Пәні: қазақ тілі                                                  Сыныбы: 2

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем жене сөзді қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1. Сөйлем және сөз тақырыбы бойынша 1-сыныпта алған білімдерін еске түсіру; сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрастыра білу дағдыларын арттыру; 2. Байланыстырып сөйлеуге үйрету; сөздік қорларын дамыту.3. Таза,ұқыпты,жылдам жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрак-жауап, қайталау, жаттығу,қорытындылау,жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: сөйлем, мәтін құрастыруға кажетті сюжетті суреттер, сөздер жазылған карточкалар,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

Мектепке бірінші күн келген оқушыларды сабаққа ұйымдастыру. Партада дұрыс отыру ережелерін еске түсіру. Сыныпта жағымды психологиялық көңіл күй орнату.

ІІ. Жаңа сабақ 

Алғашқы сабак мектеп, білім, сыныптас окушылар, жазғы демалыс тақырыбына арналады. Оқулықта берілген жаттығулар да осы тақырыптың мазмұнын ашуға жұмыс істейді. Осы тақырып төңірегінде әңгіме жүргізе отырып, сөздің, заттың, құбылыстың атауы екенін, сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құралатынын ұғындыру.

1-жаттығу бойынша  алдымен суретте бейнеленген заттардың атауын сұраудан бастау (мұғалім, гүл, оқулық, оқушы, мектеп, т.б.). Содан соң сурет бойынша сұрақтарға жауап алу. Сұрақтарға жауап беру үшін сөздерден сөйлем құрастырғандарына назарларын аударамын. Балалармен сұрақ-жауап түрінде әңгіме жүргізілгеннен кейін мәтін құрастырылады. Осылайша кезеңдермен жұмыс істеу аркылы окушылар 1-сыныпта өткен сейлем және сөз туралы білімдерін еске түсіреміз.

2-жаттығуды орындамас бұрын балалармен жазғы демалысты қалай өткізгендері туралы әңгіме жүргізіледі. Сөйлемдердегі сөз санын анықтайды. Өлеңді іштей бірнеше рет кайталап оқығаннан кейін жатқа жазамыз.

3-жаттығуда берілген сөздерді оқиды. Алдымен осы сөздерді катыстырып жеке сөйлемдер құрастырады. Содан соң бірнеше оқушының осы сөйлемдерді пайдаланып қысқаша құрастырған мәтіндері тыңдалады.

4-жаттығу сөйлемдердің ара жігін ажырата білуге арналған. Бұл жаттығу арқылы балалар сөйлемнің бас әріппен басталып жазылатынын еске түсіреді.

5-жаттығуда мақалдың жалғасын іздеп табады. Мақалдар бүгінгі күннің тақырыбына байланысты білімнің адам өміріндегі маңызына арналған. Осы макалдардың мазмұны аркылы білімнің кажеттілігі туралы ой-пікірлерін қорытындылайды.

ІІІ.Бекіту.

-Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемнің қандай түрлері бар? Сөйлемнің сөзден қандай айырмашылығы бар? Сөйлем неден құралады? Сөз дегеніміз не?

ІҮ. Үйге тапсырма. 6 – жаттығу, ережелерді қайталау

Ү. Бағалау.

 

Пәні: қазақ тілі                                                  Сыныбы: 2 « Ә»  4.09.ж.

                                                                                                

Сабақтың тақырыбы: Буын және тасымалды қайталау.

Сабақтың мақсаты: буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алган білімдерін еске түсіру, қайталау; дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету; буынға дұрыс бөлу, тасымалдай білу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: сөз, буын карточкалары, заттық суреттер.,инт. тақта. Сабақтың әдіс-тәсілі: еске түсіру,өздік жұмыс,қорытындылау,жинақтау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Каникулдан кейін оқушылардың зейіні шашыраңқы болады, сондықтан оларды сабаққа ұйымдастыру жұмысына көңіл бөлу керек. Сондай-ақ 1-сыныпта өтілген материалдардың көпшілігін ұмытып қалуларына байланысты, бұрынғы алған білімдерін қайта жаңғырту үшін сұрақ,жауап арқылы өткен материалдарды еске түсіру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

4-жаттығуды ауызша тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Бұл күнгі сабақтың жаттығулары оқу кұралдары, оны күтіп ұстау тақырыбына арналады. Жаттығу жұмыстары аркылы 1-сыныпта өткен материалдарды кайталаумен бірге  окушылардың оқу құралдарын күтіп ұстауы, оның білім берудегі маңызы туралы әңгіме жүргізе отырып, сабақтың тәрбиелік мәнін ашамын.

Буын карточкаларымен жұмыс. Балалар буындардан сөздер кұрап жаттығады. Суреттер бойынша заттардың атауын атап, ол сөздерді буынға бөледі, буын санын анықтайды, буын санының дауысты дыбыстарға байланысты екенін естеріне түсіреді. Екі, үш, төрт буынды сөздер құрайды.

Сөздерді дұрыс тасымалдауды еске түсіру. Ол үшін оқушылар бір сөздің бірнеше тасымалдану үлгісін көрсетеді. Мысалы: оқу-шылардың, оқушы-лардың, оқушылар-дың. Жалғыз әріптен тұратын сөздердің тасымалданбайтынына назарларын аудару.

Ой толғаныс.

Оқулықта берілген 1-жаттығу буын, буындардың дыбыстардан кұралатыны туралы окушылардың 1-сыныпта алған білімдерін кайталауға арналған. Әр буынның неше дыбыстан тұратынын санайды.

2-жаттығуда берілген өлеңді іштей оқып, мазмұнымен танысқаннан кейін, бірнеше оқушы өлеңді дауыстап, буынға бөліп оқиды. Буын құрамымен жұмыс жүргізіледі. Бір дауысты дыбыстан ғана тұратын буындарды тауып, оның дауысты дыбыс екенін өздері анықтап айтқызу.

3-жаттығу бойынша алдымен буындар жазылған баған мен сөздер жазылған бағанды салыстырады. Берілген буындардан сөз кұрауға, берілген сөздерден сөйлем кұрастыруға болатынын айтады. Буындардан сөз құрауды жарыс түрінде ұйымдастыру.

4-жаттығу үш, төрт буынды сөздерді әртүрлі тәсілмен тасымалдап үйренуге дағдыландырады. Тасымалдауға болмайтын сөздердің неге тасымалданбайтын дәлелдейді.

ІҮ. Сабақты қорыту.

Сабакты корытындылау кезінде оқушылардың білімінде олқылықтар бар тақырыптар бойынша бекіту сұрақтары қойылады.

Ү. Үйге тапсырма. 5-жаттығу

ҮІ. Мақтау,мадақтау,бағалау.

 

 

Пәні: қазақ тілі                                                  Сыныбы: 2 « Ә»  6.09.ж.

                                                                                                

Сабақтың тақырыбы: Дыбыстар мен әріптерді қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1. дыбыс және әріп туралы алған білімдерін еске түсіру, жаттығу; дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білу; сөздердің неше дыбыстан, әріптен тұратынын анықтай алу. 2. Өз бетінше жұмыс жасата отырып ой өрісін дамыту

  1. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: еске түсіру,өздік жұмыс,қорытындылау,жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: сөз, буын карточкалары, заттық суреттер.,инт. тақта.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. «Менің шарым» ойыны арқылы буындарды пысықтау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген 5-жаттығуды тексере отырып, оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергендіктері анықтау. Үш, төрт буынды сөздерді, бір дыбыстан тұратын буындары бар сөздерді дұрыс тасымалдау дағдыларын бекіту.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Дыбыс және әріп туралы 1-сыныпта алған білімдерін еске түсіру. Мынадай сұрақтар қою:

  • Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не? Дыбыстардан не құралады?

Суреттермен жұмыс. Оқушылар суретте бейнеленген заттардың атын атап, олардың неше дыбыстан тұратынын табады.

Ой толғаныс.

1-жаттығу ауызша орындау. Жұмбақтың шешуін тауып, оның неше дыбыстан құралғанын анықтау. Жұмбақтың  шешуін тақтаға жазғызып, оның қандай әріптермен белгіленгенін көрсетулеріне болады.

2-жаттығу бойынша өлең-жұмбақты оқып, оның жауабын дәптерлеріне жазады: борсық — торсық, сазан — қазан, ұшақ — ошақ. Өзгерген дыбыстардың астын сызады, барлық сөздердің бірінші әріптерінің өзгергенін айтады. Қатар тұрған екі сөзді салыстыра отырып, бір әріптің өзгергенінен сөздердің мағынасының да өзгергенін байқап, өз беттерінше қорытынды жасаулары керек.

3-жаттығу бойынша өлеңнің мазмұнын талқылап алғаннан кейін қарамен жазылған сөздерді баған түрінде жазады.

ен                                              жасау

ден                                            асау

еден                                          сау

неден                                        ау

Әрбір әріп қосылған сайын немесе қысқарған сайын сөздің де мағынасының өзгергеніне назарларын аударады. Әр сөздің мағынасын түсіндіреді. Сөздің мағынасының өзгеруінде бір дыбыстың өзінің алатын орны ерекше екенін ұғынады.

5-жаттығу әріптердің орналасу ретін (әліпбиді) пысықтау үшін берілген. Сөздерді әліпби ретімен орналастыра білудің күнделікті өмірдегі қажеттілігі туралы әңгіме жүргізуге болады.

ІҮ. Қорытынды. Терме диктант жаздыру, сөздерді буынға бөлдіру.

Ү. Үй тапсырмасы. 4-жаттығу оқушылардың сөйлемді дұрыс құрастыра білу дағдыларын арттыруға арналған. Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жасау арқылы кейбір әріптердің дыбысталмайтынын, ал кейбір әріптердің косарлы дыбыстан тұратынын еске түсіреді. Мысалы: лагерьде (8 әріп, 7 дыбыс), сарғая (6 әріп, 7 дыбыс), үюге (4 әріп, 5 дыбыс), подъезде (8 әріп, 7 дыбыс). Бұл жаттығу жазбаша орындалады.

ҮІ. Бағалау

 

 

Пәні:    қазақ тілі                                               Сыныбы: 2 «Ә »                           7.09.ж.

 

Сабақтың тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу; олардың бір-бірінен ерекшелігін түсіне білу; сөздердің жуан, жіңішке айтылуының дауысты дыбыстарға байланысты екенін ұғыну.

Сабақтың типі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: сөз, буын карточкалары, заттық суреттер.,инт. тақта.

Сабақтың әдіс-тәсілі: еске түсіру,өздік жұмыс,қорытындылау,жинақтау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеу.

Ойын. «Көршілер» ертегісі арқылы дыбыстарды еске түсіріп,білімдерін тереңдету.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 4-жаттығу

Дыбыстар мен әріптерді, дыбыстардың айтылуын қайталай отырып, дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін еске түсіруге дайындық жұмысын жүргізу.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы кейбір дыбыстардың еркін созылып, кейбір дыбыстардың кедергіге ұшырап айтылатынына назарларын аудару. Осындай жұмыстардан кейін дауысты, дауыссыз дыбыстар туралы 1-сыныпта алған білімдерін еске түсіру. Барлык дауысты дыбыстарды хормен дауыстарын созып айтып шығып, тағы да бір рет олардың еркін созылып айтылатынына көздерін жеткізу. Дауыссыз дыбыстарды да созып айту тапсыру. Оларды айту кезінде дыбыстардың кедергіге ұшырап шығатынына көздерін жеткізу.

1-жаттығу. Сурет бойынша жұмыс. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуына мән беру.

Сөздердің жуан, жіңішке айтылатынын байқату мақсатында алдымен балаларға тақтаға жазылған сөздерді дауыстап оқыту. Олардың қайсысы жуан, қайсысы жіңішке айтылып тұрғанын ажыратады. Жуан-жіңішке жұп дауыстылары бар сөздер берілген 2-жаттығу арқылы оларды салыстыру (а — ә, о — ө, ұ — ү, ы — і). Қатар берілген сөздердің ішіндегі дауысты дыбыстарды тауып, оларды салыстырады, содан кейін жуан дауысты дыбыстары бар сөздердің жуан айтылатындығы, жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздердің жіңішке айтылатындығы туралы қорытынды жасайды. Сондай-ақ жіңішке айтылатын создерге жалғанатын бөлшектердің жіңішке, ал жуан айтылатын сөздерге жалғанатын бөлшектердің жуан болатынын байқайтындай да жаттығулар жасату.

3-жаттығу. Жоғалған дауысты дыбыстарды тауып жазу.

Табиғат, аспан, өсімдік, қызғалдақ, бидай, қарбыз.

4- жаттығу. /ауызша/ Жұмбақтың шешуі: Аяз ата

ІҮ. Қорытынды. Берілген жуан дауысты дыбысы бар сөздің жіңішке жұптарын табуды тапсыру.

Ақ-әк         ұқ-үк            ар-әр           ұш-үш

ос-өс          ыс-іс             он-өн         ық-ік

Көп нүктенің орнына жуан немесе жіңішке дыбыстарды қой:

ір…мш…к,ет…кш… , оқуш…, ақ…лд…., к…с…п, т.б.

Ү. Үйге тапсырма. 4-жаттығу, 10 бет

ҮІ Бағалау.

 

 

                                  

Тақырыптық-күнтізбелік жоспар

 

Тақырыптар Сағат саны Мерзімі
 I тоқсан. 36 сағат
1 1-сыныпта өткенді қайталау.Сөйлем және сөз.Буын және тасымал. 2 1.09.10 2.09.10
2 Дыбыс және әріп 1 3.09.10
3 Дауысты,дауыссыз дыбыстар 1 4.09.10
4 Сөздердің жуан,жіңішке айтылуы 1 6.09.10
5 Заттың атын білдіретін сөздер 1 8.09.10
6 Бас әріппен жазылатын сөздер 1 9.09.10
7 Заттың қимылын білдіретін сөздер 1 10.09.10
8 Заттың сынын білдіретін сөздер 1 13.09.10
9 Заттың санын білдіретін сөздер 1 15.09.10
10 Диктант «Күз» 1 16.09.10
Тіл және сөйлеу
11 Тіл және сөйлеу.Адамға сөйлеу не үшін 2 17.09.10 20.09.10
12 Ауызекі тіл және жазбаша тіл 2 22.09.1023.09.10
Дыбыс және әріп
13 Мазмұндама жазып үйренеміз 2 24.09.1027.09.10
14 Мазмұндама «Кептер» 1 29.09.10
15 У дыбысының дауысты және дауыссыз болып ай-тылуы 2 30.09.101.10.10
16 У дыбысының жуан және жіңішке айтылуы 1 4.10.10
17 У әрпінің жазылуы 2 6.10.107.10.10
18 И, й әріптерінің жазылуы 3 8.10.1011.10.10

13.10.10

19 Я әрпінің жазылуы 2 14.10.1015.10.10
20 Ю әрпінің жазылуы 3 18.10.1020.10.10

21.10.10

21 Дауыссыз дыбыстардың түрлері 2 22.10.1025.10.10
22 Дауыссыз б мен п. 2 27.10.1028.10.10
23 Бақылау диктанты «Түйе» 2 29.10.101.11.10
24 Тест.Қорытынды сабақ 2 3.11.104.11.10
II тоқсан. 28 сағат
1 Дауыссыз қ мен ғ 2 15.11.1017.11.10
2 Дауыссыз к мен г 1 18.11.10
3 Дауыссыз л мен р 1 19.11.10
4 Дауыссыз н мен ң 1 22.11.10
5 Өткенді пысыктау 1 24.11.10
Мәтін 
6 Мәтін деген не? 2 25.11.1026.11.10
7 Мәтіннің құрылымы 1 29.11.10
8 Мәтіннің түрлері . Әңгімелеу 1 1.12.10
9 Мәтіннің түрлері .Сипаттау 1 2.12.10
10 Мәтіннің түрлері .Пайымдау 1 3.12.10
11 Шығарма жазып үйренеміз 2 6.12.108.12.10
12 Шығарма «Көңілді қыс» 1 9.12.10
Сөйлем
13 Сөйлем 1 10.12.10
14 Хабарлы сөйлем 1 13.12.10
15 Сұраулы сөйлем 2 15.12.1020.12.10
16 Лепті сөйлем 2 21.12.1022.12.10
17 Сөйлемдегі сөздердің байланысы 3 23.12.1024.12.10

24.12.10

18  Бақылау диктанты «Жауын» 1 25.12.10
19 Өткенді пысықтау 1 27.12.10
Сөз
20 Сөз және оның мағынасы 1 28.12.10
21 Мәндес сөздер 1 29.12.10
22 Қорытынды сабақ 1 29.12.10
III тоқсан. 40 сағат
1 Қарама-карсы мағыналы сөздер 2 10.01.1111.01.11
2 Әртүрлі мағыналы сөздер 2 14.01.1115.01.11
3 Өткенді пысықтау 1 17.01.11
4 Бақылау диктанты «Аулада» 1 18.01.11
Сөз құрамы
5 Сөз және оның құрамы 1 21.01.1122.01.11
6 Түбір мен қосымша 2 24.01.1125.01.11
7 Жұрнақ пен жалғау 2 27.01.1128.01.11
8 Жұрнақ 1 31.01.11
9 Жалғау 3 2.02.113.02.11

4.02.11

10 Жұрнақ пен жалғау 1 7.02.11
11 Өткенді пысықтау 1 9.02.11
Сөз таптары
12 Сөз таптары 1 10.02.11
13 Зат есім 2 11.02.1114.02.11
14 Жалқы есім мен жалпы есім 3 16.02.1117.02.11

18.02.11

15 Мазмұндама «Достар» 1 21.02.11
16 Зат есімнің жекеше және көпше түрлері 3 23.02.1124.02.11

25.02.11

17 Шығарма «Құстардың қысқы тіршілігі» 1 28.02.11
18 Етістік 3 2.03.113.03.11

4.03.11

19 Дара және күрделі етістіктер 4 5.03.117.03.11

9.03.11

10.03.11

20 Сын есім 2 11.03.1114.03.11
21 Бақылау диктанты «Диқан» 1 16.03.11
22 Сын есім.Қатемен жұмыс.Пысықтау 2 17.03.1118.03.11
IV тоқсан. 32 сағат
1 Сын есім 2 4.04.116.04.11
2 Сын есім 2 7.04.118.04.11
3 Өткенді пысықтау 1 11.04.11
4 Диктант 1 13.04.11
5 Сан есім 2 14.04.1115.04.11
6 Сан есім 2 18.04.1120.04.11
7 Сан есім 2 21.04.1122.04.11
8 Өткенді пысыктау 1 25.04.11
9 Сөйлеу мәдениеті 2 27.04.1128.04.11
10 Өткенді пысыктау 1 29.04.11
11 Жыл бойы өткенді қайталау 2 3.05.114.05.11
12 Жыл бойы өткенді қайталау 2 5.05.116.05.1
13 Жыл бойы өткенді қайталау 2 11.05.1112.05.11
14 Жыл бойы өткенді қайталау 2 13.05.1114.05.11
15 Жыл бойы өткенді қайталау 2 16.05.1118.05.11
16 Жыл бойы өткенді қайталау 2 19.05.1120.05.11
17 Шығарма 1 20.05.11
18 Жыл бойы өткенді қайталау 1 21.05.11
19 Бақылау диктанты 1 23.05.11
20 Жыл бойы өткенді қайталау 1 25.05.11
Барлығы 136 сағат 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here