[REQ_ERR: OPERATION_TIMEDOUT] [KTrafficClient] Something is wrong. Enable debug mode to see the reason. Математика 3-сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары Атамұра. Барлығы – 170 сағат, аптасына 5 сағаттан

Математика 3-сынып ҚМЖ қысқа мерзім жоспарлары Атамұра. Барлығы – 170 сағат, аптасына 5 сағаттан

МАТЕМАТИКА

3-сынып

Барлығы – 170 сағат, аптасына 5 сағаттан

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Кестелік қосу және азайту      2-сағат
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақтың жабдығы Сызба, деңгейліктапсырма ,карточкалар
Жалпымақсаттар 1. Ондықтан аттап қосу тәсілдерін таныстыру;
2. Оқушылардың ауызша есептеу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
3. Оқушыларды тату және ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: интерактивті, ақпараттандыру сабағы
Сабаққа керекті көрнекіліктер: электрондық оқулық, бейнепроектор, маркерлік тақта, дидактикалық материалдар мен ойындар, суреттер.
Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Қол алысып, қәне, біз,Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш — жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
Үй тапсырмасын сұрау  1. Кез келген санды бірге көбейткенде, қандай сан шығады?(сан шығады)2. Санды сол санның өзіне бөлсе, неше шығады?(1 шығады)

3. Нөлді санға бөлгенде, неше шығады?(0 шығады)

4. Санды нөлге бөлуге бола ма?(болмайды)

5. 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар қалай аталады? (Жұп)

6. 2-ге қалдықсыз бөлінбейтін сандар қалай аталады? (тақ)

7. Егер есепте қосу мен көбейту амалы келсе, алдымен қандай амалды орындаймыз? (көбейту)

Қызығушылықты ояту
Мағынаны тануОқулықтағы есептерді шығару.

Қосымша тапсырмалар.

1 тапсырма.

Бөлінгіш 23 19 57 80 45
Бөлгіш 5 4 7 9 6
Бөліндінің мәні 4 4 8 8 7
Қалдық 3 3 1 8 3

2 тапсырма.

Хх3=100-73  104+х=700-443 ух5=283+167   у:8=120:60  ах4=200-164  30ха=500-230 Хх3=27         104+х=257        ух5=450            у:8=2           ах4=36           30ха=270         х=27:3

х=257-104          у=450:5            у=2х8           а=36:4            а=270:30

х=9               х=153                 у=90                   у=16            а=9                 а=9

Сергіту сәті Үйшікте мына бір сәулетті
Тұратын қай мықты әулеті?
Мен– тышқан-шиқылдақ,
Мен– қоян-желаяқ,
Мен– түлкі-керіммін,
Мен– қасқыр-серімін.
Бәрімізтұратынкөңілді,
Қажеттісәулеттікөрүйді!
 

Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс 1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)
4. Өздеріңіз оқып отырған «Алгебра» кітабінің авторы? (Баймұханов, Базаров)
5. 7 майшам жанып тұр, 4-уін сөндірсек неше майшам қалады?(4)
6. Алманың жартысы неге ұқсайды? (өзінің жартысына)
7. Үш сызықтан пайда болған фигура?(үшбұрыш)
8. 1/10 санының кері саны? (10)
9. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?(12)
Үй тапсырмасы Тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Екі таңбалы сандар. Екі таңбалы сандарды ауызша және жазбаша қосу мен азайту тәсілдері                                   2-сағат
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақтың жабдығы Сызба, деңгейліктапсырма ,карточкалар
Жалпымақсаттар Білімділік — екі таңбалы санды қосу және екі таңбалы саннан азайту тәсілдерінің түрлерін үйрету және жаттығулар орындау арқылы меңгерту.
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Алға қойған мақсаттарына жетуге, ойшылдыққа, шапшаңдыққа және тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ауыл аттары, тест, бүктеме, кеспе сандар.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Пазл құрастыру  арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш — жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
Үй тапсырмасын сұрау  Үй жұмысыдәптерлерін тексеру.Берілген тапсырманы «Ұялы телефон» ойыны арқылы тексеру.
— Алло саламатсыз ба, Қазыбек?
— Мен Ерсұлумын
— Денсаулығын қалай?
— Жақсы
— Өрнектің мәнін айтшы?
— Рахмет сау бол!
— Сау бол!
Қызығушылықты ояту 26 38 49 57 86 95
— 26 бұл қандай сан? (екі таңбалы сан)
— Ондық бірліктерін атап шық (26=2 онд. 6 бірл.)
— 26 — дан кейінгі дөңгелек санды тап?
— 26 – 30, 38 – 40, 49 – 50
46
26 + 24 = (26+20)+4=50
20 4
30
50 — 24=(50 — 20)- 4 =26
20 4
Мағынаны тануМәтінді тізбектеп оқу Сыныпты 3 ауылға бөліп,тапсырмалар беру.І ауыл ІІ ауыл ІІІ ауыл
42+38=(42+30)+8=80 80 — 38=(80 — 30)- 8=42 72+18=(72+10)+8=90
30 8 30 8 10 8
2 — тапсырма.
Абай ауылына
І топ — 32 қорап
ІІ топ – 8 қорап
Әшекейледі — 7 қорап
Әшекейленбегені -?
Ш: 32 + 8 =40 40 — 7 =33
Жауабы: 33 әшекейленген жоқ
Ыбырай ауылына
ІІІ тапсырма
Аңдар – 16 мүсін
Құстар – 4 мүсін
Сыйлады — 9 мүсін
Ш: 16+4=20 20 — 9=11
Жауабы: қалды 11 мүсін

Оқулықтағы тапсырмаларды оындау.

Сергіту сәті Кел, балалар, күлейік,Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

 

Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс 1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)
2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)
3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)
4. Екінің алтыншы дәрежесі
5. 45 минут сағаттың қанша бөлігі (¾)
6. Кері сандардың көбейтіндісі (1)
7. Екі нүктенің арасындағы түзу (кесінді)
Үй тапсырмасы Оқулықтан орындау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Үш таңбалы сандар. Үш таңбалы сандарды ауызша қосу мен азайту тәсілдері                                                      2-сағат
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақтың жабдығы Сызба, деңгейліктапсырма ,карточкалар
Жалпымақсаттар Үш таңбалы сандарды ауызша есептеу тәсілдерімен таныстыру, сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жіктеужұмысын жалғастыру, есептей білу дағды, машықтарын жетілдіре   түсу, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін                           ұштай  түсу.

Керекті құрал:  оқушылардың сызғыш, қарындаштары.

Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Қол алысып, қәне, біз,Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш — жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
Үй тапсырмасын сұрау  Ауызша есептеу тәсілдерін қайталауға ойындар.40   — * = 20                             56 — * = 13

100 — * = 35                             67 — * = 34

77   — * = 13                             58 — * = 47

100 көлеміндегі қосу, азайту дағдыларын пысықтау.

«Кім жылдам!» ойынын ұйымдастыру.

+8                                               +7                                               +9

12                                                13                                               11

23                                                24                                               23

24                                                27                                               26

38                                                28                                               29

67                                                48                                               47

Қызығушылықты ояту Түлкі мен қасқыр”.
Екеуі тегін балыққа тап болады. Қасқыр айтады “Мен математикаға нашармын, балықты сен бөл” дейді түлкіге. Сонда түлкі саған біреу, маған екеу, саған үшеу, маған төртеу т.с.с. Ең соңында жиырма балықты өзіне салады. Кім көп алды және қаншаға артық алды?
Қасқыр-100
Ж: Ең көп балықты түлкі алды -110, 10 балыққа артық.
Мағынаны тануМәтінді тізбектеп оқу

1-карточка

683, 368, 836, 638, 386, 863 т.с.с.

Әрқайсысынан бір санды разрядтық қосылғыш қосындысы түрінде жазу.

423 = 4 жүзд. 2 онд. 3 бірл.

2.-карточка

70   + 14   = 84                                                    80   – 52   = 28

370 + 14   = 384                                                  780 – 52   = 728

35   + 23   = 58                                                    36   – 21   = 15

350 + 230 = 580                                                  360 – 210 = 150

3 -карточка

а) □ □ / □ □ /□ □ /□ □ /□ □ / □ □

Жауабы: 6 хатқалта керек

ә)  □ □ □ □ □ □ / □ □ □ □ □ □

Жауабы: Әр  хатқалтада 6 ашықхат.

4-карточка

Ұзындығы – 15 см                 Р = 15 см + 10 см + 15 см + 10 см

Ені — ? 5 см қысқа                  Р = 50 см.

Р — ?

15 – 5 = 10 (см – ені)

№ 5 – карточка

652 – х = 14 + 38                          140 + в + 300 = 770                       56 + с + 14 = 100

652 – х = 52                                  440 +в = 770                                   70 + с = 100

х = 652 – 52                                  в = 770 – 440                                  с = 100 – 70

х = 600                                          в = 330                                            с = 30

652 – 600 = 14 +38                      140 + 330 + 300 = 770                    56 + 36 + 14 = 100

52 = 52                                          770 = 770                                        100 = 100

Сергіту сәті Үйшікте мына бір сәулетті
Тұратын қай мықты әулеті?
Мен– тышқан-шиқылдақ,
Мен– қоян-желаяқ,
Мен– түлкі-керіммін,
Мен– қасқыр-серімін.
Бәрімізтұратынкөңілді,
Қажеттісәулеттікөрүйді!
 

Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса,жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып кемпіріме жаға болады деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған.
Ж: 127
Үй тапсырмасы Тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Шамалар (ұзындық, масса, уақыт, сыйымдылық) және өлшем бірліктері
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақтың жабдығы Сызба, деңгейліктапсырма ,карточкалар
Жалпымақсаттар Шамалар арасындағы тәуелділікке байланысты есептерді шығара білу және шығарылған есептердің шешу жолдарын ұғындыру.
Логикалық есептер шешу арқылы балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Ұқыпты жазып, есептерді қатесіз әрі сауатты түрде шапшаң орындай білуге дағды қалыптастыру. Еңбек етуге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: сызбалар, кестелер, «жаттығу тапсырмалары»,  сөздер, оқулық, тапсырмалар, оқулық.
Сабақтың түрі: ойын
Әдісі: түсіндіру, салыстыру, сұрақ-жауап, ой қозғау, ой ашар, өздік жұмыс, тест сынағы, топтастыру, білім сайысы
Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Пазл құрастыру  арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш — жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
Психологиялық дайындық  Психологиялық дайындық. «Жаттығу сұрақтары»:
1.қазақ алфавитінде неше әріп бар? (40 әріп, 2 белгі, 42 әріп)
2.Математикада неше цифр бар? (10)
3. Велосипедпен жолда неше жастан бастап жүруге болады? (14)
4. «Миллион» санында неше нөл бар? (6)
5. Сабақтан неше рет қалуға болады? (ешқашан)
Қызығушылықты ояту «Ой ашар»
І. Ойын: «Сен білесің бе?» Ойын шарты: Сұрақтар өтілген тақырыптарға байланысты, әр фигуралар артында берілген сұрақтарға тез әрі жылдам , әрі ұтымды жауап берген бала ұтады.
1. Сәуле мен кесіндінің айырмашылығы неде? (сәуленің бір жағы тұйықталған)
2. Көбейтудің заңдарын ата
(ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік)
3. 1км-де неше метр бар? 1000м
4.1дм-де неше мм бар? 100мм
5.1 м-де неше мм бар? 1000мм
6.1тоннада неше кг бар? 1000кг
7. 1тоннада неше центнер бар? 10ц
км, дм, м, мм, т, ц –бұлар нелер? (шамалар)
Қандай өлшем бірліктері?
— км, дм, м, мм- бұлар ұзындық өлшем бірліктері
— т, ц, — бұлар салмақ өлшем бірліктері.
Қазақ халқының байырғы өлшем бірліктерінен нені білесіңдер?
Азық-түлікке қатысты: бір асым ет, бір уыс, бір шөкім, бір шымшым.
Саусақпен өлшенетін өлшемдер: елі, тұтам, сүйем, қарыс.
Қолмен өлшенетін өлшем бірліктері: білем, шынтақ, қолтық, құлаш, кере құлаш.
Ауырлық өлшемдері: мысқал (5г), қадақ (400г), пұт (16кг), қап (4пұт, 64кг)
Мұнан басқа көлем, тереңдік, аудан, бұйымдарға байланысты, аяқпен өлшенетін, астың пісуіне байланысты өлшем, жыл мезгіліне байланысты өлшем бірлігі, мүшел жас, жыл санау, ай аты, күндерді санау т.б өлшемдер бар.Оқулықтағы тапсырмаларды  3-топқа бөліп орындау.
Мағынаны тануМәтінді тізбектеп оқу
Сергіту сәті Қоян шықты далаға,
Жан-жағына қарады.
Секірді, жүгірді,
Отырды, тұрды.
 

Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс Деңгейлік тапсырма:
І деңгей:
4 ²+ 5² = 16 + 25 =41
7² — 3² = 49 — 9 = 40
2² * 8² = 4 * 64 = 256
ІІ деңгей:
Велосипедші 24 км/сағ жылдамдықпен 4 сағат жүрді. Осы уақыт ішінде ол қанша қашықтықты жүріп өтті? S=VT = 24*4 = 96 км
ІІІ деңгей:
76 * Х = 38* 50
76 * Х =1900
Х =1900 / 76
Х =25
Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырманы орындау. Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Санды  теңдіктер және теңсіздіктер. Сандарды және шамаларды салыстыру
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақтың жабдығы Сызба, деңгейліктапсырма ,карточкалар
Жалпымақсаттар 1.Білімділік: санды өрнектерді оқи, жаза, салыстыра білуді үйрету;
2.Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін дамыту, есеп шығаруға деген қызығушылығын ояту; ұқыпты, әдемі жазуға дағдыландыру;
3.Тәрбиелік: экономикалық тәрбие беру, тазалыққа, ұқыптылыққа, ептілікке, тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, ойын.
Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Қол алысып, қәне, біз,Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш — жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
Психологиялық дайындық  Телефоннан СМС келеді.
-Балалар, бізге бүгін электрондық почтамен хат келді. Ендеше хатты оқиық.
«Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерге мына хатты үлкен өтінішпен жолдап отырмын. Маған сендердің көмектерің керек. Күз келді,күнде жауын, сондықтан мен жемістерді жинап үлгермей жатырмын.
Бүгінгі сабақтағы тапсырмалар дұрыс орындалса, онда Жемістер жиналады. Көмектесіңдерші, балалар!!! Сәлеммен кірпі.»
-Балалар, бұл хат кішкентай кірпіден келіпті. Көмектесеміз бе кірпіге?
Сабақта мұқият болыңдар. Егер тапсырмалар дұрыс орындалса, түрлі жемістер жинайтын боламыз.
Сабақтың ережелерін еске салу.
1-ереже. Сабақта бір-бірімізді тыңдаймыз!2-ереже. Біреудің айтқанын қайталамаймыз!3-ереже. Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз!

4-ереже. Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

Қызығушылықты ояту — Қандай арифметикалық амалдарды білесіңдер?-Қосудың компоненттерін атаңдар.

-Азайтудың компоненттерін атаңдар.

-Көбейту дегеніміз не? Көбейтудің компоненттерін атаңдар.

-Бөлу дегеніміз не?  Бөлудің компоненттерін атаңдар.

-Өрнектер нешеге бөлінеді?

-Санды өрнек дегеніміз не?

-Әріпті өрнек дегеніміз не?

-Есеп дегеніміз не?Есептің құрамды бөліктерін атаңдар

-Теңдік дегеніміз не?Теңсіздік дегеніміз ше?

-Теңдеу дегеніміз не?

Мағынаны тануМәтінді тізбектеп оқу

«Көкпар» ойыны.(«Көкпар» ойыны жайлы түсінік беру)

1.«Бозжорға»тобы               2.«Құлагер» тобы

Келесі санды тап:

1)2,10,50,…                            4)4,9,14,…

2)6,12,18,…                            5)2,4,8,…

3)3,9,27,…                              6)4,15,26,…

2. «Асық ату» ойыны.Ауызша есепте.

1. «Бозжорға» тобы                   2 .«Құлагер» тобы

34*1+34*0=                                     130+(45*2+45*8)=

7*100/10=                                        618-(38*6+38*4)=

3*50*2=                                          700-(2*13+2*7)=

3. Оқулықтағы тапсымаларды орындау.

Сергіту сәті Дәптерімізді ашайық,
Қолға қалам алайық.
Бүгінгі күнді тақтадан,
Әдемі етіп жазайық.
Оқушылардың дәптерге әдемі жазуын қадағалау.
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.
 

Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс «Бәйге» ойыны(«Бәйге» ойыны жайлы түсінік беру)Екі топ басшысының әрқайсысына лездік 5 сұрақтан қойылады.

«Бозжорға»тобы

5ондықты 3есе арттыр(150)

2жүздіктен тікелей кейін келетін сан(201)

6ондықтан 2 есе артық сан (120)

1дм-де неше см бар?(10см)

30 бен 50-дің қосындысы(80)

«Құлагер»тобы

3 ондықты 2 есе арттыр (60)

93-тің алдында келетін сан(92)

1 сағатта неше минут бар?

90 мен 40-тың қосындысы?(130)

7 ондықты  2 есе арттыр(140)

Үй тапсырмасы Тапсырмаларды орындау. Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы Өрнектер және теңдеулер. Өрнектердегі амалдардың орындалу реті
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақтың жабдығы Сызба, деңгейліктапсырма ,карточкалар
Жалпымақсаттар 1. Оқушыларды жақшалармен таныстыру және жақшалардың ішіндегі амалдардың алдымен орындалатынын айту, өрнектегі амалдардың орындалатын ретін анықтауға жаттықтыру, екі басқыштың амалдары көрсетілген жақшасыз өрнектегі амалдарды орындау тәртібімен таныстыру.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, өткенді жаңғырту арқылы есте сақтауларын, уақытқа есеп шығару, жұмыс барысында шапшаңдықтарын қадағалау.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, сауаттылыққа, жылдамдыққа, тез ойлауға, өзіндік ізденіске баулау.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ — жауап есеп шығару, топтың жұмыс тест,
ой қозғау, ой қорыту
Сабақтың көрнекілігі: схемалар, ережелер, шығармашылық жұмыс, тірек сызба, кесте, карточкалар.
Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Пазл құрастыру  арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш — жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
Үй тапсырмасын сұрау  Бүгінгі біздің жаңа сабағымыз жақшалы өрнекте арифметикалық амалдардың орындалу реті. Жаңа сабағымызды бастамас бұрын 2 топқа бөлініп алайық.
1 — топ Қазақстан
2 — топ Тәуелсіздік
Ал, енді бүгінгі тақырыбымызға қатысты мұқият тыңдап отырайық (30+6): 4 өрнегі қалай құрылғанын схема бойынша түсіндірейін
Енді (5+2)*2 өрнегін құрып көрейік, ендеше жақшасы бар өрнектерде алдымен жақша ішіндегі амал орындалады.
А) Схемамен түсіндіру
Яғни (30+6): 4=9
ә) (5+2)*2=14
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тануМәтінді тізбектеп оқу 1 — топ Қазақстан
2 — топ Тәуелсіздік
Ал, енді бүгінгі тақырыбымызға қатысты мұқият тыңдап отырайық (30+6): 4 өрнегі қалай құрылғанын схема бойынша түсіндірейін
Енді (5+2)*2 өрнегін құрып көрейік, ендеше жақшасы бар өрнектерде алдымен жақша ішіндегі амал орындалады.
А) Схемамен түсіндіру
Яғни (30+6): 4=9
ә) (5+2)*2=14
— Балалар біртіндеп келіп мына өрнектің мәндерін табайық. Амалдардың орындалу ретін сақтай отырып есептейік.
1-ТОП
5*(10 — 4)=30 ——- (18+14): 4=8 ——— (10+20): 3 =10
6*4+16=40 ———- 40: 5 +22=30 ——— 100: 5+203=2232-ТОП
Кесте бойынша есеп құрастыр және оларды шығар.
Жәшіктің массасы —— Жәшіктің саны —— Жалпы массасы
3кг —————————— 6 ————————? кг
? кг —————————- 5 ———————— 30кг
4кг ——————————?———————— 28кг
3-ТОПА) Амалдарды орындау
392+408=800 ——— (300 — 196)+74=104 ——— 456 — 244=212
Сергіту сәті Кел, балалар, күлейік,Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

 

Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс ә) Теңдеу құр және оны шеш:
А) Белгісіз санды 8 — ге көбейткенде, 32 шығады
Б) 40 — ты белгісіз санға бөлгенде, 8 шығады.
4) Жаңа білімді бекіту.
Теңдік дұрыс болатындай етіп, жақшаларды қой.
(18+16): 2=17 6*(8: 4)=12
(15 +6): 3=7 (24+4): 4=7
Тест жаттығу. Қай амал бірінші орындалады көрсет.
Өрнек
Амал
А) қосу
Ә) азайту
Б) көбейту
В) бөлу
Жауабы: 1) – 2) – 3) – 4) —
Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

Математика Уақыты: Кабинет: Мұғалім:
Сабақтың атауы 2 санына көбейту және бөлу
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі,мұғалімге арналған нұсқаулық
Сабақтың жабдығы Сызба, деңгейліктапсырма ,карточкалар
Жалпымақсаттар 1) Білімділігі: Санды 2-ге көбейту және бөлудегі білімдерін пысықтауға,көбейту кестесін жатқа білудегі білім деңгейлерін тексеру, алған біліктіліктерін тиянақтау.2) Дамытушылығы: Оқушылардың ақыл-ойын,ой-өрісін дамыту. Тапқырлыққа,ізденімпаздылыққа,алғырлыққа,ұқыптылыққа баулу. Пәнге қызығушылығын,белсенділігін арттыруда шапшаңдыққа дамыту.

3) Тәрбиелігі: «Салауаттылық -өмір салты» бағытының мағынасын ашу. СПИД-ке нашақорлыққа,темекі мен алкоголга қарсы іс-шаралардың бір саласы спорт өнеріне оқушыларды үндеу. Дені сау,тәні таза,ақыл-есі дұрыс ХХІ ғасыр азаматтарын тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтыңәдісі: Түсіндіру,ойландыру,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, дене шынықтыру.

Көрнекіліктер: Спорт ойындары(аққала соғу, шагамен сырғанау, шаңғы тебу,коньки тебу,хоккей, мәнерлеп сырғанау) суреттері,мақал-мәтелдер,жұмбақтар.

Оқыту  нәтижесі
Топқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Қол алысып, қәне, біз,Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш — жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
Үй тапсырмасын сұрау  Санды 2-ге көбейту және бөлу.2 . 2 = 2+2 2 .2 = 4 4 : 2 =2

3 . 2 = 3+3 3 . 2 = 6 6 : 2 = 3

2 = 4 +4 4 . 2 = 8 8 : 2 =4

5 .2 = 5+5 5 . 2 =10 10 : 2 =5

-Суреттермен жұмыс:

1-тапсырма: «Аққала соғу» 2-мысал

І денесі ІІ )денесі ІІІ денесі

а) Шарты: әШарты: б) шарты:

дәптер- 5 тг 1 дәптер — ? тг дәптер – 5 тг

2 дәптер — ? тг 2 дәптер – 10 тг дәптер с аны – 10 тг

Шешуі: 5 . 2 =10 Шешуі: 10 : 2 =5 Шешуі: 10 : 5 = 2

Ж: 10 тг Ж: 5 тг Ж: 2 дәптер

ІY. шелегі Y. мұрны,көзі Y.қолдары

а) Шарты: ә) Шарты: б) шарты:

қызғалдақ – 5 Қ — ?2 есе көпҚ – 5 2 есе көп

сарғалдақ — ? 2 есе көп С – 10 С — 10

шешуі: 5 .2 =10 Шешуі: 10 : 2 = 5 Шешуі: 10 : 5 =2

Ж: 10 сарғалдақ Ж: 5 қызғалдақ Ж: 2 есе көп

Өлең оқу:

Қатар-қатар тізімді үй,

Алақай,айқай, күлкі ылғи

Күлді бірге аққала

Ерінбесең, бар, қара!

Ойнап жүріп көп бала,

Салып қойды аққала.

Мақал: «Спорт-жігер, спорт бірлік»

2-тапсырма. «Шанамен сырғанау» 3-мысал

А) І ІІ ІІІ ІY

2.2 = 4 3.2 = 6 4.2 =8 5.2 = 10

20.2 = 40 30.2= 60 40.2 = 80 50 . 2 = 100

200.2 =400 300.2 = 600 400 .2 = 800 500 . 2 = 1000

Ә) Y YІ YІІ Y ІІІ

2 . 3 = 6 2 . 4 = 8 2 . 2 = 4 2 . 5 = 10

2 . 30 = 60 2 . 40 = 80 2 . 20 = 40 2 . 50 = 100

2 . 300 = 600 2 . 400 = 800 2 . 200 = 400 2 . 500 = 1000

Өлең оқу

Аппақ, аппақ,дала,

Аппақ,ауыл,қала

Жапалақтап ақша қар

Жау берсін, жауа

Көңіліміз қаласа,

Сыртқа шығып таласа.

Шана теуіп ойнаймыз

Қыстың күні тамаша.

Мақал: «Шынықсаң-шымыр болсасың»

Қызығушылықты ояту
Мағынаны тануМәтінді тізбектеп оқу 3 – тапсырма «Шаңғы тебу» 4-мысалІ ІІ ІІІ ІY

6 : 2 = 3 8 : 2 = 4 4 : 2 = 2 10 : 2 = 5

60 : 2 = 30 80 : 2 = 40 40 : 2= 20 100 : 2 = 50

600 : 2 = 300 800 : 2 =400 400 : 2 = 200 1000 : 2 = 500

6 : 3 = 2 8 : 4 = 2 40 : 4 = 10 10 : 5 = 2

Өлең оқу

Зулайды,зырқырап

Маңдайдан тер бұрқырап

Шаңғым асар шаршамай

Бір қыраттан бір қырат.

Мақал:

«Дене қимылы – дәрісіз ем,

Шыныға жүріп дертті жең»

4 – тапсырма: «Коньки тебу» 6-мысал

10-ға дейінгі сандардың ішінен

А) 2-ге бөлінетін сандарды ата

Ә) 2-ге бөлінбейтін сандарды ата

Өлең оқу:

Тағып алып коньки біз

Кешке мұзда қалқимыз

Қызған сайын денеміз

Қиғаш-қиғаш тебеміз.

Мақал: «Ішпеген,шылым шекпеген,

Жасайды жылдар көптеген»

5-тапсырма: «Хоккей» ойыны 7-мысал (Өз беттерімен жұмыс)

1, 2, 3, 4, 5 ,8, 12, 15 сандарын пайдаланып, көбейту және бөлу амалдарымен байланысты тура теңдіктер құрастыр.

1 . 2 = 3 12 : 4 = 3

3 . 4 = 12 15 : 5 = 3

5 . 4 = 20 8 : 4 = 1

8 . 5 = 40 2 : 2 = 1

Сергіту сәті Үйшікте мына бір сәулетті
Тұратын қай мықты әулеті?
Мен– тышқан-шиқылдақ,
Мен– қоян-желаяқ,
Мен– түлкі-керіммін,
Мен– қасқыр-серімін.
Бәрімізтұратынкөңілді,
Қажеттісәулеттікөрүйді!
 

Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс Өлең оқу:Хоккей, хоккей

Мұз айдынның

Қызығығой қыстай бір

Құлап барып жатып та,

Таяғыңды ұстай біл!

Алыстан да соқмейлі

Басылмайды мұз үстінде ерегес

Хоккей, хоккей

Қорқақтардыңқолы емес!

Жұмбақ: Түтіні кермек,

Жалқауға ермек. (Темекі)

6-тапсырма: Логикалық ойлау есептері

«Мұз айдынында мәнерлеп сырғанау»

І топ ІІ топ ІІІ топ
Зинат 5 қабатта, ал Ғайни сол үйде, Зинаттан екі есе биік қабатта тұрады. Ғайни қай қабатта тұрады. Сәуле 16 үйрек балапанын және одан 2 есе аз қаз балапанын өсірді. Сәуле неше қаз балапанын өсірді? Әжейәрқайсысына 2 кг 3 дорба ұн сатып алды. Ол барлығы неше кг ұн сатып алды?

Өлең оқу:

Сырғанайды екеуі,

Мұз айдынға кеп бірге

Желді қуып жетеді,

Екпін қосып екпінге

Жұлдызы боп бар елдің,

Тұрар биік әманда

Чемпионы әлемнің

Болар күніәлі алда.

Ақыл сөз: ХХІ ғасыр індеті –СПИД –ке жол жоқ!

Y. Қорытынды:

Балалар , біз есепте ойлау қабілетіміз ұшқыр, шапшаң , епті, білімді екенімізді ойын барысында көрдік. Мақалдарды түсіне отырып, денеміз сау,шымыр болып өсу үшін немен шұғылдануымыз керек?

  Спортпен.

БҮҮ кестесі

Білетінім Үйренгенім Үйренгім келеді
2 –нің көбейту,бөлу кестесі Спорт түрлері, есеп құрастыру ауызша есептеу, дәлелдеу. Қалдықпен бөлу(артылып қалау)
Үй тапсырмасы Оқулықтағы тапсырманы орындау Күнделіктеріне жазады
 Бағалау  Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.

 

Понравилась статья? Поделиться с друзьями:
Сабақ жоспарлар сайты ЖОСПАР.КЗ
Добавить комментарий