Қазақ тілі

3-сынып

Барлығы – 136 сағат, аптасына 4 сағаттан

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы 2-сыныпта өткенді қайталау
МақсатыКүтілетін нәтиже Сабақтың мақсаты: а/дыбыстар және әріптер туралы 2сыныпта алған білімін еске түсіру; 2 сыныпта өткен  әріптерінің жазылуы туралы алған білім,біліктерін қайталау;
ә/дыбыстардың түрлеріне,ерекшелігіне қарай қандай түрлерге бөлінетінін пысықтау; б/Сөздік қорын дамыту,көру зейінін және есте сақтауды дамыту.Жалпы және қолдың білезігінің моторикасын дамыту.
Сабақтың әдісі: венн диаграммасы,топтастыру әдістері.
Психологиялық ахуал Біз балдырған баламыз,Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты оятуМағынаны тану

Дыбыстар мен әріптер туралы алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы қайталау.
Сөйлемдерді ауызша толықтыр:
Дыбыс дегеніміз….
Әріп дегеніміз……
Дыбыстар …..бөлінеді.
Дауысты дыбыстар деп…… айтамыз.
Дауыссыз дыбыстар деп ….айтамыз.
Қазақ тілінде…….әріп бар.

Сергіту сәті Фонетикалық жаттығу.
— Еске түсіріп көрейік, үйрек ашуланғанда қандай дыбыс шығарады?
Ш-ш-ш, Ш-ш-ш, Ш-ш-ш, Ш-ш-ш
Ой сергітеді,шашағандарыбасылады
Ой толғаныс а/Сурет бойынша жұмыс.
ә/өлеңді оқу.Жуан және жіңішке айтылы тұрған сөздерді тап.Мектебіме арнаймын
Биыл ғана мектептің
Табалдырығын аттадым.
Әліппені қолға алып,
Әріптерді жаттадым.
Партаға алғаш отырдым,
Бұдан асқан бақыт жоқ.
Оқушы болдым, мінекей,
Ойнауға енді уақыт жоқ.
б/өлеңнің мағнасымен байланыстыры отырып,өз мектебің туралы әңгімеле.
Үйге тапсырма Мазмұндау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау  Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Э дыбысы
МақсатыКүтілетін нәтиже Сабақтың мақсаты:а/Э әрпі орыс және өзге шет тілдерінен енген сөздерде ғанақолданатынын  түсіндіру;ә/Ұқыптылыққа,жинақылыққа тәрбиелеу;

б/Балалардың сөздік қорын дамыту,толықтыру. Балалардың есту зейінін, дауыс ырғағын, қолдың ұсақ моторикасын  дамыту;

Сабақтың түрі:жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:топтастыру,баяндау,жинақтау.

Сабақтың өтілу барысы:І.Ұйымдастыру бөлімі.

Балаларды сабаққа дайындау.

Психологиялық ахуал Біз балдырған баламыз,Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты оятуМағынаны тану

ІІ.Өткен сабақты пысықтау.

Үйге берілген тапсырманы тексеру,пысықтау.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Терме диктант.

Төмендегі сөздердің ішінен э дыбысы бар сөздерді теріп жазу.

Елік,экспедиция,есерту,ереже,экспорт,кесіртке,энциклопедия.

«Жанұя» саусақ гимнастикасы

Оқулықпен жұмыс.

Үлестірмелі карточкалармен жұмыс

№1 карточка

Екі қатардағы сөздерді салыстырып оқу,сөздік жұмыс өткізу.

Фонетикалық жаттығу «Шақыру»

— Мен сендерді есімдеріңмен атаймын, өз есімдеріңді ести салысымен, Мен – деп жауап беріңдер.

Дәптер мен жұмыс.

Өз бетіндік жұмыс.

№2 карточка

Сөйлемдерді көшіріп жазу.

Э әрпі бар сөздердің астын сыз.

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандарыбасылады
Ой толғаныс Дауыс күшін дамытуға арналған «Жел соғады» жаттығуыДаламен біз жүріп келеміз, бізге күн сәуле түседі

Міне самал жел ақырын-ақырын есті в-в-в-

Кенеттен күшті жел соқты У-У-У.

Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау  Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы В дыбысы
МақсатыКүтілетін нәтиже а) Оқушыларға в дыбысы бар сөздерге дыбыстық және буындық талдаужасауға үйрету.ә) Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.

б) Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: В в әрпінің баспа, жазба түрі, плакат,

суреттер, буындар.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар « В в » дыбысы мен әрпін танып, оның сөз  ішіндегі ерекшелігін толық меңгереді. Сонымен қатар в әрпі кездесетін сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасауға үйренеді.

Психологиялық ахуал 1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.2.Сәлемдесу.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

3. Психологиялық дайындық.

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

— Жарайсыңдар, балалар, олай болса сабағымызды бастайық

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты оятуII. Өткенді пысықтау.

— Балалар, өткен сабақта біз қандай дыбыспен таныстық?

— В дыбысымен таныстық.

— В қандай дыбыс?

— Дауыссыз дыбыс.

— В әрпі сөздің қай жерлерінде кездеседі?

— Басында және ортасында. Адамның тегінде ғана в әрпін сөздің соңында

кездестіруге болады.

— В әрпіне байланысты сөздер айтқызу.

— Біз қандай әріптерді білеміз?« Сиқырлы » сандығымыздан алып көрейік. ( сандықшаның ішінен

әріптерді кезекпен алып шығамын ). Балалар айтып тұрады: А әрпі,

дауысты, қызыл түспен белгіленеді, сондықтан қызыл үйде тұрады.

( Тақтада ілінген қызыл, көк түсті үйлердің қызылына кіргіземін ).

П әрпі, дауыссыз, көк түспен белгіленеді, көк үйде тұрады.

III. Оқулықпен жұмыс.

а) Жұмбақтар жасыру.

1. Қосылса 1,3 арасы,

Қандай әріп қарашы? ( В )

2. Екі аяқты бір басты

Жүгіреді тым қатты. ( Ве-ло-си-пед )

3. Бір-бірімен қорап үйлер тіркесіп,

Қос сүрлеумен әрі бері жүр көшіп. ( Ва-гон )

4. Арқасында ауыл жүр,

Ала тайым шауып жүр. ( Ав-то-бус ).

Жұмбақтардың шешуіне оқушылар дыбыстық, буындық талдаулар жасайды.

ә) Оқулықтың 118-бетіндегі «Вокзал» тақырыбындағы суретті мәтін жан-

жақты талданады. Оқушылардың өмірімен байланыстыра отырып, әңгіме

жүргізіледі.

— Суреттен не көріп отырсыңдар?

— Онда барғандарың бар ма?

— Хамит қайда келді? ( темір жол вокзалына )

— Вокзалдан кімді күтті? ( Әжесін )

— Әжесі немен келді? ( поездбен )

— Хамиттің әжесі қай қаладан келді? ( Атырау қаласынан )

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандарыбасылады
Ой толғаныс ВокзалХамит темір жол вокзалына келді. Вокзал үлкен сарай тәрізді. Ішінде

халық көп. Оған жан-жақтан пойыздар келіп жатады. Хамит Атыраудан

келген әжесін қарсы алды.

Вагондар тұр тізіліп,

Бақытжан жүр қызығып.

Вокзал басын қызықтап,

Зәуре де жүр сызылып.

б) Оқушыларға танысқан сөздердің бірінші буыны ғана берілген

шығармашылық жұмысты орындау ұсынылады. Оқушыларға соларды

жалғастырып, сөз құрау тапсырылады.

Берілетін буындар: ва, вок, ви, трам. ( вагон, вокзал, витамин, трамвай ).

IV. Дәптермен жұмыс.

1,2,3 жинап алып күш,

Қолға қалам аламыз.

Әсем етіп жазамыз.

Жазу дәптерінің 24-бетіндегі В в дыбыстарының әрпін жазуға жаттығу

жұмыстары жалғаса береді.

Сонымен қатар 24- бетте берілген вокзал, трамвай, автобус сөздеріне

дыбыстық талдау жасалады.

Оқулықтың 118-бетінде берілген 4 жолды өлеңді дәптерге көшіріп жазу

тапсырылады.

V. Сабақты қорытындылау

Оқушылар оқулықтың 119-бетінде берілген Тапқышбектің тапсырмасын

орындайды.

— «В» дыбысы қандай дыбыс?

— « Автобус » сөзіне сөйлем ойла.

— Сөйлем неше сөзден құралған?

Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау  Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Ф дыбысы
МақсатыКүтілетін нәтиже Сабақтың мақсаты: а) білімділігі:оқушыларға Ф ф дыбысы мен әрпін таныту,оның сөз ішіндегі ерекшелігін мeңгерту
ә)дамытушылығы:сөйлеу мәнерін,оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын,сөздік қорларын,топпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту
б)тәрбиелілігі:Отанын,елін,жерін сүюге тәрбиелеу. Ұқыптылыққа,сауатты жазуға,оқуға дағдыландыру
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу, ойын ойнату, мадақтау, СТО стратегиялары
Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, дыбыстық белгілер, кеспе әріптер,буындар,үлестірмелер, интерактивті тақта,слайдтар
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту,дүниетану
Психологиялық ахуал Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем беріп сіздерге
Бас иеміз біз.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
I.Үй тапсырмасын тексеру.
А)Ой сергіту. «Сөз ойла,тез ойла» ойыны (В дыбысына сөздер ойлау)Үш топқа бөлініп жарысу.
Ә)Вокзал мәтінін тізбектеп оқыту.Түсініктерін сұрау.
Б)Өткен дыбыстарды еске түсіру,дауысты,дауыссыз екенін ажырату
III.Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту
А)Жұмбақтар оқу,шешу.
1.Қыста дем алып,жазда тынбайды,
Көкке атылып жерге құлайды. (фонтан)
2.Өңкей сығай екі топта,
Таласып жүр бір допқа (футболшы)
3.Жасыл желек көгалда,
Бірде артқа,
Бірде алға,
Желаяқ көп бала
Таласып жүр бір шарға (футболшылар)
-Сонымен,сиқырлы әріптер әлемі бүгін бізді қандай дыбыспен таныстырды?
-Қәне,айтып көрейікші?-Ф-ф
-Қандай дыбыс?Неге дауыссыз дыбыс?
-Ф дыбысын қай үйге орналастырамыз?
Ф әрпінің баспа жне жазба түрімен таныстыру.
Ә)Ф әрпіне байланысты суретпен жұмыс
Ф дыбысы бар сөздерді суреттен табу,дыбыстық талдау жасау,оларды буынға бөлдіріп,Ф дыбысының сөздің қай жерлерінде кездесетінін оқушыларға анықтату.
Ф дыбысынан басталатын адам аттарына мысал ойлау
Ежелгі Отырар қаласында тұрған қазақтың математик ғалымы Әл-Фараби туралы айтып өту:
Әлемге аты тараған
Отырарда тұрағы
Әл-Фараби дана адам
Ілімнің сөнбес шырағы.
Сергіту сәті Футбол деген ойынға
Барлық бала құмар-ақ
Бірақ жолдың бойында
Доп теппеңдер қуалап
Ой сергітеді,шашағандарыбасылады
Ой толғаныс V.Кітаппен жұмыс.
А)ф дыбысы бар сөздерді оқып,сурет бойынша әңгімелеу.
Сөздерді буындап,тұтас оқуға үйрету,түсініксіз сөздерге талдау жасау,
Ә)Интерактивті тақтадан телефон түрлерін көрсету, өту.
Б)«Фабрикада» суретімен жұмыс жүргізу.
Тірек сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрату.
Аяқкиімнің түрлерін анықтату.
VI.Жазу дәптерімен жұмыс.
А)Ф ф әрпінің жазба түрімен таныстыру.
Қос бүйірін таянып,тұратұғын қай әріп?
Ә)Ф әрпінің баспа,жазба түрімен таныстыру
Б)Тақтада жазылуын көрсету,түсіндіру
В) ф әрпін ауада жазып көріп,дәптерге жазу.Шығармашылық тапсырмалар:
А)Сөздерді сызықшамен буынға бөліп көрсет,дыбыстардың астын дауысты,дауыссызға тән шартты белгімен көрсет.
Футбол,ферма,телефон,фабрика
Ә)Сөзде неше әріп бар екенін цифрмен көрсет:
Туфли ,фирма ,факс ,физика ,марафон .
Б)Қай әріпті жоғалттым? ойыны
Қай буынды жоғалттым? ойыны
В) «Адасқан әріптер» ойыны ф м а с б т к р о н е
Үйге тапсырма Оқулықта қалған тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау  Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Ч, щ дыбыстары
МақсатыКүтілетін нәтиже 1. Сөздерді дұрыс буынға бөліп оқуға жаттықтыру.
2. Дыбысты, әріпті танумен қатар сөз, сөйлем құрай білуге, буындық, дыбыстық талдау жасай білуге үйрету арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын, байқампаздықтарын дамыту.
3. Мамандық түрлеріне баулу, тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: алфавит, атауында ц дыбысы бар сөздер, постерлер, топқа бөлуге арналған геометриялық фигуралар
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдістері: топқа бөлу, миға шабуыл, топпен жұмыс, топтық сұрақ,
Психологиялық ахуал 1. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!
Сәлеметсіз бе!
— Оқушыларды сабаққа дайындау
Оқу – құралдарының түгел болуына назар аудару
-Сабаққа зейіндерін аудару
2. Топқа бөлу
Түсті шеңберлер арқылы сынып оқушыларын 4 топқа бөлу
Сары түсті шеңбер – 1 топқа
Қызыл түсті шеңбер – 2 топқа
Жасыл түсті шеңбер – 3 топқа
Көк түсті шеңбер – 4 топқа
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты оятуМағынаны тану

1 топ: Э дыбысына сөз құрау.
— Щ дыбысына сөз құрау.
2 – топ: «Дыбысқа саяхат» ойыны жоғалған дыбыстарды атау, сөзді оқу, сөйлем құрау.
… лектр, а… ы,… кран, тұ… ы.
3 – топ: «Буындарды біріктір» дидактикалық тапсырмасы
Параққа жазылып сөздер буынға бөлініп беріледі
Оқушылар екінші буынып дұрыс таып, сызық арқылы біріктіру керек
4 – топ: Сөздерге талдау жасату
Щетка(2 буын, 5 әріп, 6 дыбыс)
— Борщ(1 буын, 4әріп, 4 дыбыс)

Сергіту сәті Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Ой сергітеді,шашағандарыбасылады
Ой толғаныс 1) Топтық сұрақ қою
Топ мүшелері бір – біріне тізбектей сұрақ қояды
1 – топ 2 топқа: 2 топ 3 топқа; 3 – топ 4 топқа; 4 топ – 1 топқа сұрақтар қояды.
2) Кері байланыс
Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Біз бүгін не істедік?
Топқа бөліндік
Сөздерге талдау жасадық
Буындарды біріктірдік
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау  Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

 

Пәннің аты Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Сабақтың атауы Ц дыбысы
МақсатыКүтілетін нәтиже Сабақтың мақсаты: ц дыбысының дауыссыз екендігін айтып, оның айтылу артикуляциясымен таныстыру,Ц дыбысы қазақтың төл сөздерінде кездеспейтінін байқату, ц дыбысы бар сөздердің мағынасын түсіндіріп, дұрыс айтуға және сауатты жазуға дағдыландыру.
Сабақтың принципі: жүйелілік, ғылымилық, көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі: қазақ алфавиті, тірек — сызбалар т. б.
Психологиялық ахуал Мектеп — кеме, білім — теңіз,
Барар жерге тез жетеміз,
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз берген білім ойда.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты оятуІІ. «Ой ашар»: «ӘР ҚАШАН КҮН СӨНБЕСІН!»сөйлеміндегі тек дауысты дыбыстарды оқи отырып, әнімен айтып шық.
Дауыссыз дыбыстармен әндетіп көрші. Қандай қорытынды шығарар едің?
ІІІ. «Ой сергіту»жаттығулары:
1. Қазақ тілінде қанша әріп бар?
2. Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Екі дыбыстың қосарлануы арқылы жасалатын дыбыс.
5. «Лагерь»сөзінде неше дыбыс, неше әріп бар?
6. «Ащы»сөзіне қарама — қарсы сөз.
7. «Р»қандай дыбыс?
8. «Бойында»бар, «ойында»жоқ. Ол қай әріп?
9. Судан шашақ шашылар, су тоқтаса басылар. Ол не?
10. «Ч» дыбысының алдындағы дыбысты ата.
ІY. Жаңа сабақ. Ц дыбысы — қатаң дауыссыз дыбыс. Ол сөздің барлық буынында кездеседі. Мысалы: цемент, авиация, марганец.
А) көрнекілікпен жұмыс.
Б) дәптермен жұмыс.(бір жолға «ц» әрпінің үлкенін және кішісін жазу ұсынылады.)
Y. Оқулықпен жұмыс (әр сөздің мағынасын түсіндіру)
мысалы: центнер — салмақ өлшемі т. б.
YІ. Бейнелі жазу.
Мына суретте қандай әріптер бар? Сол әріптерден сөз құра.
(Жауабы: автомобиль)
YІІ. (ц әрпі бар сөздерді теріп жазу.)
Станция, авиация, цирк, цистерна.
Сергіту сәті Өн бойымды тік ұстап,
Таянамын бүйірді.
Бастап кетем дұрыстап
Сәйгүлікше жүруді.
Аяқты алға қоямын,
Жұдырықты түйемін.
Қос қолымды жоғары
Көтерем де, иемін.
Шығарғанда демімді,
Екі деймін ішімнен.
Көтерілген қолымды
Қапталыма түсірем.
Ой сергітеді,шашағандарыбасылады
Ой толғаныс Дидактикалық ойын: «Нешінші бөлік артық?»
(Жауабы: төртінші бөлік артық, себебі Б, В, Г — ұяң дауыссыз дыбыстар)В?… ирк, Кие…
Ф?… агон, шка…
Ц? теле… он, кон… ерт
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау  Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

 

Қазақ тілі

3-сынып

Барлығы – 136 сағат, аптасына 4 сағаттан

 

Тақырыптар Сағат саны
  I тоқсан  
І. Тіл және сөйлеу 2
ІІ. Дыбыс және әріп 16+1
1-2 2-сыныпта өткенді қайталау 2
3-4 Э дыбысы 2
5-6 В дыбысы 2
7-8 Ф дыбысы 2
9-10 Ч, щ дыбыстары 2
11-12 Ц дыбысы 2
13-14 Х, һ дыбыстары 2
15 Диктант 1
16-17 Өзіңді тексер 2
ІІІ. Мәтін   7+2
1 Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту 1
2-3 Әңгімелеу мәтіні 2
4 Мазмұндама 1
5-6 Сипаттау мәтіні 2
7-8 Пайымдау мәтіні 2
9 Шығарма 1
ІҮ. Сөйлем     22+6
1-2 Сөйлем туралы өткенді қайталау 2
3-4 Сөйлем мүшелері 2
5-6 Бастауыш 2
7-8 Бақылау диктанты 2
II тоқсан  
9-10 Баяндауыш 2
11-12 Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша 2
13 Диктант 1
14-15 Тұрлаулы мүшелер 2
16-18 Тұрлаусыз мүшелер 3
19 Мазмұндама 1
20-21 Сөйлем мүшелерінің байланысы 2
22 Шығарма 1
23-25 Жалаң және жайылма сөйлем 3
26 Диктант 1
27-28 Қаратпа сөз 2
Ү. Сөз және оның мағынасы 6+2
1-2 Бақылау диктанты 2
  ІII тоқсан  
ҮІ. Сөз құрамы 14+1
1-3 Сөз құрамы туралы берілген білімді еске түсіру 3
4-7 Түбір сөз және туынды сөз 4
8-10 Түбірлес сөздер 3
11-14 Түбір мен қосымшаның жазылуы 4
15 Диктант 1
ҮІІ. Сөз таптары 34+7
1 Сөз таптары туралы өткенді қайталау 1
2-4 Зат есім 3
5-7 Негізгі және туынды зат есім 3
8 Шығарма 1
9-12 Зат есімнің тәуелденуі 4
13-15 Етістік 3
16-17 Негізгі және туынды етістік 2
18 Мазмұндама 1
19-20 Болымды және болымсыз етістік 2
21-23 Өзіңді тексер 3
24-25 Бақылау диктанты 2
ІҮ тоқсан  
26-28 Сын есім 3
29-31 Негізгі және туынды сын есім 3
32 Шығарма 1
33-34 Сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы 2
35 Диктант 1
36-37 Сан есім 2
38-40 Есептік және реттік сан есім 3
41 Мазмұндама 1
ҮІІІ. Сөйлеу мәдениеті 2
ІХ. Жыл бойы өткенді қайталау 13+1
1 Бақылау диктанты 1

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here