Физика 10 сынып. ҚМЖ қысқа мерзімдік жоспар

Күні:

Сыныбы: 10

Пәні: физика

Сабақтың аты §1.1 -1.2 Кинематиканың негізгі ұғымдары, теңдеулері, формулалары
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  кинематиканың негізгі ұғымдары, теңдеулері, формулалары  жайлы мағлұмат беруØ  кинематиканың негізгі ұғымдарын, теңдеулерін, формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

Ø  өзгенің пікірімен санасуға баулу

Күтілетін нәтиже Ø  кинематиканың негізгі ұғымдары, теңдеулері, формулалары жайлы мағлұмат аладыØ  кинематиканың негізгі ұғымдарын, теңдеулерін, формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге  үйренеді

Ø  өзгенің пікірімен санаса алатын болады

Негізгі  идеялар Механика-материялық денелер қозғалысы және олардың өзара әрекеттесуі туралы ежелгі ғылымдардың бірі. Механика «кинематика және динамика» деген үлкен тарауларға бөлінеді. Кинематиканың негізгі  ұғымдарына жүрілген жол, траектория, орын ауыстыру жатады. Механикалық қозғалысқа түскен кез-келген денелердің орнын координаталық, векторлық, қисықсызықты координата әдістері арқылы табады. 
Тапсырмалар Топтық  жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «есептер шығару»
 Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

1.1.    Сәлемдесу

1.2.    Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу

1.3.    Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (траектория, жол, орын ауыстыру сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5  минут)

1.      9-сынып курсын еске түсіріп шолу жасау

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

1.      Механикалық қозғалыс дегенді қалай түсінесіңдер?

2.      Кез-келген дененің орнын табу үшін қандай тәсілдерді қолданған тиімді?

3.      Қозғалыстың қандай түрлерін білесіңдер?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының  бағалау парағы

 

Бағалау өлшемдері Көшбасшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы

 

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

 

 

Ү. Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Берілген формулаларды түсіндіреді

 

  1.                                    2.                                                    3.

 

 

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

V. сергіту сәті  (3 минут) (видео)

VІ. Жеке жұмыс «есептер шығару» (10 минут)

  1. Поезд  90 км/сағ жылдамдықпен келе жатып, жылдамдығын тежей бастайды. Бірқалыпты баяу қозғала отырып 40 с ішінде тоқтайды.Поезд тоқтағанға деін қанша жол жүреді?
  2. 40 м/с жылдамдықпен горизонтал лақтырылған дене 4 с жерге түседі. Дене қанша қашықтыққа  ұшқан?

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

 

Кейінгі тапсырмалар Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.
Кейінгі оқу §1,1-1,2  Кинематиканың негізгі ұғымдары, теңдеулері, формулалары

 

 

Күні:

Сыныбы: 10

Пәні: физика

Сабақтың аты §1,3-1,4  Еркін түсу, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  еркін түсу, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы жайлы мағлұмат беруØ  еркін түсу, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысының  формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

Ø  бірін-бірі бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже Ø  еркін түсу, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы жайлы мағлұмат аладыØ  еркін түсу, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысының формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге  үйренеді

Ø  бірін-бірі бағалай білетін болады

Негізгі  идеялар Ауасыз кеңістікте барлық денелер бірдей уақытта түседі. Бұл тұжырымды итальян ғалымы Галилео Галилей жасаған болатын. Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі еркін түсу деп аталады.  Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп тексере алмады.  80 жылдан кейін Ньютон оны жүзеге асырды.g-еркін түсу үдеуі.

g=9,8 м/с2.

Белгілі бір h биіктіктегі дененің жерге қанша уақыттан кейін түсетінін және түскен сәтте оның жылдамдығы қандай болатынын есептеу қажет болсын. Бастапқы жылдамдық нольге тең. Дененің қозғалысын Жермен салыстырамыз.Дене төмен түсіп келе жатқанда төмен қарай бағытталған a=g үдеумен s=υ0t+at2/2 заңы бойынша вертикаль бойымен түзусызықты теңүдемелі қозғалады.  Жолдың ұзындығын түсу басталған нүктеден, уақытты түсу басталған мезеттен есептейміз, ал төмен қарайғы бағытты оң бағыт ретінде аламыз.

 

Тапсырмалар Топтық  жұмыс «Жигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс
 Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

1.1.    Сәлемдесу

1.2.    Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу

1.3.    Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (траектория, жол, орын ауыстыру сөздері арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5  минут)

1.      Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс жайлы не білеміз?

2.      Теңайнымалы қозғалыс және оның теңдеуі жайлы не білеміз?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

1.      Еркін түсудің мәні неде?

2.      Кез-келген дене еркін түсе алады ма?

3.      Көкжиекті бұрыш жасай лақтырылған денелердің теңдеулерін түсіндір?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

 

 

 

 

 

Бақылаушының  бағалау парағы

 

Бағалау өлшемдері Көшбасшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы

 

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

 

 

Ү. Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Берілген формулаларды түсіндіреді

1)                                                       2)             3)

 

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

V. сергіту сәті  (3 минут) (видео)

VІ. Жеке жұмыс  (10 минут)

  1. Еркін түсу деп————-

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

 

Кейінгі тапсырмалар Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.
Кейінгі оқу §1,3-1,4  Еркін түсу, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы

 

 

Күні:

Сыныбы: 10

Пәні:физика

Сабақтың аты Есептер шығару
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  Кинематиканың негізгі ұғымдары, теңдеулері, формулалары жайлы мағлұмат беруØ  Кинематиканың негізгі ұғымдары, теңдеулері, формулаларын есептер шығаруда  қолдана білуге үйрету

Ø  Топта  бағалауға  баулу

Күтілетін нәтиже Ø  Кинематиканың негізгі ұғымдары, теңдеулері, формулаларын қолдану жайлы мағлұмат аладыØ  Кинематиканың негізгі ұғымдары, теңдеулері, формулаларын есептер шығаруда  қолдана білуге үйренеді

Ø  Топта  бағалай алатын болады

Негізгі  идеялар  

 

 

,       ,

 

 

Тапсырмалар Топтық жұмыс «есептер шығару»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Жалғасын тап»

 

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  • Сәлемдесу
  • Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
  • Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандарына байланысты 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5  минут)

  1. Еркін түсужәне еркін түсу үдеуінің мәні неде?
  2. Көкжиекті бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалыс траекториясын түсіндір?
  3. Көкжиекті бұрыш жасай лақтырылған дене қанша градуста ұзақ қашықтыққа ұшады?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (4 минут)

  1. Өткен тақырыптар бойынша формулаларды еске түсіру

ІҮ. Есептер шығару (25 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген есепті  топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының  бағалау парағы

 

Бағалау өлшемдері Көшбасшы Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Есептің шешуіне  үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы

 

  1. Ұста балғасымен дайындаманы соғып қалғанда, балға тежелген кездегі үдеу модулі бойынша 200 м/с2-қа тең болды. Егер балғаның бастапқы жылдамдығы 10 м/с болса, онда қанша уақытқа созылған еді?
  2. Поезд орнынан қозғалған соң 10 с өткенде 0,6 м/с жылдамдық алады. қозғалыс басталған соң қанша уақыт өткенде поездің жылдамдығы 3 м/с-қа тең болады?
  3. Велосипедші еңіске қарай 0,3 м/с2 үдеумен қозғалып келеді. Бастапқы жылдамдығы 4 м/с-қа тең болса, онда 20 с өткен соң оның жылдамдығы қанша болады?

VІ. Жеке жұмыс «жалғасын тап» (6 минут)

  1.   Механиканың негізгі түсініктеріне……………………………………………………………
  2. Механикада қозғалысты түрліше тәсілдермен сипаттайды, мәселен…………………………………………..
  3. Материялық нүктенің бірқалыпты түзусызықты қозғалысы, a=0 болғанда формуласы мына түрге келеді…………………………………………..
  4. Қозғалыс траекториясы деп……………………………………………….

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар №25
Кейінгі оқу §1,1-1,4 тақырыптарды қайталау
Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Сабақ жоспарлар сайты ЖОСПАР.КЗ
Добавить комментарий