ  қозғалыс заңдарының  формуласын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

Ø  өзін-өзі бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже Ø  қозғалыс материяның ажырамас бөлігі  жайлы мағлұмат аладыØ  қозғалыс заңдарының  формуласын есеп шығаруға үйренеді

Ø  өзін-өзі бағалай алатын болады

Негізгі  идеялар Қозғалыс табиғатта кез-келген өзгерісті білдіреді. Денелердің қозғалысын физиканың негізгі бөлімі – механика зерттейді.  Механика кинематика және динамика деген бөлімдерден тұрады.Кинематика – механиканың қозғалыстарды сипаттайтын шамалар арасындағы байланысты қарастыратын бөлімі.

Кинематикада денелердің қозғалысын анықтайтын себептер қарастырылмайды,

оларды динамика қарастырады.

Дене кейбір дегене қатысты тыныштықта болғанымен, басқа бір денеге қатысты қозғалыста болады, сондықтан денелердің тыныштығы салыстырмалы болып табылады.

Материяның негізгі қасиеттерінің бірі –қозғалыс. Материясыз қозғалыс, қозғалыссыз – материя болмайды.

Материяның қасиеттерін, оның өзгерістерін зерттеу барысында көптеген физикалық шамалар енгізіледі. Бұл шамларадың арасындағы ең маңызды байланыстар ашылады да, олар математикалық қатынастар арқылы өрнектеледі. Сөйтіп, материя қасиеттерін сипаттайтын заңдар тағайындалады.

 

Тапсырмалар Топтық  жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Тест тапсырманы орындау»
 Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

1.1.    Сәлемдесу

1.2.    Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу

1.3.    Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5  минут)

1.      8-сынып курсын еске түсіріп шолу жасау

 

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

1.      Физика ғылымында дененің қозғалғанын қалай білеміз?

2.      Механикалық қозғалыс дегенді қалай түсінесіңдер?

3.      Материя дегенді қалай түсінесіңдер?

 

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

 

 

Бақылаушының  бағалау парағы

 

Бағалау өлшемдері Көшбасшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы

 

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

 

Ү. Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Берілген сөздерге шағын эссе жазады

  1. Қозғалыс
  2. Материя
  3. Табиғат

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

V. сергіту сәті  (3 минут) (видео)

 

VІ. Жеке жұмыс «тест жұмысын орындау» (10 минут)

.Механикалық қозғалыс дегеніміз не?

а) Санақ денесімен байланысқан координат жүйесі ;

б) Өлшемі мен пішінін ескермеуге болатын дене ;

в) Басқа денелерге қатысты кеңестіктегі орын ауыстыруы;

г) Орын ауыстырудың жолға қатынасы;

2.Ұзындық бірлігі.

а) Дж;.  б) Метр;  в) секунд;  г) Вт

3.Орын ауыстырудың  формуласы

а) s=v t; б) v=s/t  E) s=u0t+at     r) s=u0t  + at0

4.Серпінді дегеніміз не?

а) Орын ауйыстырудың жолға қатынасы;

б) Бірдей уақыт аралығындағы жылдамдық;

в) Жұмыстын жолға көбейтіндісі;

г) Жүкті алып тастағаннан кейінгі деформация;

5.Еркін түсу үдеуінің сандық мәні ?

а)10,1 Дж;  б) 8,7 Вт, в) 9,8 м/с  ,  г)9,7м/с

6.Бұрыштық ығысуы қандай әріппен белгіленеді ?

а) U ;     б) S ;       в) T  ;      г) φ

7. « Динамика» қандай мағына береді?

а) Суреттеу; б)Күш; в) Ғалым; г) Жазамын.

8. Исаак Ньютон қай жердің ғалымы?

а) грек ;  б)француз; в)ағылшын; г)қытай.

9.Жылдамдықты өлшеуге арналған прибор

а) термометр; б) барометр; в) амперметр; г) спидометр.

10.Төмендегі ғалымдардың қайысысы дене еркін  түскенде бір қалыпты үдемелі қозғалыста болатынын ж/е үдеуі барлық денелер үшін бірдей екенінін тапқан?

а) Архимед; б)Галлилей; в) Ньютон; г) Гьюгенс; д) Гук.

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

 

Кейінгі тапсырмалар Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.
Кейінгі оқу §1 Қозғалыс материяның ажырамас бөлігі

 

 

Күні:

Сыныбы: 9

Пәні:физика

Сабақтың аты §2,3.Векторлар және векторларға амалдар қолдану. Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары. Проекцияларға амаладар қолдану
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  Векторлар және векторларға амалдар қолдану. Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары. Проекцияларға амаладар қолдану жайлы мағлұмат беруØ  Векторлар және векторларға амалдар қолдану. Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары. Проекцияларға амаладар қолдана білуге үйрету

Ø  өзін-өзі бағалауға  баулу

Күтілетін нәтиже Ø  Векторлар және векторларға амалдар қолдану. Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары. Проекцияларға амаладар қолдану жайлы мағлұмат аладыØ  Векторлар және векторларға амалдар қолдану. Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары. Проекцияларға амаладар қолдана білуге үйренеді

Ø  өзін-өзі бағалай алатын болады

Негізгі  идеялар Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар векторлық шамалар деп аталады.Кеңістікте белгілі бір бағыты болмайтын, тек сандық мәнімен ғана сипатталатын шамалар скалярлық шамалар деп аталады.

 Векторларды қосу.                         Бірнеше векторларды қосу.

 

Векторларды азайту.

 

Тапсырмалар Топтық  жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

 

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  • Сәлемдесу
  • Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
  • Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4  минут)

  1. Табиғатта абсолют тыныштықта тұратын дене бола ма?
  2. Тыныштықтың салыстырмалы болатынын қандай мысалдармен түсіндіруге болады?
  3. Ғылымда материя деп нені айтады? Оның негізгі қасиеті қандай?
  4. Материяның қасиеттерін сипаттайтын заңдар қалай тағайындалады?

 

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Вектор дегенді қалай түсінесіңдер?
  2. Векторларға қандай амалдар қолдану тиімді деп ойлайсыздар?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының  бағалау парағы

 

Бағалау өлшемдері Көшбасшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы

 

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Берілген суретті түсіндіру, яғни  штурман айтып отырады, пилот қағаз бетіне түсіріп отырады.

 

1)                                                                 2)                                          3)

 

 

 

 

 

 

 

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)

1 Білу Вектор дегеніміз не?
2 Түсіну Векторға қандай амалдар қолданамыз?
3 Қолдану  

 

 

 

4 Талдау  Векторлар мен координата өсіндегі проекцияларын салыстыр?  
5 Жинақтау Суретті қысқаша түсіндір? 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 Бағалау Күнделікті есептеулерде векторлық амалдарды орындаудың маңызы қаншалықты?  

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.
Кейінгі оқу §2,3.Векторлар және векторларға амалдар қолдану. Вектордың координаталар осьтеріндегі проекциялары. Проекцияларға амаладар қолдану

 

 

Күні:

Сыныбы: 9

Пәні:физика

Сабақтың аты §4,5 Түзусызықты тең айнымалы қозғалыс. Үдеу. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  Түзусызықты тең айнымалы қозғалыс. Үдеу. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру жайлы мағлұмат беруØ  Түзусызықты тең айнымалы қозғалыс. Үдеу. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру формулаларын есеп шығаруда  қолдана білуге үйрету

Ø  Топта  бағалауға  баулу

Күтілетін нәтиже Ø  Түзусызықты тең айнымалы қозғалыс. Үдеу. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру жайлы мағлұмат аладыØ  Түзусызықты тең айнымалы қозғалыс. Үдеу. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру формулаларын есеп шығаруда  қолдана білуге үйренеді

Ø  Топта  бағалай алатын болады

Негізгі  идеялар Теңайнымалы қозғалыс деп дененің жылдамдығы кез келген бірдей уақыт аралығында бірдей шамаға өзгеріп отыратын қозғалысты айтады.Үдеу дегеніміз – жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама; ал жылдамдық өзгерісінің осы өзгеріс болған уақыт аралығына қатынасына тең.

,  ,

ХБЖ-да үдеу бірлігі 1м/с2.

формуласынан жылдамдықты табайық:

-бұл  бастапқы жылдамдығы бар, үдеуі оң таңбалы, яғни жылдамдығы артып отыратын қозғалыс теңдеуі.

Енді бастапқы жылдамдығы нөлге тең, ал үдеу оң таңбалы болсын. Мұндай қозғалыс кезіндегі жылдамдық формуласы:

бастапқы жылдамдық нөлден өзгеше және таңбасы оң болсын. Бірақ үдеу теріс таңбалы, яғни жылдамдық кеміп отырады делік. Мұндай қозғалыс жылдамдығы

Түзу сызықты қозғалыстағы орын ауыстыру векторының модулі жүрілген жолмен сәйкес келеді.

Тапсырмалар Топтық  жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

 

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  • Сәлемдесу
  • Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
  • Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4  минут)

  1. Векторлық шамалар дегеніміз не?
  2. Скаляр шамалар дегеніміз не?
  3. Векторларға амалдарды қалай қолданамыз?
  4. Векторлар проекциясы дегеніміз не?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

  1. Теңайнымалы қозғалыс деп қандай қозғалысты айтуға болады?
  2. Теңайнымалы қозғалыс кезінде жылдамдық қалай өзгереді?
  3. Үдеу дегеніміз қандай физикалық шама?
  4. Теңүдемелі қозғалыс жылдамдығы графигінің бірқалыпты қозғалыс графигінен айырмашылығы неде?
  5. Теңүдемелі қозғалыстағы дененің кез келген уақыт мезетіндегі жүрген жолын есептеп табу үшін нені білу керек?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының  бағалау парағы

 

Бағалау өлшемдері Көшбасшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Берілген суретті түсіндіру, яғни  штурман айтып отырады, пилот қағаз бетіне түсіріп отырады.

1)                                                                 2)                                          3)

 

 

 

 

 

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)

1 Білу Үдеу  дегеніміз не?
2 Түсіну Үдеудің формуласын және өлшем бірлігін жаз?
3 Қолдану Дене 5 секунт ішінде 0,5 м/с2 үдеу алады.осы кезде жылдамдығы қанша болды?(Бастапқы жылдамдық 0-ге тең болғанда)  

 

 

4 Талдау  Кітаптағы 13-суреттегі а және ә  суреттерін салыстыр?  
5 Жинақтау Суретті қысқаша түсіндір? 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 Бағалау Күнделікті өмірде теңүдемелі және теңбаяулайтын қозғалыстарға мысалдар келтір?  

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.
Кейінгі оқу §4,5 Түзусызықты тең айнымалы қозғалыс. Үдеу. Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Сабақ жоспарлар сайты ЖОСПАР.КЗ
Добавить комментарий