Қазақ тілі Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Сөз мәдениеті туралы түсінік.
Мақсаты Жаңа сабақты түсіндіру
Көрнекілігі Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрауҚызығушылықты ояту Сөз мәдениеті орыс. культура речи — әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту. Сөз мәдениеті қазіргі әдеби тілдің жұртшылык таныған, үлгі тутқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді,варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталау беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру Сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану Сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр. Сөз мәдениеті теориясының дамуында лексикография, әсіресе нормативті түсіндірме сөздіктер, орфоэпиялықорфографиялықсинонимдік т. б. арнаулы сөздіктер манызды орын алады. Қазақ тіліндегі Сөз мәдениетінің дамуына ауыз әдебиетінің өкілдері жәнеАбайМ. ӘуезовҒ. Мүсірепов, т.б. шығармаларының ықпалы зор болды. Қазақ тіл білімінде Сөз мәдениетінің мәселелерін А. БайтұрсынұлыМ. БалақаевР. Сыздықова т. б. ғалымдар зерттеді. Кенестікорыс тіл білімінде Сөз мәдениетінің теориялық мәселелерін Л. В. Щерба, В. В. Виноградов, Г. О. Винокур, Р. И. Аванесов, С И. Ожегов, Ф. П. Филин т. б. зерттеді.
Мағынаны тану  Сөйлеу мәдиенеті деп — қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану. Ата — анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзі дұрыс, орынды қолдану керек. Өз ана тілінде де басқа тілде де дұрыс сөйлесу адамның қаншалықты мәдиенетті екенін көрсететінін жадымыздан шығармайық.
Әдеби тіл — дұрыс сөйлеудің үлгісі. Енді есімізге түсірсек мына суреттерге назар аударайық.
Ситуациялық жағдаяттар
1 — жағдаят. Көлікте орын жоқ, бір қария мінді, ол кезде сен отырғансың. Не істейсің? (Мен орнымнан тұрып, «Ата мына жерге отырыңыз» — деп, орнымды ұсынамын. )
2 — жағдаят. Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен. Сен аулада ойнап жүргенсің. Не істейсің? ( «Әже маған беріңіз, сізге көмектесейін»- деп ауыр сөмкесін алып, үйіне апарып саламын.)
3 — жағдаят. Жақын досың ауырып жатыр. Сен не істейсің?(Досымның үйіне барып оның жақсы көретін кітабын апарып үйіне жағдайын білуге барам.)
Дәптермен жұмыс.
Ой толғаныс Ойынның аты: «Тез ойла, сөз ойла».
Шарты: 3 қатарға бүгінгі тақырып төңірегінде 3 сөз беріледі.
1 — топ — сыйластық.
2 топ — кішіпейілділік.
3 топ — инабаттылық
Сөздерін пайдалана отырып, оқушылар қысқа уақыт ішінде сөз ойлап табуы тиіс. Қай топ бірінші көп сөз тапса, сол топ жеңімпаз атанады.
Сыйластық: сыйла, тас, ас, тал, сыйлы….
Кішіпейілділдік: кіші, ішік, пейіл, іл, іш…
Инабаттылық: ана, ат, Инабат, ит, балық…Екі жақты күнделік

Менің ойым
Кітапта жазылған

 

 

 

 

 

 

Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Қазақ тілі Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі
Мақсаты Адам өміріндегі сөз мәдениетінің рөлі туралы түсінік беру
Көрнекілігі Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрауҚызығушылықты ояту Сөйлеу не үшін қажет?Әңгіме жүргізу.

«Әжеге көмек» ойыны
Мақсаты: Оқушыларды үлкенді сыйлауға, оларға көмек көрсете білуге үйрету. Сабақты оқушыларға кызыкты етіп ойын арқылы қорыту. Алған білімдерін тексеру.
Шарты: Әже құдықтан шелекке су толтырып алған. Біз әжеге көмек көрсетіп шелекті уйіне жеткізіп беруіміз керек. Ол үшін шелек артындағы сұрақтарға толық әрі нақты жауап берулерің керек. Жауап берген оқушы шелекті әженің жанына әкеліп қоя береді.
Түйіндеме: Тамаша! Жарайсыңдар! Сендер барлық сұраққа дұрыс жауап беріңдер және әжеге көмектерің де тиді.

Мағынаны тану Оқулықтағы жаттығуларды топтарда бөліп орындауШығармашылыққа тапсырма

Сөз арқылы біз……………. эссе жазу

Ой толғаныс БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Қазақ тілі Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Тілдік норма және жаңа қолданыстар
Мақсаты Тілдік норма және сөзді қолдану ережелері туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру. Жаңа қолданыстардың пайда болуы туралыСабақтың түрі:  Жаңа оқу материалын беру сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікіралмасу; Көркем шығарма талдау, Мұғалімнің мәнерлеп оқуы, әңгіме жүргізу т.б.

Сыныппен жұмыс түрі: даралап және жұппен;

Көрнекіліктер: оқулық, ЭОР пайдалану, тапсырмалармен жұмыс.

Көрнекілігі Әдебиет оқулығы
Топқа бөлу Тәтті кәмпиттер арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрауҚызығушылықты ояту 1. Әдеби тілдің нормаларын қайталау:Лексикалық норма

Орфоэпиялық норма

Әдеби тілдің нормалары:

Орфографиялық норма

Грамматикалық норма

2.Оқушылардың тіл туралы мақалалары тыңдалады.

Сөздерге фонологиялық талдау жасалады.

Мағынаны тану (ЭОР бойынша аудио тыңдалым қойылады)Тілдік норма – тіл жүйесінің дәстүріне сай тұрақты түрде қалыптасып, қоғамдык қатынастар аркылы орныққан тілдік амал-тәсілдердің жиынтығы, сөз колдану ережелері. Норма – үнемі жетіліп отыратын категория.

   Лебізде қолданысқа енген кез келген жаңа қолданыс жаңа сөз  ретінде танылады. Жаңа қолданыстардың пайда болуы тіл дамуының эволюциялық дамуының бір көрінісі санатында. Атау процесінде мынадай өзгерістер болуы мүмкін:

  * жаңадан танылған зат не құбылысқа атау тағылады;

  * жаңадан танылған ұғымға тілде бұрыннан бар таңба жаңа атау ретінде беріледі;

  * белгіленетін ұғымның номинативтік белгілеріне сай жаңа таңба жасалады.

     Жаңа қолданыстар мазмұндық жағынан, не тұлғалық-мазмұндақ жағынан жаңа саналуы мүмкін.

IV. Тақтамен жұмыс:

1. Фразеологиялық тіркестердің  синонимін тауып дұрыс орналастыру:

1.      Ереуіл атқа ер салды            -жаугершілікте елін қорғауға аттанды;

2.      Жібектей есілген                   -мінезі биязы, жақсы қылықты;

3.      Жігіт ағасы болды                          -есейді, орта жасқа келді.

4.      Аршын төс                                     -сұлулыққа тән балама теңеу;

5.      Құралай көз                                   -сүйкімді, әдемі көз;

6.      Мырс етті                              -кекете күлді;

7.      Сабыр түбі-сары алтын                 -шыдамдылық, арты жақсылық, игілік.

2. «Құр» сөзінің омонимдік қатарын құрып, кестені толтыру:

Құр.      Зат есім Киіз үй жабдығы
Құр.      Зат есім Таулы, орманды жерде тіршілік ететін жабай құс
Құр.      Үстеу Бекер, бос, текке, жат, әшейін
Құр.      Етістік Бір нәрсенің негізін салу, орнату
Құр.     Одағай Жылқыны шақырғанда не тоқтатарда айтылатын ишарат сөз.

3. «Той» сөзін қатыстырып, мақал-мәтел жазып кестені толтыру:

Батыл жігіт қол бастар, Ақын жігіт той бастар;

Тойдың болғанынан боладысы қызық;

Шақырусыз тойға барғаншағ Таяқ ал да қойға бар.

4. Кесте ішіндегі сөздерді бір-бірімен байланыстырып фразеологиялық тізбек құраңыз.

Қас ашып арқасы пен
Жұмағанша Қас арасында қағымда
Қабақтың қас көзді
көздің қаққанша қиянда Ит
Ой толғаныс Тестік жұмыс (барлығы 12 сұрақ)1. «Теле» түбірінен жасалған жаңа атауларды тап:

А. Тележурналист, телестанция, телескоп, телеком

В. Телефон, телекомп

С. Теледидар, телескоп

2. Жалпы қолданыста бар түркі тілдеріне тән сөз:

А.тәңір

В.дархан

С.үстел

3.Тиісті әдебиетте көрсетілген  қағида, ережелерді сақтамау қалай аталады?

А.жүйе

В.нормадан ауытқу

С.стиль

4.Сөзді дұрыс қолданудың негізгі арқауы:

А.Әдеби тілдің нормасы;

В.Ауызша тілдің нормасы;

С.Тілдік норма

5.Бас сөзіне жақын сөздер қатарын көрсет:

А.баспа, басылым, баспагер,баспахана, басшы

В.басшы, бас изеу,бас тұту

С.баспагер, бас көз болу

6.Аларман сөзінің мағынасын белгіле.

А.Алуға ұмтылған;

В.Алды;

С.Қақтығыс

7. «Радио» сөзіне тіркес бола алатын сөздер:

А.станция, техника, аппарат

В.кибернетика, нейлон;

С.техника, силон

8. «Ту» есім сөзіне жақын сөздер

А.босану;

В.бекіре;

С.байрақ.

9. «Ақшам жамырады» сөзінің мағынасы

А.Қараңғы түсті;

В.Таң шапағаты;

С.Таң атты

10. «Түртті» сөзіне тізбек бола алатын қатар:

А.түлен, сайтан, қол, ажал, көз, сор;

В.көз, қол, аяқ, бас;

С.түлен, сайтан ажал;

11.Әдеби тіл нормасына кірмейтін сөздер:

А.Варваризм;

В.Диалект;

С.Кәсіби сөздер

12. Оқулықта көрсетіліп, тиісті сөздікте тіркеліп отыратын норма:

А.Жазба тіл нормалары

В.Кітаби тіл

С.Әдеби тіл нормалары

Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

Қазақ тілі Мұғалім Уақыты: Кабинет
Сабақтың атауы Тіл табысуға қажетті коммуникациялық дағдылар
Мақсаты Тіл табысуға қажетті коммуникациялық дағдылар туралы түсінік
Көрнекілігі Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Топқа бөлу Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Мейірімділік» тренингі.
— оқушылар «мейірімділік» сөзі туралы өз ойларын айтады
— сурет салады
өз ойларын ортаға қорғайды
Сабақтың барысы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Үй тапсырмасын сұрауҚызығушылықты ояту І тапсырма. Фонологиялық талдау үлгісімен таныстыру. 

ІІ тапсырма.  С.к.т 6- жаттығу.

Іскерлік, еліктегіш, бейімдеуші деген сөздерге үлгі бойынша фонологиялық талдау жасау.

ІІІ тапсырма.  Мәнерлі сөздің мәнін ұқ

7- жаттығу.

1. Мақалдарды жаттап алыңдар.

2. Қарамен жазылған сөздерді үлгі бойынша талдаңдар.

3. Тілге байланысты білетін мақал-мәтелдерді еске түсіріңдер, дәптерлеріңе жазыңдар.

1. Тіл-буынсыз, ой-түпсіз

2. Өзен тауымен көрікті,

Өріс малымен көрікті.

3.  Көп ішінде сөйлеген-

Көсемдіктің белгісі.

Көпке сөзі ұнаған-

Шешендіктің белгісі.

4. Сөз қадірін білмеген

Өз қадірін білмейді.

5. Тамақты асығып ішпе түйілерсің,

Сөзді асығып сөйлеме, күйінерсің.

ІУ тапсырма           Даналық ойдан дән ізде.

№1 тапсырма

1. Мәтіннің мазмұнына сай ойларыңды қосып әңгімелеңдер.

2. Ана тіліне байланысты тағы қандай ақын –жазушылардың шығармаларын білесіңдер?

3. Ана тілі туралы ой толғаңдар.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. «Тіл табыса білу» ұғымын қалай түсінесіңдер?

2. Тіл табысуға қажетті құралда?

3. Тілдің көмекші құралдарына не жатады?

4. Тіл табысуға қажжетті қандай қағидаларды білесіңдер?

5. Әңгіме барысында қандай тіркестерді қолдануға болмайды?

6. Қандай сөз орамдарын қолданған тиімді?

«Тіл табыса білейік» эссе

Мағынаны тану
Ой толғаныс БББ кестесі

Білемін Білдім Білгім келеді
 
Бағалау Бағалау парақшаларымен жұмыс
Үйге тапсырма Оқулықтағы тапсырмаларды орындау Күнделіктеріне жазады

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here